Сайтқа кіру Тіркелу

Халықаралық пошта мен курьерлік қызметтер. Кезектес салалас құрамалас.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі
В. В. Маяковский атындағы №32 орта мектеп
Мұғалімі: Бейсенова Алиша Асылбекқызы

Сабақтың тақырыбы «Халықаралық пошта мен курьерлік қызметтер. Кезектес салалас құрмалас»
Сабақтың мақсаты: Халықаралық пошта мен курьерлік қызметтер туралы түсінік қалыптастыру, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгерту. Кезектес салалас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолы, өзіндік ерекшеліктері туралы жалпы түсініктерін кеңейту, жетілдіру.
Міндеттері: білімдік: халықаралық пошта және курьерлік қызметтер туралы, олардың өзіндік ерекшеліктері мен өзара айырмашылықтары жөнінде, маңызы туралы түсінік алу.
дамытушылық: ойлау, есте сақтау, танымдық қабілеттерін, сөйлеу тілі мен жазба тілдерін дамыту, сөздік қорды молайту. Тәрбиелік: мәдениеттілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: халықаралық пошта және курьерлік қызметтер туралы, олардың өзіндік ерекшеліктері мен өзара айырмашылықтары жөнінде, маңызы туралы түсінік алады.
ойлау, есте сақтау, танымдық қабілеттерін, сөйлеу тілі мен жазба тілдерін дамытады, сөздік қорды молайтады. Әдіс - тәсілдер: постер қорғау, сұрақ - жауап, түсіндіру, баяндау, мәнерлеп оқу, т. б.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, оқулық, плакат, стикерлер, кеспе қағаздар, кесте Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс: мәтінді оқиды, сұрақтарға жауап береді. Қабілетті оқушылар: сызба бойынша мәтін құрастырады, диалог құрастырады.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі ( оқушылардың назарын сабаққа аудару).
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Қуанышым, бақытым, дара тілім,- дей отырып, қазақ тілі сабағын бастаймыз.

Балалар, көңіл - күйлерің қалай?
Оқушылар бір – біріне сәттілік тілейді. Топқа бөлу. Фигуралар арқылы
ІІ. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. Дәптерлеріне күнді, тақырыпты жаздырту.
IIІ. Жаңа сабақ
1. Сөздікпен жұмыс.
Жіберілім – посылка қауіп – опасность келеңсіз – непредвиденный сыйақы – вознаграждение кеден – таможня мемлекет игілігі - благо государства жеке меншік – собственность жедел жеткізу – срочно доставить қадағалау – контролировать бүліну - испортиться құн – плата өтеу – возмещение жеделдік – срочность /Өзім оқимын. 1 - 2 оқушыға оқытамын/
Сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру.
2. «Халықаралық пошта және курьерлік қызметтер» мәтінін түсініп оқып, постер дайындау.
1 - топ «Мемлекеттік пошта қызметі»
2 - топ «Халықаралық курьерлік қызметтер»
3. Постерді қорғау.
1 - топ - «Мемлекеттік пошта қызметі» +Бағалары біршама арзан +Кеден шараларына сыйақы талап етпейді + Мемлекет иелігінде - Жіберілген заттың жолда жоғалып кету қаупі бар - Жіберілімді жеткізу мерзімі ұзақ
2 - топ - «Халықаралық пошта қызметі + Затыңызды өте тез жеткізеді + Келеңсіз жағдай ешқашан кездеспейді – Кеденге төлейтін ақысын тұтынушыдан өндіріп алады - Тарифтері әлдеқайда жоғары - Бәрі жекеменшік
4. Сергіту сәті «Қаражорға» биі
5. Кезектес салаласты меңгерту. /Тақтаға сөйлемдер жазып қою/ Оқушылар, бүгін біз салалас құрмалас сөйлемнің бір түрі - кезектес салалас құрмалас сөйлеммен танысамыз.
- Кезектес сөзін қалай түсінеміз?
- бірінің артынан бірі тұруы
- іс - оқиғаның кезектесіп баяндалуы
1. Адамдар кейде мемлекеттік поштаға барады, кейде халықаралық пошта қызметін таңдайды. 2. Мемлекеттік пошта біресе тарифтерді көтеріп жібереді, біресе бағаны біршама тұрақты етеді. 3. Мен бірде мемлекеттік поштаға барамын, бірде халықаралық поштаға барамын.
Ережені оқушылардың өздеріне шығарту.
Яғни, құрамындағы жай сөйлемдері берілген істің, оқиғаның кезектесіп келуін білдіретін салаластың түрін кезектес салалас дейміз. Бірде, біресе, кейде деген кезектес мәнді жалғаулық шылаулар арқылы байланысады.
6. Дәптермен жұмыс. Сөйлемдерді жазып алу.
ІV. Білім бекіту.
*1 - тапсырма.
Төмендегі сөйлемдерден 1 - топ кейде, біресе, бірде жалғаулық шылауларының жай сөйлемдегі бірыңғай сөйлем мүшелерін байланыстырып тұрғанын табады. 2 - топ осы жалғаулықтармен жасалған кезектес салаластарды табады.
Кейде ашу, кейде айламен еп ойлады. Не қулық, не сұмдықпен жұмысым жоқ. Не қазан – ошаққа араласа алмайды, не серуенге шығар серік таппай селтиіп жалғыз жүреді. Баяу ескен жел бірде басылады, бірде толқып, жасыл шөптердің басын ақырын ғана ырғайды. Жүргіншілердің оң жағынан кейде сол жағынан қар жамылған жалаңаш төбелер кездеседі. Хатты біресе кеудесіне тығады, біресе оған мейірі қанбағандай бетіне басады.
*Берілген сызба бойынша кезектес салалас құрмалас сөйлем құрастырып жазу.
...................... бірде.................., бірде.....................
...................... кейде................., кейде....................
...................... біресе................., біресе....................

