Сайтқа кіру Тіркелу

Тәуелдік жалғау – окончание принадлежности

Менің Республикам Тәуелдік жалғау – окончание принадлежности

Өлеңді мәнерлеп оқыңдар. Қарамен жазылған сөздерге назар аударыңдар.
Менің Республикам
Тауды көрсең күн көзімен таласқан,
Аспан көрсең ай мен күнге жол ашқан.
Менің байтақ республикам таулары
Менің көгім – мөлдіреген сол аспан.

Дала көрсең көкжиекпен ұштасқан,
Көлді көрсең секілді бір түскі аспан.
Менің байтақ республикам даласы
Менің көлім теңізбен қол ұштасқан.

Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін
Көрсең ашық Алатаудың күндерін.
Жерінде гүл, көгінде күн бір жүзген
Ұлан байтақ Республикам бұл менің.
Сырбай Мәуленов
Назар аудар!

Тәуелдік жалғауы
Жекеше
Жақ-------Жалғаулары
І Менің - ым/- ім, - м
ІІ Сенің - ың/- ің,- ң
Сіздің - ыңыз/- іңіз, - ңыз/- ңіз
ІІІ Оның - ы/- і, - сы/- сі
Көпше
І Біздің - ымыз/- іміз,- мыз/- міз
ІІ Сендердің - лар/- лер, - дар/- дер, - тар/- тер+- ың/- ің, - ң
Сіздердің - лар/- лер, - дар/- дер, - тар/- тер+ - ыңыз/- іңіз, - ңыз/- ңіз
ІІІ Олардың - ы/- і, - сы/- сі
Жаттығу орындайық

1 – жаттығу. Кестедегі сөздерді сәйкестендіріңдер
Отаным -------Оның
Елі -------Сіздің
Еліңіз ------------Менің
Туған жерің ---------Олардың
Ордасы ------------Біздің
Елбасымыз---------- Сенің
2 – жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, тәуелдік жалғаулы сөздерді белгілеңдер.
Үш бақытым
Ең бірінші бақытым - халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

Ал, екінші бақытым - тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей - кейде дүниеден түңілсем де
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші - Отан деген,
«Кім мықты?» десе біреу Отан дер ем.
Оты сөнген жанғанда жан барсың ба
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.
Мұқағали Мақатаев

3 – жаттығу. Сөздерді жекеше түрде тәуелдеңдер.
Тау, күн, халық, бақыт, Отан.
Жақ-------------Тау
І Менің
ІІ Сенің
Сіздің
ІІІ Оның
4 – жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті жалғауды қойыңдар.
Қазақстан – менің Отан.... Бұл – сенің үй.... Мынау – оның жер.... Менің кітаб.... көк күсті. Олардың ауыл... үлкен. Біздің қала... да үлкен мұражай ашылды. Бүгін біз оның ауыл... на бардық.

5 – жаттығу. Берілген сөздерді құрамына қарай талдаңдар.
Берілген сөздер: Жерің, Отаным, еліміз, бақыты, тілім.
Үлгі: Жерің
Жер – түбір
ің – тәуелдік жалғау жекеше түрінің ІІ жағы

Тест тапсырмасын орындайық
1. Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз.
а) Отан
ә) Туған жер
б) Күнім
в) Бақыт
г) Аспан
2. Тәуелдік жалғауының жекеше түрінің ІІІ жағын көрсетіңіз.
а) Қаламыз
ә) Үйім
б) Кітабы
в) Бақыттары
г) Дастарқаным
3. Көп нүктенің орнына керекті жалғауды жазыңыз. Ол бізді өзінің үй... не шақырды.
а) – ым
ә) – ы
б) – сы
в) – і
г) – ің
4. Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз.
а) Барады
ә) Көрдік
б) Дәптер
в) Болашағың
г) Үй
5. Тәуелдік жалғауының көпше түрінің ІІ жағын көрсетіңіз.
а) Мектептерің
ә) Тілім
б) Аспаны
в) Бақыты
г) Келешегіміз
6. Көп нүктенің орнына керекті жалғауды жазыңыз. Біздің астана... Қазақстанның орталығында орналасқан.

а) - ың
ә) - міз
б) - ы
в) - ларың
г) - мыз
7. Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз.
а) Кітап
ә) Ойын
б) Көрдік
в) Жазуым
г) Сынып
8. Тәуелдік жалғауының жекеше түрінің ІІ жағын көрсетіңіз.
а) Көйлегім
ә) Қаламы
б) Орындықтарың
в) Тапсырмаң
г) Отаны
9. Көп нүктенің орнына керекті жалғауды жазыңыз. Менің сүйікті актер... Асанәлі Әшімов.
а) - мыз
ә) - м
б) - ым
в) - ім
г) – сы
10. Көп нүктенің орнына керекті жалғауды жазыңыз. Менің туған жер... – Қазақстан Республикасы.
а) - м
ә) - ың
б) - мыз
в) - сі
г) - ім

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×