Сайтқа кіру Тіркелу

2, 3, 5, 9, 10 бөлінгіштік белгілері

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Натурал сандардың бөлінгіштігі (5 сынып)
Сабақ тақырыбы: 2, 3, 5, 9, 10 бөлінгіштік белгілері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 5. 1. 2. 5 - натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік белгілерін қолдану.
Сабақ мақсаттары: Оқушылардың барлығы: натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік белгілерін анықтайды;
Оқушылардың басым бөлігі: натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік белгілерін қолданады;
Оқушылардың кейбіреулері: натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік белгілерін мәтіндік есеп шығаруда қолданып, түсіндіре алады.
Бағалау критерийлері: 1. Натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік белгілерін анықтайды;
2. Натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік белгілерін қолдана отырып, есептер шығарады.
Тілдік мақсаттар: Оқушылар:
- натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік белгілерін анықтап, айта алады.
- натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік белгілерін тұжырымдап, жаза алады
- бөлінгіштік белгілері, санның бөлінгіштігі, қосылғыштар разрядтары, жұп сандар, тақ сандар, жұп сандар, тақ сандар, әріпті өрнек.
- Егер...., онда...
Құндылықтарды дарыту

Зайырлы қоғам және руханият құндылығы бойынша топтық жұмыста бір - бірін құрмет, ынтымақтастық және достық қарым - қатынастарын бойларына сіңіреді. Өзара бағалау бойынша өзгенің көзқарасына құрметпен қарау құндылығы қалыптасады.
Пәнаралық байланыстар: Қазақстан тарихындағы «Алтын адам мен» және «Ботай мәдениетін» біле отырып, сандық жазылуындағы бөлінгіштік белгілерін анықтауда тарих пәнімен байланыстыру.
Бастапқы білім
Натурал санның бөлгіштері мен еселіктері; Жай және құрама сан; Бөлінгіштіктің негізі қасиеттері

Сабақтың басы (6 мин)
- оқушылардың ойларын шоғырландыру;
санау арқылы «Жұп сандар» және «Тақ сандар» топтарына бөлу.
«Сократ шебері» әдісі бойынша оқушылар бір - біріне сұрақ қою арқылы «Натурал санның бөлгіштері мен еселіктері», «Жай және құрама сан», «Бөлінгіштіктің негізі қасиеттері» тақырыптарға шолу жасау.
Кері байланыс: Топтар өздерінің атауларына қысқаша анықтама беріп өтеді.

Сабақтың ортасы (30 мин)

(Ж) Жаңа сабаққа кіріспе
Мақсаты: «Миға шабуыл» стратегиясы арқылы оқушыларға сабақ тақырыбын, мақсатын өздері ашуына бағыттау.
1. 12034; 4320; 13271; 502025; 373819; 63633 сандарының арасынан 1) жұп цифрға; 2) тақ цифрға аяқталатын сандарды теріп жазыңдар.
2. 1) жұп цифрлармен; 2) тақ цифрлармен жазылған бір таңбалы сандар 2 санына бөлінеді ме? Тексеріңдер.
3. 2 мен 5 - ке еселік болатын сегіз сан жазыңдар. Жазылған сандардың бірлік разрядында қандай цифр бар? Осы сандар 2 - ге, 5 - ке бөлінеді ме? 2 - ге, 5 - ке бөлінетін сандар қандай цифрмен аяқталады?
4. 1) 5 санына, 2) 10 санына бөлінетін 34 санынан үлкен, бірақ 51 санынан кіші екі таңбалы сандар қандай цифрлармен аяқталады?
ҚБ: «Басбармақ» әдісі арқылы

1 - тапсырма
Мақсаты: «Конверттегі сұрақ» әдісі бойынша оқушылардың білімдерін анықтау.
Қалыптастырушы дағдылар:
 Ойлау, шешім қабылдау;
 Еркіндік, дербестік.
Жұмыс алгоритмі:
а) 971, 5042, 973, 980, 3401, 2600 сандарының қайсысы 2, 5, 10 сандарына қалдықсыз бөлінеді?
б) 46* үш таңбалы санындағы жұлдызшаның орнына қандай цифр қойғанда шыққан сан 2, 5, 10 сандарының әрқайсысына қалдықсыз бөлінеді?
с) Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін қай жылы алды және биыл неше жыл толады? Бұл сандар 2, 5, 10 сандарының қайсысына бөлінеді?

Мектеп: КММ МГ №95
Мұғалімнің аты - жөні: Купеева Жанар Балпановна

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Натурал сандардың 2, 3, 5, 9, 10 сандарына бөлінгіштік белгілері

Натурал сандардың 2, 3, 5, 9, 10 сандарына бөлінгіштік белгілері

Білімділік: Натурал сандардың 2, 3, 5, 9, 10 бөлінгіштік белгілерін тез есептеуде, мәтін есептерді шығаруда, дәлелдеуде орынды, жүйелі қолдана білуге...
Жай сандар, құрама сандар 5 сынып

Жай сандар, құрама сандар 5 сынып

Сабақтың мақсаты: 1) Жай сандар және құрама сандарды ажырата білуге үйрету....
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері

Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері

Натурал санның бөлгіші мен еселігінің анықтамасын біледі. Сандардың бөлгіштері мен еселіктерін таба алады Натурал сандардың ортақ еселіктері мен...
Натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке және 10 - ға бөлінгіштік белгілері

Натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке және 10 - ға бөлінгіштік белгілері

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке және 10 - ға бөлінгіштік белгілерімен таныстыру; Дамытушылық: Натурал сандардың 2 -...
Математикадан графикалық диктанттар жинағы

Математикадан графикалық диктанттар жинағы

Ақтау қаласы, Дайындаған: математика пәні мұғалімі Сарсенова Әдемі Махтумбердіқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×