Сайтқа кіру Тіркелу

Менің сүйікті әжем

Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті әжем.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды тақырып бойынша жаңа сөздермен таныстыра отырып, мәтін құрауға, сөздерді мағыналарына сәйкес дұрыс қолдануға дағдыландыру.
2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы адамгершілік қасиеттері, мейірімділікті, қайырымдылықты, қамқорлықты, кішіпейілділікті аша отырып, ауызекі сөйлеу дағдыларын, ой - өрістерін, тілдері мен белсенділік қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
3. Тәрбиелік: Қазақи мінез - құлық пен ілтипаттылықпен таныстыра отырып кішіпейілділікке, ынтымақта, бірлікте өмір сүруге, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуге ықпал ету.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы.
Сабақтың әдістері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, деңгейлік тапсырма, топпен жұмыс, талдау - жинақтау.
Көрнекілігі: слайдтар, тақырып төңірегіндегі бейнебаян, әсем оюлар.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, орыс тілі.

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіздер ме балалар, қонақтар! Қане балалар, барлығымыз қолымызды жүрек тұсына қойып, тып - тыныш тұрып Қазақстан Республикасының әнұранын тыңдаймыз.
1. ҚР Мемлекеттік әнұранын орындау
- Балалар, 1 - қазан халықаралық қарттар күні деп белгіленген. Қарт адамдарды мадақтап, мәңгі есте сақтау өсіп келе жатқан жастардың міндеті. Ол кісілерді ұмытпай, ақылдарын тыңдап, көмектесу бәріміздің міндетіміз. Осы бүгінгі сабақтың тақырыбымызды осы асыл да ардақты мерекемен ұштастыра отырып, сендерге ата – әжелеріңді сыйлап, аялап, оларға қамқор, көмекші болып жүретіндеріңе үлкен сенім артамын.
- Қане кім айтады ата деген кім өзі? (әкеміздің әкесі, анамыздың әкесі)
- Әже деген кім болады ендеше? (әкеміздің анасы, анамыздың анасы)
2. Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, зейіндерін сабаққа
аудару.
- Балалар, бүгін нешесі, аптаның қай күні?
- Бүгін қазанның он алтысы, сенбі.
-
Мұғалім:
- Мақсатымыз
- Міндетіміз

Оқушылар:
- білім алу
- еңбектену

3. Фонетикалық сәт.
Ын - ің ға - ге
Ал - ән он - өн
Ұн - үн қа – ке

4. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – «Менің сүйікті әжем», сабақтағы біздің мақсатымыз – жаңа сөздермен танысып, тіл байлығымызды молайту, тақырып бойынша ауызша байланыстырып сөйлеуге, сауатты жазуға жаттығу сондай - ақ әр түрлі тапсырмаларды орындау арқылы білімдеріңді жүйеге келтіріп, пысықтап бекітеміз.

ІІ Жаңа сабақ.
1. Кіріспе бөлім.
– Балалар, «ботам, жаным, күнім» деген әжелеріміз ең сүйікті де, мейірімін төккен жандар. Оларды үнемі мадақтап, сыйлап жүру сендердің міндеттерің. Әже деген Ұлы тұлға. Қазақ халқында әженің орны ерекше. «Әже» деген сөзді естігенде естеріңе не түседі?
- Әженің жылы құшағы.
- Әжемнің жылы сөзі.
- Әже мейірімі.
- Әжеммен дүкенге барғаным.
- Балалар, дұрыс айтасыңдар «әже» десе болды есімізге сыйқырлы, нәзік сезімді пенде келеді. Өткен сабақтарда айтылған осы асыл жан туралы мына бейне баянға назар аударайық. (Қарақат Әбділда. «Асыл әжем» бейнебаянынан үзінді).
- Оқушылар, бейнебаян кім туралы?
- Әже туралы.
- Ұнады ма?
- Бейнебаяндағы
- Ия, өте қызықты болды.
- Бейнебаяндағы кигіз үй қандай?
- Әдемі.
- Жарық.
- Көркем.
- Ішінде нелер бар?
- Сандық, кереует, кілем.
- Балалар, дұрыс айтасыңдар. Мен сендерге бүгінгі сабақтың тақырыбы Әже деген жанға жақын, кілемдердегі, қазақ халқының баспанасы кигіз үйдегі ою туралы біраз мағлұмат бергім келеді.

Ою қазақ жалқының ертеден келе жатқан әшекей өрнегі. Қазақ халқында әжелер ою ойып, киіз асқанды кәсіп еткен (интербелсенді тақта арқылы оюлы кілемдерді көрсету және түрлерімен таныстыру).
2. Негізгі бөлім.
Дәптермен жұмыс.
Тапсырма. Оқушыларға әсем оюлы кілем жасау керек. Сынып екі топқа бөлінеді. Әр топқа ойылған түрлі түсті ою және қағаз беріледі қағазға оюды жабыстырып кілем жасаулары керек. Екі топтан сайланып алынған көшбасшылар кезекпен шығып, топтары жасаған кілемдердің түрін, түсін айтып береді.
Тақтамен жұмыс.
- Балалар, өткен сабақта сөздік дәптерлерімізге қанадай жаңа сөздерді түсіріп, жаттап алып едік?
- Алыңыз, оқыңыз, ішіңіз, көріңіз, беріңіз, тыңдаңыз, жазыңыз, отырыңыз.
- Балалар, мынау сиқырлы ағаш. Бұл ағашта жемістердің көп түрлері өседі. Сиқырлы ағаштың жемістерін қазақша атасыңдар, тапсырма шығады.
Тақтада бейнеленген ағаштың жемістерін атап, берілген сөздерден сөз тіркестерін құрап айту керек.
Берілген сөздер: алыңыз, беріңіз, отырыңыз, тыңдаңыз, ішіңіз, оқыңыз.
( Теледидар, радио, орындыққа, қымыз, кітап, алма).

Сергіту сәті.
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел санайық, екеуміз.
Бас бармағым - атам
Балаң үйрек - әжем.
Ортан терек - әкем
Шылдыр шүмек - анам
Титтей бөбек - мен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.

Бекіту.
- Құрметті оқушылар, бүгінгі сабақты біз аяулы әжелерімізге арнадық. Әжеміз жүз жасасын, ауырмасын, әрқашан біздің қасымызда нұрын төгіп жүре берсін - деген игі тілекпен, алдыңғы сабақтардан жаттаған сүйікті әжелеріміз туралы өлеңдерімізді ортаға салайық. (Кезекпен өлең оқиды)

Шай қайнатып келейін,
Шекер салып, жан әжем.
Өзім құйып берейін.
Балдай тәтті бал әжем.

Менің атам
Жүзі жарқын, жаны ізгі
Жан бар ма екен атамдай,
Бірақ бала тәрізді
Тұрады әкем бата алмай

Менің әжем ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем
Ертегі айтып бер десең
Айтып берер тағы әжем.

Менің әжем, гүл әжем.
Алтын әжем, күн әжем
Апам үшін, мен үшін
Нағыз ана тілі - әжем

3. Қорытынды бөлім.
4. Бағалау.
ІІІ. Үйге тапсырма
14 - бет, 2 - тапсырма. Мәнерлеп оқу.

ІV. Қоштасу.
- Сау болыңдар!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×