Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Мен және табиғат. К дыбысы мен әрпі

Сауат ашу 1 сынып
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тыңдалым және айтылым
Сабақтың тақырыбы: Мен және табиғат. К дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
1. 1. 7. 1. Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
1. 18. 1. Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту
1. 1. 9. 1. Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Сабақтың мақсаттары
Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Өз бетінше қорытынды шығарып, талдап, алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері: Сөздер мен сөйлемдерді дұрыс айта алады. Өз білімдерін көрсете алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін талдай алады.
Құндылықтарды дарыту: Үлкенге құрмет, кішігі ізет көрсету жолдары, рухани - адамгершілік тәрбиесі және оқушыларды бір - біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары: Аудиожазба, таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік: Мен және табиғат. К дыбысы мен әрпі.

Бастапқы білім: Сөздегі дыбыс түрлерін ажыратады. Оқу түрлерін қолданады. Ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (ертегі, өлең, әңгіме) ажыратады. Мәтінде автордың (кім, не) туралы айтқысы келгенін түсінеді.
Сабақ барысы
Сабақтың басы (3 минут)
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық тренинг«Жүректен жүрекке»
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Қайырлы күн қонақтар,
Қайырлы күн ұстазым.
Жарқырайды күніміз,
Шашып бізге шапағын,
Тілейікші ақ таңның,
Қуанышын шаттығын.
– Балалар, бір - біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Дескрипторлар
- түс таңдайды
- топқа бөлінеді, таңдаған түстерін топта үш тілде айтады
- топ басшысын сайлайды
- тапсырманы топта талқылайды
Топқа бөліну.
Сары түстер - І топ
Жасыл түстер - ІІ топ
Көк түстер - ІІІ топ
Қызыл түстер - ІV топ

5 минут
Жетістік критерийі:
- Сөздерді сөйлемдерді дұрыс айта алады.
- Дұрыс сәйкестендіреді.
- Өз білімін көрсете алады.
- Түсінгенін талдай алады.
Дескрипторлар:
1 - топ жазылған сөздерді тиісті вагондарға апарады.
2 - топ Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді табады.
3 - топ сөздерге тиісті әріптерді қояды.
4 - топ сөздерді қарсы мағынасына қарай сәйкестендіреді.

«Тосын сый» тапсырмалары арқылы сабақ тақырыбын ашу.
1. 4 топқа түрлі тапсырма жазылған тосын сый тапсырмасы таратылады. Бұл жерде оқушылар
«Детектив» әдісі бойынша нақты сұраққа жауап беретін сөздерді тауып, сөздерді мағынасына қарай және сызбасына қарай сәйкестендіреді.
- Балалар, тапсырмаларда қай әріпке байланысты сөздер кеңінен қолданылды?
- Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: К әрпі мен дыбысы
2. «Белсенді әрекет» арқылы оқушылар экраннан шашыраған сөздерді тауып оқиды және кейбір сөздерді үш тілде айтады.

«М. Әуезов орта мектебі» КММ
Мұғалім: Арай Мұратқызы Изетова

Мен және табиғат. К дыбысы мен әрпі. жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, табиғат, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету