Сайтқа кіру Тіркелу

Қ.Жұмаділов. «Қаздар қайтып барады» әңгімесі

Сабақтың тақырыбы: Қ. Жұмаділов. «Қаздар қайтып барады» әңгімесі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы адам психологиясының ішкі сезім толғаныстарын суреттеуде жазушы шеберлігін оқушыларға таныту. Жазушының өз шығармасында ана тілінің бай қазынасын шебер қолданғандығын түсіндіру. Отанға, туған жерге деген махаббаттың мәнін түсіндіру.
Сілтеме 1. Әдістемелік нұсқаулық
2. Оқулық 8 - сынып Алматы «Арман - ПВ»2016
3. Интернет материалдары
Күтілетін нәтиже Тақырыптың мазмұнын түсіну арқылы психологиялық сенім қалыптасады. Сыни ойлау арқылы танымдық қасиеттері дамиды, шығармашылық дағды қалыптасады.
Оқушылар өз білімдерінің деңгейін өздері бағалайды.
7 модульдің қолданылуы АКТ, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер Миға шабуыл, «Рөлдегі оқушылар», «Фишбоун», «Академиялық дау - дамай» әдістері, Салыстыру кестесі, «БҮҮ» кестесі
Қолданылатын ресурстар Интербелсенді тақта, флипчарт, маркерлер, стикерлер, ноутбук
Ұйымдастыру кезеңі
1. Психологиялық орта қалыптастыру.
(Интербелсенді тақтадан Құрманғазының « Сарыарқа» күйінің әуенімен туған жер, туған ел, табиғат суреті көрсетіледі).
2. Ән: «Қаздар қайтып барады»
Оқушыларды «Қаздар қайтып барады» әнінің шумақтары бойынша 3 топқа бөлу.

Сабақ кезеңдері Тапсырма Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушылардың іс - әрекеті
Білім

«Миға шабуыл» әдісі бойынша сұрақ - жауап Үйге берілген тапсырманы сұрақ - жауап арқылы диалогқа түсіру.
Слайдта берілген сұрақтарға жауап беру, топпен тапсырманы орындау Өткен тақырыптар бойына сұрақтарға жауап береді, топпен өз білімдерін көрсетеді
Түсіну І тапсырма: «Рөлдегі оқушылар»

«Фишбоун» әдісі 3 топқа тапсырма береді:
1 - топ – баяндаушы
2 - топ – зерттеуші
3 - топ – тарихшы
Тақырыбы: «Қандастарымыздың басқа елге көшуі»
Баяндаушы топ әңгіменің мазмұнын айтады.
Зерттеуші топ әңгіменің құрылысына талдау жасайды.
Тарихшы топ «Балық қаңқасы» тәсілімен әңгімені талдап, қорытынды жасайды.
Оқушылар ғаламторды пайдалана отырып, қандастарымыздың басқа елге көшу себептері мен дәйектерін келтіреді, тақтада қорғайды.
Талдау Салыстыру 1 - топ: Жат өлке мен туған өлкенің ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру.
2 - топ: Байтас қарттың өмірін бүгінгі оралмандар өмірімен байланыстыру, салыстыру.
3 - топ: Байтас қарт, жазушы, қаздар арасындағы байланысты айқындай отырып, ұқсастығы мен айырмашылығын табу. Әр топқа салыстыру парағы таратылады, сол арқылы салыстырады нәтижесін тақтаға шығып көрсетеді

Қолдану «Академиялық дау - дамай» әдісі
Тақырып: «Әңгіме кейіпкері арманына жетті ме?» Сабақты толық меңгерту мақсатында Топтар арасында пікірталас тудыру Оқушылар тақырып бойынша өз пікірлерін қорғайды, ол үшін конвертке салынған сұрақтар таратылады. Сұрақтарға нақты жауап береді, тақтаға шығып тапсырманы қорғайды
Сергіту сәті «Қара жорға» биіне жаттығу жасау Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау Интербелсеңді тақтадағы бейнероиктегідей жаттығулар жасайды.
Жинақтау «БҮҮ» кестесі Тарау бойынша білімдерін жинақтау үшін әр топқа тақырып төңірегінде тапсырма беру 1 - топ: Тақырып бойынша «БҮҮ» кестесін толтырады.
2 - топ: Әңгіме құрылысына талдау жасайды.
3 - топ: Байтас қартқа хат жазу
Әр топ өзара тақырыпқа қатысты өз ойларын жинақтайы, ортаға шығып оқиды
Бағалау «Бағдаршам»
«Басбармақ»
«Сауалнама» әдістері Тапсырманы дәптерге жазғызу.
Бағалауды басқару
Жауаптарын қабылдап, бағыт беру Өзін - өзі, бір - бірін, топтарды бағалайды, талқылайды. Өз пікірін айтады.

Рефлексия
«Смайликтер диаграммасы»
Үйге тапсырма: «Туған жер – алтын бесігің» тақырыбына эссе жазу. Интерактивті тақтадан «Смайликтер диаграммасын» толтыруды ұсыну
Оқушылар интерактивті тақтада «Смайликтер диаграммасы» арқылы кері байланыс жасайды

№3 Қ. Қошмамбетов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дуржанова Бибисара Қалиасқарқызының қысқа мерзімді сабақ жоспары
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×