Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Жай бөлшек. Жай бөлшекті оқу және жазу.

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Жай бөлшектер. (5 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшек. Жай бөлшекті оқу және жазу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
5. 1. 1. 9 Жай бөлшек ұғымын меңгерту.
5. 5. 3. 1 Жай бөлшектерді оқу және жазу.
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: жай бөлшектердің анықтамасын өз сөзімен айта алады, жай бөлшектерді оқи және жаза біледі;
Оқушылардың басым бөлігі: шамалардың бөлігін жай бөлшектің көмегімен көрсете алады.
Оқушылардың кейбіреулері: фигураларды тең бөліктерге бөле алады және боялған бөліктерін жай бөлшекпен жаза алады.
Бағалау критерийі: Жай бөлшектің анықтамасын біледі.
Оқушылар жай бөлшекті және оның компоненттерін анықтайды.
Бөліндіні бөлшек және бөлшекті бөлінді түрінде жазады.
Тілдік мақсаттар:
Оқушылар жай бөлшектердің анықтамасын тұжырымдай алады, жай бөлшектерді оқи алады.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: «бөлшек», «бөлшектің алымы», «бөлшектің бөлімі», «бөлшек сызығы».
Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер: Жай бөлшектің алымы мен бөлімі нені білдіреді? Кез келген n және m сандары үшін m: n=m/n теңдігі орындалады. Екі натурал санның бөліндісін жазу тәсілдері қандай? Натурал санды жай бөлшекпен жазуға бола ма?
Құндылықтарға баулу Зайырлы қоғам және руханият құндылығы бойынша топтық жұмыста бір - бірін құрмет, ынтымақтастық және достық қарым - қатынастарын бойларына сіңіреді. Өзара бағалау бойынша өзгенің көзқарасына құрметпен қарау құндылығы қалыптасады.
Пәнаралық байланыс Қоғамдық гуманитарлық пәндер оқушылардың тілдік қорын дамыту. Тұжырымдама жасауда қолдану. Информатика. АКТ - мен байланыс.
Тақырып бойынша алдыңғы білім
5. 1. 1. 7ортақ бөлгіш, ең үлкен ортақ бөлгіш (ЕҮОБ), ортақ еселік, (ЕКОЕ) ұғымдарының анықтамасын білу.
5. 1. 2. 12 Екі және одан да көп сандардың ЕҮОБ, ЕКОЕ табу
5. 1. 1. 8 Өзара жай сандардың анықтамасын білу.
5. 5. 2. 2 Мәтін есептерді шығаруда ЕҮОБ, ЕКОЕ қолдану

Сабақтың басы (7 мин)
Білу
Оқушылар топқа геометриялық фигуралар арқылы бөлінеді. «Шаттық шеңбер» әдісі бойынша оқушылар бір - біріне бүгінгі күнге сәттілік тілейді, сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Топ ережесін құрайды. Топ басшысы анықталады, бағалау парағы таратылады (критерий бойынша). Өткен сабақты қалай меңгергендігін білу мақсатында интерактивті тақтаның көмегімен «Сәйкестікті тап» 10 тапсырмадан тұратын тест беріледі.
Мақсаты: Оқушылар алдыңғы білімдерін пысықтайды. Нені біледі, осы сабақтың алдында нені білулері керек екенін түсінеді. Оқушылар өз - өздерің «Бағдаршам»арқылы бағалайды.

Сабақтың ортасы (29 минут)
Түсіну
Жаңа тақырыпты анықтау мақсатында «Қазынаны іздеуі» әдісі, оқушыларды сың тұрғысынан ойлауға жетелейді. Өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстыру үшін оқушылар «БББ» кестесін толтырады, табыс критериийін құрады және сол мақсатқа жетуге талпынады. Оқушылар бірлескен топтарда топтық жұмыстарда бірін - бірі қолдайды. Жаңа сабақ bilimland. kz сандық ресурсы арқылы түсіндіріледі.
Жаңа тақырыпты практикада қолдану мақсатында қажеттіліктері әртүрлі оқушылар үшін тапсырмалар сараланып беріледі. Оқушылар «Джигсо» стратегиясы бойынша бөлінеді.
А деңгейіндегі тапсырмалар.
1 тапсырма.
3/4; 5/6; 3/7; 4/9; 8/5; 91/100 бөлшектерінің әрқайсысының алымы мен бөлімің атаныз, олар нені білдіретінің түсіндірініз.
Дескриптор:
- жай бөлшектің алымын атайды.
- жай бөлшектің бөлімін атайды.
- жай бөлшектің алымы мен бөлімі нені білдіретінің түсіндіреді.
2 тапсырма. Суретте тең бөліктерге бөлінген фигуралар көрсетілген. Әр бір фигураның қанша бөлігі боялғаның және қанша бөлігі боялмағаның анықтаныз.

Қолдану
Дескриптор:
- әр бір фигураның боялған түсіне сәйкес келетін бөлшектерді жазады.
- әр бір фигураның боялмаған түсіне сәйкес келетін бөлшектерді жазады.
3 тапсырма. Жай бөлшектерді жазыныз:
Алтыдан бес, он үштен сегіз, отыз сегізден үш, қырықтан он бір, тоқсан жетіден жиырма, үш жүзден жүз алпыс екі.
Дескриптор: - жай бөлшектерді жазады.
Топтар бір - бірін «Аялдама» әдісімен тексеріп, «Бас бармақ» арқылы бағалайды.
Оқушылардың көпшілігі В деңгейіндегі тапсырмаларды орындайды.

Талдау
Жұптық жұмыс
Мақсаты: Шамалардың бөлігін жай бөлшектің көмегімен көрсете алу дағдысын тексеру.
4 тапсырма. Бөлшек түрінде жазыныз.
А) 1 дм метрдің қанша бөлігіне тең?
Ә) 16 кг тоннаның қанша бөлігіне тең?
Б) төрт ай бір қанша бөлігіне тең?
Г) үш минут бір жылдың қанша бөлігіне тең?
Дескриптор:
- өлшем бірлік түрлерін қолданады.
- берілген тапсырмаларды жай бөлшек түрінде жазады.
Табыс критерийі арқылы жұптар бірін – бірі бағалайды.
Күрделігіне қарай алға ілгерілеп отыратын тапсырмалар бар. Көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін (қарқын) үшін С деңгейіндегі тапсырмалар бағалау критериилері бойынша жеке бағаланады. Мұғалім тарапынан ынталандырып жұлдызшалар арқылы жеке бағаланады.
5 тапсырма. Берiлген фигураларды дәптерге салып, 1/6 бөлiгiн бояңдар.
Жеке жұмыс

Мектеп: КММ МГ №95
Мұғалімнің аты - жөні: Купеева Жанар Балпановна

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету