Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Сағынады ақынды сыздап жүрек

Сағынады ақынды сыздап жүрек
Мақатаев Мұқағали Сүлейменұлы (1931 - 1976) – қазақтың әйгілі ақыны. Туған жері Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Шалкөде ауылы.
Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы. Балалық бал дәурені соғыста қаза болып, анасы Нағиман Мұқағалидың өкшесін баса туған үш ұлды өзі асырап жеткізген. Орта мектепті интернатта жатып бітірген Мұқағали еңбекке ерте араласып,
ауылдық кеңестің хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметкері,
жетіжылдық мектептің мұғалімі болады. Содан Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетіне орналасып, қаламгерлікке ден қояды. Мұнан соң
«Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962 - 1963), «Мәдениет
және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») 1963 - 1965, «Жұлдыз» (1965 - 1972) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972 - 1973) қызмет атқарады.
Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған
ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. «Ильич» (1964), «Армысыңдар достар» (1966), «
Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970), «Аққулар ұйықтағанда» (1973),
«Шуағым менің» (1975) атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді.
Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары. Осының бәрін Мұқағали жас дарынға тән қайталанбас шеберлікпен, тәңірдің таңдайынан төгілгендей поэтикалық мінсіз үйлесіммен, әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, өлмес өнер деңгейінде туындатып отырған.
Ол өз шығармалары арқылы қазақ поэзиясын жаңа биіктерге көтеріп, мазмұнын байытты.
Мұқағали поэзиясы тек өнер үшін туындаған өнер деңгейіндегі ғана құбылыс емес.
Оның өлмес өнері, қанатты поэзиясы қазақ халқының сезімін байытып, кісілігін биіктетіп,
парасатын кемелдендіре түсті.
Мұқағали аударма саласында да өзіндік шеберлік шалымымен толымды еңбектер тындыра алды.
Ол Дантенің «Құдіретті комедиясының» «Тамұқ» атты бөлімін, Шекспирдің «Сонеттерін»,
Уолт Уитменнің өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Біртуар дара дарын
Мұқағали Мақатаевтың қаламынан туған қанатты жырлар халқымен бірге мәңгі жасай бермек.

Мұқағалидың 650 - ден Астам еңбектері бар

Мұқағали поэзия сарайының есігін өзі ашып еркін төрледі, жыл асқан сайын өрледі....
(Мұзафар Әлімбаев)

Өскенде сәби анадан таусап қорегін,
Далада тәй - тәй саусағын жаяр көк егін.
Жерді – Анама,
Анамды Жерге теңедім.
Екеуінен де егіз ұқсастық көремін.

Мұқағали жастарды жақсы көрді, жастарға сенді. Және ол үміті ақталды.

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,
С. Датұлы атындағы №26 орта мектеп
Елубайқызы Райгүл

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету