Сайтқа кіру Тіркелу

Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»

Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»
Қазақ әдебиеті, 9 - сынып
Балалар, төмендегі бос орындарға жауап жазыңдар.
(асты сызылған курсив сөздердердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)

Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне:
І кезең. Мұғалім алғашқы 5 - 7 минутта:
а) ұйымдастыру сәтін өткізеді;
б) өткен тақырып бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды үйде аяқтап орындап келу дәрежесі тексеріледі; в) төмендегі «Көпір» тапсырмаларын тексереді (алдымен жеке тексеріп шығады, сосын фрондалды тексереді).

«Көпір» тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары
1. Ежелгі дәуір әдебиеті қай кезеңдерді қамтиды?
Ж: VІ - ХV ғасырлардағы әдебиет қамтылады.
2. Ежелгі дәуір әдебиеті құндылықтарына, ескерткіштеріне жататын шығармаларды ата?
Ж: Орхон ескерткіштері: «Алып ер Тоңға» дастаны, «Атилла» дастаны, «Оғыз қаған» дастаны, Күлтегін жырлары, «Қорқыт ата» кітабы, сондай - ақ Мұхамед Хорезми, Әбу Райхан әл - Бируни, Махмуд Қашқари, Ахмет Йасауи, Сүлеймен
Бақырғани, Жүсіп Баласағұн еңбектері мен қыпшақ тілінде жазылған «Кодекс куманикус», «Махабатнама», «Жүсіп пен Зылиха», «Гүлстан», «Домбауыл» т. б. қиссалар, дастандар, шежірелер жатады.
3. Не себепті ежелгі дәуір әдебиетін түркі халықтарына да, қазақ халқына ортақ дейміз?
Ж: Себебі түркі халықтарының арғы тегі осы түркі тайпаларынан тараған, сондықтан ол құндылық барлығымызға ортақ болып есептеледі.
4. Ежелгі дәуір әдебиетінде сопылық ілімді ұстанған кім?
Ж: Қожа Ахмет Йасауи

ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.

1 - қадам: теория бойынша «Білу» үшін тақырып мазмұнынан кім? Не?
кімнің? кімге? кімді? кімде? кімнен? кіммен? Қандай? Қай? Қашан? Не істеді? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктелінуі керек..
Бос орындарға қажетті сөздерді жаз:
Қожа Ахмет Йасауи ХІ - ХІІ ғасырда өмір сүрген, мұсылман дінінің атақты қайраткері, философ, ғұлама ғалым, ақын. Ол Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан (Йасы ) қаласының маңындағы Сайрам (Исхиджап) қаласында дүниеге келген. Жеті жасынан Арыстан бабтың шәкірті болып, он жасынан он жетіге дейін мұсылман ілімін оқып, жетік меңгереді. 1110 жылы жиырма жеті жасында Бұқар қаласына оқуға аттанады. Мектеп жетекшісі Хамаданиді өзіне пірім деп таниды. Осы мектептен мұсылман ілімінің сатыларын меңгереді, отыз алты жасында (сопылық – мұсылман дінінің «суфизм» деп аталатын ағымы) оқуын аяқтайды. Йасауи өзінің сопылық ілімін түркі тілінде жүргізді. «Алла тағалла араб тілін белгілеген деген» пікірге қарсы шығып, адам Алламен қай тілде де сөйлессе де адал көңілден, ақ ниеттен шыққан сөз өзінің мұсылмандық мәнін жоймайды деген пікір айтқан. А. Йасауи сопылық - философиялық дүниетанымдарын өзінің «Диуани хикмет» (Даналық кітабы) еңбегінде жариялаған. Бұл еңбек түркі тілді халықтардың ХІІ ғасырда дүниеге келген әдеби ескерткіштердің бірі саналады, сонымен бірге ол қазақ әдебиетінің де нұсқасы болып табылады. Өйткені «Диуани хикмет» - түркі халықтарының оғыз - қыпшақ тілінде өмірге келген әдеби туынды. Йасауи бұл қолжазбаны 63 - 73 жас аралығында жазған, өз ойларын өлең түрінде бір жүйеге түсірген. Барлығы - 149 хикмет жыр.

2 - қадам: теорияны «Түсіну» үшін неге? неліктен? себебі? не үшін? Дәлелде, түсіндір сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады (оларды тереңдету үшін)
Себебін анықта:
1. Ахмет Йасауи неліктен 63 жасында қылуетке түсті?
Ж: Ол – жарық дүниеден қол үзіп, жер астында жеке - дара өмір сүру арқылы бұл дүниенің күнәларынан бойын аулақ ұстау, тазалану, осы арқылы Алла тағалаға жақындау, шын берілу жолын көрсету.
2. Адам өмірінің мәні мен мұраты неліктен білім мен махаббатта деп айтты?
Ж: Адам өмірде бір нәрсеге шексіз берілу арқылы яғни махаббатпен істегенде ғана жетуге болатынын айтады, яғни білімге деген шексіз берілу мен махаббат болмаса ешнәрсеге қол жеткізе алмайтыны туралы айтқан.
3. «Өлмек бұрын жан түзетудің дертін таптым» деп нені айтты?
Ж: Бұл сөзі арқылы өзінің артына қалдырған мұрасы «Даналық кітабы» туралы айтқан.
1. «Даналық кітабы» қай тілде жазылған және қай ғасырдың жәдігері?
Орта Азия мен Қапшақ даласының түркілеріне түсінікті болсын деп Шағатай (қыпшақ) тілінде жазылған. XII ғасырдын бері сақталған әдеби жәдігер.
4. «Диуани хикметті» зерттеген ғалым кім және нұсқалары туралы не білесің?
А. Йассауи хикметтерінің тілін ұзақ жыл зерттеген көрнекті ғалым А. К. Боровков.
Алғашқы түпнұсқасы сақталмаған. Көшірмелері Қазанда 1987 жылы және
1901 жылы Стамбулда, Шымкентте 1902 жылы басылып және 1911 жылы жеке кітап болып шықты.

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Ибрагим Бегімхан Керімханұлы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×