Сайтқа кіру Тіркелу

Фариза Оңғарсынова туралы слайд

Фариза Оңғарсынова тулалы слайд
Оқы, өкінбейсің...
«Фариза апамыз поэзияға қанат қағып алғаш қосылған кезден бастап, бүгінгі қазақ поэзиясының падишасына айналып, бүкіл өмірін шығармашылыққа арнады» (Нұрсұлтан Назарбаев).

Фариза Оңғарсынова, ақын:
«Ел қатал деп жүрген мінезім – менің болат сауытым»
1939 жылдың 25 желтоқсанында Атырау облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында дүниеге келген.
1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркін қала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектебінде ұстаздық еткен.
1966 - 1968 жж. Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер болып істеген.
1968 - 1970жж. республикалық «Лениншіл жас» газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілші қызметін атқарған.
1970 - 1978жж. республикалық «Қазақстан пионері» журналының бас редакторы, 1978 жылғы желтоқсаннан «Пионер» журналының бас редакторы болып істеген

Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1958 жылдан бастап шыққан. Әр жылдары 20 - дан астам өлеңдер жинақтары, очерктері, таңдамалы шығармалары, «Біздің Кәмшат» повесі, аудармалары «Жазушы», «Жалын», «Молодая гвардия» баспаларынан жарық көрді.
Орыс, туысқан республикалар ақындарының, Чили ақыны П. Неруданың жырларын, кейбір драмалық шығармаларды қазақ тіліне аударған.
1984 жылы «Үйім менің отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлеңдері топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
Ленин комсомолы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғары Кенесінің Құрмет Грамоталарымен, «Құрмет Белгісі», «Парасат» ордендерімен марапатталған. Республика мәдени - ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болған. Халық жазушысы.
Суреттері көрсетіледі.
Ақынның әкесі Оңғарсын Иманғалиев (1895 – 1940)
Ақынның анасы Халима Бекейқызы (1900 – 1976)
Фариза апай анасы Халима, Інілері Асқар, Айвар және сіңлісі Алмагүлмен

1 том: Көрнекті ақыны Фариза Оңғарсынованың балғын бүлдіршіндерге арналған жинағына балабақша және бастауыш сынып балаларына арналған тақпақтар, тәрбиелік мәнді өлеңдері енді.
2 том: Орыс халқының қазіргі заманғы көрнекті жазушысы Валентин Распутиннің бұл шағын повесі — қалың оқырманның ілтипатына бөленген шығарма.
3 том: Қазақтың көрнекті ақыны Фариза Оңғарсынованың бұл кітабына халқымыздың мақал - мәтелдерін талдап, мағынасын түсіндірген шағын әңгімелері және ұлттық салт - дәстүрлеріміз жайлы балаларға пайдалы пікірлері енгізілді.

Ақын апамыздың әдебиет айдынындағы жаңашыл туындылары
“Дауа” кітабының негізгі мазмұндық идеясы - жастарға шығармашылық жол; яғни, соның ішінде, өзіндік ойымен өлең шығару дарындылығын пайдалану арқылы өз - өзіне кез - келген жаман ниетті арам істерден арылуға болатындығының дәйектемесі.

«Дауа» кітабы - Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті қазақ ақыны Фариза Оңғарсынованың бұл жинағы таңдамалы өлеңдерінен тұрады.

Бәрін, бәрін, білесің,
Оқи берсең кітапты,
- деп ақындар жырлағандай, кітап оқудан жалықпайық.
«Білім көзі кітапта» екенін әрдайым естен шығармайық.

Білімді кітаптан үйренеміз, білімсіз еңбек ете алмаймыз бүгінгі күнге шейін адам баласы білуі керек.
Көркем әдебиеттен үйренген адам жан - жақты ақылды, таланты, дарынды болуға көмектеседі.
Көркем әдебиетті оқи білу түсіну, есте сақтау, қабілеттерін арттырады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×