Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақ тілінен диктанттар жинағы №1

Алтын күз
Содан бері бір жылға тарта уақыт өтті. Тағы да міне, күз келіп қалды.
Жомарт күз! Береген күз. Алтын күз деп жылдың осы тамаша мерзіміне қастерлеп тағылмаған ат бар ма? Дарқан күзді тіліне тиек етіп жырламаған ақын - жазушы, күз бейнесі жүрегін толқытпаған суретші бар ма?
Күз тынысы, күз өңі, күз әуезі шабытына шабыт қосып, шалқытпаған нәзік жанды музыкант бар ма?
Жоқ, шынайы талант иелерінің арасында ондай көрбала соқырлардың болуы мүмкін емес.
Күз келгенін далада телегей - теңіз астық дариясының сары ала тартқан дидарына қарап білесің. Ал қалада да күзге салым жаппай сарғая бастайтын нәрселер бар. Күз келгенін қалада осыдан да байқауға болады. (100 сөз)

Жолда туған ойлар
Кешкі мезгіл. Түнерген аспан оқтын - оқтын жауып кетеді. Жаз шықса да күн жөнді жылынбаған. Вокзал басында сапырылысқан жұрттың ішінде жақ жүні үрпигендер көп. Қоңырау қағылды. Паровоз үні естілді. Вагонға кірдік. Самолетпен ұшуға дағдыланып, поезбен жүрмегелі бірсыпыра уақыт өткен. Кәрі тарланның таныс дүрсілін сағынсақ керек, құлаққа жағымды тиеді. Теңселе отырып, терезеге үңілудеміз… Аңқиып жататын екі Алматының арасы лық толы. Айсыз, бұлтсыз түндері аспанды безеген сансыз көп жұлдыздардай талай заманнан бергі қараңғы қаланы қараңғы түнде жыпырлаған электр шамдары жайнатып тұр. Көз қазіргіге түскенде, көңіл сонау алыстағыны елестетті… (85 сөз)
(Ғ. Мұстафин)

Данияр
Ертеде Данияр деген бір бала болыпты. Қалалы жерде өмірге келген оның денсаулығы нашар екен. Жиі - жиі сырқаттанып, ауруханаға түсе беріпті. Бір қызығы — дімкәстігі оны онша қынжылта қоймапты. «Бала болғаннан кейін, өстіп науқастану керек шығар», — деп ойлапты. Сөйтіп жүріп, әр түрлі ем алуға, дәрі - дәрмекке еті үйреніп кетіпті.
Даниярдың көзін аша салып көргені — қабат - қабат биік үйлер, асфальт төселген кең көшелер, жарқылдаған жарықтар, арлы - берлі ағылған қалың машина. Солардың арасында жасыл желекті ағаштар мен қызыл ала гүлдер кездесіп қалады. Данияр енді сол гүлдерді көру үшін көшеге шығатын болды. Ол әлгі гүлдерді өзіне ұқсатты. (90 сөз)

Әпкем
Күн райы да менің көңілім сияқты. Аспанды қалың бұлт торлаған. Анда - санда тырс - тырс тамшылар тамып қояды. Күз айы ғой бұл. Әпкемді ойлап сағынып келемін. Жаңа клубтың алдынан өтіп бара жатқанда, көз алдым бұлдырап кеткен. Сөмкем ап - ауыр. Әпкем осыны алдын - ала ойласа керек, арқама асып қоятын сөмкі әперіпті. Сонда да зілдей. Анау тұрған қызыл шатырлы кішкене үй әпкемнің үйі. Мен сонда беттедім. Асығу керек. Мені атам мен әжем күтіп отыр. Әнеки, үйдің алдына атам шықты. Маған қолын бұлғады. «Бұрын бүйтпейтін еді, не боп қалды екен? Әлде әпкем келді ме? Келсе, неге менің алдымнан шықпайды?» Осындай сауалдар мазалаған мен асығып келемін. (100 сөз)

Әлем жеңіскері — Дәулет Тұрлыханов
Классикалық күрестің шебері. Дәулет Тұрлыхановтың есімі дүние жүзіне жақсы таныс. Ол — әлем және құрлық жеңіскері, Сеул олимпиадасының күміс жүлдегері және қатарынан 5 рет бұрынғы ҚСРО біріншілігінің жеңіскері болды.
1991 жылғы мамырдың 13 - 14 - інде астанадағы Спорт Сарайында Дәулеттей атақты палуанның құрметіне Қазақ теледидарының спорт редакциясындағы журналистер той өткізді. Бұл салтанатқа ел намысын қорғап жүрген әлем және Еуропа жарыстарының бірнеше дүркін жеңімпаздары: А. Игнатенко, Г. Атмакин, К. Маджетов келіп, командалас әріптестерінің қуанышын бірге бөлісті.
Мерекеге туған аулынан ата - анасы, аға - інілері, қарындастары келді. Бір үйдегі он баланың сегізі — ұл.
Бәрі әкелері Болат Тұрлыхановтың (бұрынғы ҚСРО - ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы) арқасында классикалық күреспен айналысады. (101 сөз)
(«Алматы ақшамы» газетінен)

Мейірім
Мұз сұп - суық еді. Күн ұзақ шатырға ілініп ап, міз бақпай тұра беруден жалықпайтын. Балалар қызығып ұстағысы келсе, өзінің сұп - суық денесімен қарып алатын. Оған адамдардың мейірімі жетпейтін еді. Ол өткен - кеткендерден мейірім күтіп, ұзақ тұрды. Мейірім үшін өзін құрбан етуге, еріп су боп ағып кетуге бар еді.
Көктем келді. Күн шықты. Күн жер бетіндегі тіршіліктің бәрін бірдей көретін. Кенет мұзға көзі түсті. Сол - ақ екен, күлімдеді.
— Неткен сұлу едің? — деді Күн.
— Сен де, — деді мұз. Мұздың тұла - бойы балқып, бірте - бірте еріп бара жатты… (90 сөз)

Көксерек
Қыс қатты. Қар қалың. Қасқырды қар көтереді. Атты көтере алмайды. Сондықтан талай рет ат жаратып, шоқпар қамдап, қуамын деген жігіттер болса да, еш нәрсе қыла алмады.
Бір рет қана белгілі бәйге жирен атымен Арыстанбек шығып, соңдарынан түсіп еді. Оны адырдан - адырға салып, адастырып кетті.
Маңайлатпайтын жерден, алыстан мылтық атып қорқытпақ болғандар да бар еді. Одан да жасқанбады. У салғандардың уларын да жемеді. Ол улардан иттер жеп, қырылып қалған уақыттар да болды.
Мұның бәрі әккі қасқыр жайындағы Қараадыр елінің аңыз - әңгімесі еді. Соңғы бірер айдай бір ауылдың кісісі бір ауылға қатынасса, жиын болып көпшілік бас қосса, көп әңгімелері әккі қасқыр жайында болатын. (101 сөз)
(М. Әуезов)

Жауынгер аға
Отанға, сол Отанның жүрегі — Москваға, қатерлі, қатал жау суық қолын созған кезде, сіздің атыңыз қараңғы түнде тұнық аспанға атылған жай оғындай жарқ ете қалды. Майдандағы әскерлерге нұрын шашты.
Ол — мың басы. Мың қолды бастаған отыз бір жастағы Момышұлы — Намысұлы боп шыға келді. Отанның әрбір адым жері үшін табан тіреп, қайсарланып, өжеттеніп тұрып алды. Қоршаудың өзін ерлікпен, өжеттікпен қаймықпай бұзып өтті.
Сол шақта астананы қорғаған мыңдар мен миллиондар арасынан «Момышұлының батальоны» өзгеше аталды, ерекше көзге түсті.
Оны генерал И. В. Панфилов мақтады. Газеттер жазып жатты. Ер еліне еткен еңбегін ерекшелігім демей, еліріп мақтан етпей, сол бір табиғи қалыпта қала білді. Мұнда ерлікке тән азаматтық көрінді. Сөйтіп, Бауыржан бастаған батальон Москва түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті. (113 сөз)

Толық нұсқасын қарау
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Нан қайдан келеді? ертегі

Нан қайдан келеді? ертегі

Бір күні Тышқан нан дүкеніне кірді. Сөреге жаңа піскен сап - сары бөлкелер үйіліп түр екен. Піскен нан иісіне қызыққан Тышқан тұмсығын жыбыр - жыбыр...
Бір ананың өмірі

Бір ананың өмірі

Анасы баласының бесігінің қасында отыр. Оны өліп қалады деп қалай қамыққанын, қалай қорыққанын көрсеңіз! Баланың беті мүлде бозарып, жанары жұмылып...
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №22

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №22

Алғашқы қар жауып, ел қыстауларына көше бастады. Тәкежан жинатып қойған майяларды Дәркембайлар тасымақ болып еді, Тәкежан ауылы үстіне кеп қонады....
Қазақ тілінен диктанттар жинағы №8

Қазақ тілінен диктанттар жинағы №8

Өмір деген не? Жаңа туған адам дүниенің есігін қағып, бірінші баспалдаққа шығады. Оның алдында — бұраңы көп, мехнаты көп ұзақ жол — өмір жолы. Адам...
Қазақ тілінен диктанттар жинағы

Қазақ тілінен диктанттар жинағы

Басқалардан оқшау қала бастаған жаралы киік оқ тигеніне қарамастан, шоқақтап келеді....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×