Сайтқа кіру Тіркелу

Фразеологизмдер топтамасы

«Фразеологизм» термині әртүрлі типтегі бірнеше тіркестерді қамтиды. Олар: атауыш қызметінде қолданылатын идиомалар (ізін суытпай, ақ қарға) ауыз әдебиетінде қалыптасқан мақалдар мен мәтелдер және жеке адамдардың авторлық немесе белгісіз әдеби шығармалардан алынған, немесе ауызша айтылған қысқа нұсқалы нақыл сөздер.

«Өзім ту­ра­лы» өле­ңінің мағынасы

Қ. Аманжолов поэзиясы өршіл романтизм, биік пафос, азаматтық идеясының айқындығымен ерекшеленеді. Ақынның «Өзім туралы» өлеңі өзінің өткен өміріндей, өмірлік кредосындай. Ол осы өлеңі арқылы келер ұрпаққа сыр айтып, өсиет қалдырып кеткен

«Қаһар» романы туралы. Шығарманың тілдік ерекшелігі

Ілияс Есенберлин қазақтың ұлттық санасының оянуына, тарихи зердесінің жаңғыруына өлшеусіз үлес қосты. Егер ол ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүрсе, сөз жоқ, Алаш қозғалысының жуан ортасында жүрер еді. Кейде ол менің көзіме кешегі Ахмет пен Әлихан, Міржақып пен Мағжанның сарқыты сияқты болып көрінетін. Өз ұлтын жан - тәнімен сүйген Ілекең тәуелсіздік таңын көре алмай, арманда кетті.

«Бесатар» повесі немесе қызыл империяға қарсы атылған оқ

Асқар Сүлейменовтің «Бесатар» повесі басты мәселені образ арқылы астарлап жеткізетін аллегориялық стильде жазылған. Шығармаға «Бесатар» деген атау беру арқылы автор оқырмандарды бірден соғыс, қару - жарақ жұмсалатын оқиғаға дайындайды.

Зат есім

Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды.

Сын есім

Сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр - реңін) және басқа сол сияқты сыр - сипаттарын білдіретін лексика - грамматикалық сөз табын айтамыз.

Сан есім

Сан есім - заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы. Сан есім жеке айтылғанда абстракт сандық ұғымдардың атауы болатындықтан, нақты мағыналары басқа сөздермен қарым - қатынасқа түсу кезінде, оларды сан жағынан анықтау барысында айқындалады.

Есімдік

Есімдіктер - заттың атын, сынын, санын, олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табы.

Үстеу

Үстеу заттың әр қилы қимылы мен ісінің (етістіктің) әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік және күй - жайларын және сынның белгісін білдіретін сөз табы.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×