*Оқулықпен жұмыс. Мәтін бойынша 5 сұрақ дайындап, диалог құрастыру.

*Семантикалық картамен жұмыс.
1 - топ
Сөйлемдер Себеп салдар Кезектес Талғаулы Қарсылықты Ыңғайлас
1. Жазира кір жуады, немесе тамақ пісіреді.
2. Мезгіл кешкіріп кетті, соңдықтан амалсыз қонуға тура келді.
3. Менің қалам көне, бірақ жаңа үйлер көп.
4. Мен сабақтан соң үйге автобуспен барамын, кейде жаяу қайтамын
5. Жазда мен қалада болдым және ауылдағы әжеме де барып қайттым

2 - топ
Сөйлемдер Себеп салдар Кезектес Талғаулы Қарсылықты Ыңғайлас
1. Сізді ешкім шақырған жоқ, соңдықтан сіз бармайсыз
2. Мұғалімнің жұмысында қиындықтар өте көп және мұғалімнің жауаптылығы да өте зор
3. Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқты
4. Олар бүгін әдейілеп бізге хабар етер, не болмаса қатынаған кісілер айтып келер
5. Біресе басымен үйді нұсқап, біресе сақалымен шанада жатқан әйелді нұсқайды

Үлгерімі төмен оқушымен жеке жұмыс.
Сөйлемдердің тиісті тыныс белгілерін қойып, сөйлемдердің түрін анықтаңдар.
1 - оқушы
Дәурен сабақты жақсы оқиды өйткені оның жақсы оқу орнына түскісі келеді. Жолдасым ауырып қалды сонда да дәрігер шақыртпады.
2 - оқушы
Сабақтан соң кітапханаға барамын не кітап дүкеніне барамын.
Айдар бүгін ұстазын алғаш рет көрген еді сондықтан ол қуанышты сезімде болды.
VІ. Сабақты қорыту.
«Иә» мен «жоқ»
«Бірде» жалғаулығы - кезектес салаластың жалғауы
Мемлекеттік пошталардың қызметі қымбат.
Кезектес салалас тек қана жалғаулықтар арқылы байланысады.
Халықаралық поштаның қызметі арзан.
Кезектес салалас құрмалас сөйлемге жатпайды.
Мемлекеттік пошта жеке меншік те болады.
ҰБТ - ға дайындық. Тест тапсырмалары. 5 сұрақтан тұрады.
1. Салалас құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз.
А) Кезектес В) Мезгіл С) Мекен D) Мақсат Е) Себеп
2. Кезектес салалас құрмалас сөйлем жалғаулығын анықтаңыз.
А) Немесе В) Және С) Кейде D) Себебі Е) Сөйтсе де
3. Кезектес салалас құрмалас сөйлем жалғаулығын анықтаңыз.
А) бірақ В) та С) бірде D) немесе Е) әйтпесе
4. Кезектес салалас құрмалас сөйлем жалғаулығын анықтаңыз.
А) өйткені В) сонда да С) біресе D) бірақ Е) әйтпесе 5. Кезектес салаластың ережесін табыңыз А) Құрамындағы жай сөйлемдері берілген істің, оқиғаның кезектесіп келуін білдіретін салаластың түрі. В) Құрамындағы жай сөйлемдердің біріндегі іс, оқиға екіншісіндегі іс, оқиғаға қарама - қарсы болатын салаластың түрі.
С) Құрамындағы жай сөйлемдер білдіретін ой өзара мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде айтылған салаластың түрі. Д) Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының немесе соңғысы алдыңғысының себебін білдіретін салалас құрмаластың түрі Е) Құрамына енген сөйлемдердегі іс - әрекеттің біреуі ғана орындалатын құрмаластың түрі
VІ. Үйге тапсырма беру.
1. Ережені жаттау. Сөздікті жаттау. 2. 193 - беттегі 4 - тапсырманы орындау. 3. «Мен мемлекеттік пошта (немесе халықаралық пошта) қызметін қолданамын» тақырыбында шағын мәтін құрастыру. VІІ. Рефлексия «Күншуақ»
VІІІ. Білім бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×