Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Сапалық және қатыстық сын есімдер

Сапалық және қатыстық сын есімдер.
Қазақ тілі 6 сынып
Сілтеме: Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Презентация, интерактивті тақта, оқулық, жұмыс дәптері, ресурс, семантикалық карта, бағалау, стикер
Жалпы мақсаттар а) білімділік: сын есімнің мағыналық түрлерінің ережесін меңгерту, мысалдармен дәлелдеп көрсету, ажырата алуға үйрету;
ә) дамытушылық: оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, есте сақтау қабілеттерін арттыру, тіл байлығын, сөздік қорын молайту;
б) тәрбиелік: оқушыларды өзара сыйластыққа, басқаның көзқарасын тыңдай білуге тәрбиелеу;
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың өтілу әдісі: сұрақ - жауап, Венн диаграммасы

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
Тренинг: "Керемет"
Топқа бөлу
Түстер арқылы топқа бөлу (қызыл, сары, жасыл, көк)
Үй тапсырмасын сұрау
«Зымыран сұрақтар» әдісі
1. Сын есім дегеніміз не?
2. Тұлғасы жағынан сын есім нешеге бөлінеді?
3. Негізгі сын есім дегеніміз не?
4. Туынды сын есім дегеніміз не?
5. Сын есімнің құрамына қарай бөлінуі.
6. Дара сын есім дегеніміз не?
7. Күрделі сын есім дегеніміз не?
8. Сын есім жасайтын жұрнақтарды ата.

Қызығушылықты ояту
Тақтаға мына сын есімдерді жазып қою.
Әдемі қыз ----------- Өнерлі жігіт
Аласа үстел --------- Желсіз күн
Қызыл көйлек ------ Өткір пышақ
Ащы су -------------- Жазғы демалыс
Ауыр жүк ----------- Тәртіпті оқушы
Оқушылардан бұл сын есімдерді не үшін былай бөліп жазғанымды сұрай отырып, жаңа тақырыпты түсіндіру.
Мағынасына қарай сын есімдер сапалық сын есімдер және қатыстық сын есімдер деп екіге бөлінеді.
Заттың түр - түсін, сын - сапасын тікелей анықтайтын сын есімді сапалық сын есім дейміз. Мысалы: қызыл, сары, жасыл, көк, үлкен, биік, қысқа, ұзын, тәтті, ащы, қышқыл, жалпақ, қисық, домалақ, түзу;

Мағынаны тану
Сапалық сын есім. Заттың түр түсін, сын сапасын тікелей анықтайды.
Мысалы: ақ, ақшыл, қымбат, кербез;
Қатыстық сын есім. Заттың сын - сипатын, әр түрлі белгісін басқа сөз
табының қатысы арқылы білдіреді.
Мысалы: сымбатты, атты, мінезді, жүгіргіш, ойшыл, бойшаң;
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау
1 - топ: 98 - жаттығу (Сапалық сын есімдерді бір бөлек, қатыстық сын есімдерді бір бөлек, екі бағанға бөліп жаз)
2 - топ: 100 - жаттығу (Мәтіндегі ой желісіне назар аударыңдар. Салтанаттың бойындағы қасиеттерді білдіретін сөздерді теріп жазыңдар. )
3 - топ: Тірек сөз «Әсем үн» Жазылатын мәтінге жоспар құрып аламыз.
Жоспар
1. Раушан – сыйлы бала.
2. Ол – белсенді оқушы.
3. Таланттың жемісі.
4. Сыныбымыздың мақтанышы.

Әсем үн
Біздің сыныпта Раушан есімді қыз оқиды. Ол өте таза, тиянақты, сабаққа ынталы оқушы. Үнемі өзін - өзі күтіп, әдемі болып жүреді. Барлық қыздар соған ұқсағысы келеді. Барлығына мейірімді, тілалғыш. Достарының алдында беделді еді.
Мектепте «Екі жұлдыз» ән байқауы өткізілді. Раушан сынып жетекшімізбен бірігіп, айтулы сайысқа қатысты. Керемет, жанды дауыспен ән шырқады. Әр байқау сайын адал еңбекпен, қарсыластарының алды болды.
Талантты қыз сайыста жеңді. Сыныбымызды абыройлы атаққа көтерді. Әнші қыз атанды. Біз талантты, әсем үні бар, бұлбұлдай сайраған Раушан есімді қызбен мақтанамыз.
4 - топ: 101 - жаттығу
Үлгі:
Сапалық сын есім
Ескі үй, жесір әйел, керемет, шебер кісі, торқа орамал, үлкен орамал, әсем үй, кең аула, қызыл кірпіш.
Қатыстық сын есім
Сабан төбелі үй, керемет өнерлі, кестелі бұйымдар, кестеленген үлкен орамал, көк шатырлы аспан түстес көгілдір қабырғалы әсем үй, қызыл босағалы қақпа да алтын сырлы. жемісті ағаштар, әнші құстар, кестелеген орамал.
Сергіту сәті Бір сөзбен айтқанда.
1. 1. Қиыстырып, тауып сөйлейтін сөзге ұста адам (шешен)
2. 2. Айтқанға сене салатын, еш нәрсені байқамайтын адам (аңқау)
3. 3. Тез ашуланатын адам (ашушаң)
4. 4. Көрінгенге соқтыға беретін адам (ұрыншақ)
5. 5. Керексіз көп сөйлейтін адам (мылжың)
6. 6. Бойы ұзын адам (бойшаң)
7. 7. Әркімнің сыртынан жаман сөз айтып жүретін адам (өсекші)
8. 8. Бір сыныпта оқитын балаларды бір сөзбен айтқанда (сыныптас)
Ой толғаныс (шығармашылық жұмыс)
1 – топ: Венн диаграммасы арқылы сапалық сын есім мен қатыстық сын есімді салыстырады.
2 - топ: семантикалық карта

3 – топ: Сапалық сын есімдердің ерекшеліктерін топтастыру арқылы көрсетеді.
4 - топ: «Менің сыныбым» тақырыбында сын есім сөздерді қатыстырып мәтін құрау;

Сабақты бекіту:
«Өзімді - өзім сынаймын»
(Тест)
1. 1. Сын есім
а) заттың сынын білдіреді.
ә) заттың атын білдіреді.
б) заттың қимылын білдіреді.
2. Сапалық сын есімді тап
а) қорқақ
ә) білгіш
б) ашушаң
3. Сын есімнің сұрақтары.
а) не істеді?,
ә) қандай? қай?
б) қанша?, неше?
4. Жұмбақты шешіп, сын есімді тап.
Белі бүкір, алысқа түкір
5. 5. Туынды сын есімді тап
а) жалтыр
ә) тәртіпті
б) биік
6. Сын есімді тап.
а) кеше
ә) әлсіз
б) жүгірді
7. Негізгі сын есімді тап
а) таза
ә) әлсіз
б) кешкі
8. Қатыстық сын есімді тап.
а) заңгер
ә) ымырт
б) өнегелі
1. Сын есімнің мағыналық түрі қанша?
а) екеу
ә) алтау
б) бесеу
10. Дара сын есімді тап.
а) тап - таза
ә) ақ
б) өте жақсы

Үй тапсырмасы Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау 99 - жаттығу
Өз сыныптасыңды бейнелеп мінездеме жазу

Бағалау
Бағалау парақшаларын үлестіру.

Атырау облысы, Исатай ауданы,
Жанбай селосы, Х. Наубетов атындағы орта мектеп
ІІ деңгей бойынша сертификатталған, І санатты
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Кисамиева Улмекен Есқалиқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сын есімді қайталау

Сын есімді қайталау

Оқушылардың тілін, сөздік қорын, ой - өрісін дамыту; сын есімге байланысты тапсырмаларды шапшаң орындауға машықтандыру, мәнерлеп оқу дағдысын дамыту...
Сын есім 6-сынып

Сын есім 6-сынып

Сын есім бойынша алған білімдерін бекіту, өтілген тақырыптарды қайталау. Оқушылардың тілін, сөздік қорын, ой - өрісін дамыту; сын есімге байланысты...
Зат есімнің жасалуына жаттығу жұмыстары

Зат есімнің жасалуына жаттығу жұмыстары

Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы № 4 Хромтау орта мектебі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Касенова Жанагул Амангосовна...
Тест жұмысы

Тест жұмысы

Өскемен қ, №36 орта мектептің қазақ тілі мұғалімі Алимханова Дина Жиенбекқызы Тест жұмысы (сан есім) 1. Есептік сан есім нені білдіретінін...

"Сөз таптары"

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, № 8 облыстық арнаулы - санаториялық мектеп – интернаттың тәрбиешісі, бастауыш сынып мұғалімі Қаржаубаева Шынар...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету