Сайтқа кіру Тіркелу

Еріндік және езулік дауыстылар

Еріндік және езулік дауыстылар
Қазақ тілі пәні, 5-сынып

(асты сызылған курсив сөздердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады, оқушылар осы бос орындарды толтыруға тиіс)
І кезең. Мұғалім алғашқы 5 - 7 минутта) ұйымдастыру сәтін өткізеді;
б) «Көпір» тапсырмалары тексеріледі
Сұрақтарға жауап беру. Бос орындарға қажетті сөздерді қою.
1. Ашық және қысаң дауыстылар ненің қатысына қарай бөлінеді?
Ж: жақтың қатысына қарай бөлінеді.
2. Ашық дауыстылар қалай айтылады?
Ж: жақтың кең ашылуы арқылы айтылады.
3. Ашық және қысаң дауыстылар ненің қатысына қарай бөлінеді?
Ж: жақтың қатысына қарай бөлінеді.
4. Тілдің қатысына қарай дауыстылар қалай бөлінеді?
Ж: тілдің қатысына қарай дауыстылар жуан және жіңішке болып бөлінеді.
5. Сөздерге дыбыстық талдау жүргізу.

ІІ кезең (топтық жұмыс): жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.

1 - қадам: теория бойынша «Білу» үшін тақырып мазмұнынан кім? Не? Кімнің? Ненің? Кімге? Кімді? Кімде? Кімнен? Кіммен? Қандай? Қай? Қашан? Не істеді? Сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктелуі керек.
Бос орынға қажетті сөздерді қой. 1. Еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды еріндік дауыстылар деп атаймыз.
2. Езудің кейін қарай тартылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды езулік дауыстылар деп атаймыз.
3. Еріндік дауыстылар: о, ө, у, ұ, ү
4. Езулік дауыстылар: а, ә, е, э, ы, і, и.

2 - қадам: теорияны «Түсіну» үшін неге? Неліктен? Себебі? не үшін? Сұрақтары дәлелді, түсіндір сөздерімен бірге оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады (оларды тереңдету үшін)

Сұрақтарға жауап бер. Бос орынға қажетті сөздерді қой. Төменде берілген дауысты дыбыстарды неліктен еріндік дауысты дыбыстар дейміз?
о, ө, у, ұ, ү
Ж: себебі бұл дыбыстарды айтқанда ерін дөңгеленіп алға қарай созылады.
Төменде берілген дауысты дыбыстарды неліктен езулік дауысты дыбыстар дейміз?
а, ә, е, э, ы, і, и.
Ж: себебі бұл дыбыстарды айтқанда езу кейін қарай тартылады.

3 - қадам: теорияны «Талдау» үшін1. Салыстыр.
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4. Мысалдар келтір

Берілген дауысты дыбыстарды салыстыр, айырмашылығын тап.
О дауысты дыбысы
Ортақ белгілері
Ә дауысты дыбысы

Айырмашылық белгілері: еріндік дауыстылар еріннің дөңгеленуі арқылы жасалса, езулік дауыстылар езудің кейін қарай тартылуы арқылы жасалады.
Сөздің алдыңғы буынындағы еріндік дауыстылар кейінгі буындағы езулік
дауыстылардың айтылуына әсер етеді, оны өзіне қарай бейімдеп еріндік
дауыстыға айналдырады. Мысалы, құлын сөзі - құлұн болып, өнер сөзі өнөр
болып айтылады.

4 - қадам: теорияны «Жинақтау» үшін қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр, тағы с. с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады.
Еріндік және езулік дауыстылар туралы білгеніңді жинақта

Оқулықпен жұмыс (5 минут): төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына «Баға беруі» тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлексия жасауға, эссе жазуға арналған, практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады. Нәтижесі ауызша марапатталады.

Жамбыл облысы, Қордай ауданы,
Қордай ауылы № 3 Абай Құнанбаев атындағы орта мектебі КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Болатбек Динара Болатбекқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×