Сайтқа кіру Тіркелу

Лексикадан өткенді қайтадау

Қазақ тілі. 5 - сынып
Сабақтың тақырыбы Лексикадан өткенді қайталау
Мақсаты Лексикадан өткенді қайталау тапсырмаларын орындай отырып, өз пікірін білдіре біледі және ойын жеткізе білуге үйрету. Жұмыс түрлерін өз бетімен, жаңа технологиялық үрдістерге сай орындай білуге дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже Оқушылар өз пікірін дәлелді қорғап, топта бірлесе жұмыс жасауға үйренеді, топта өзара бағалау жүргізіп, сыни тұрғыдан ойланып, ой - пікірін жүйелі айтады, АКТ - мен жұмыс жасауға дағдыланады.
Қолданылған әдістері мен тәсілдері Диалогты оқыту: «Желпуіш»әдісі
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету: «Ой қозғау» стратегиясы, «Қызығушылықты ояту» стратегиясы, Венн диаграммасы, «Бір сөзбен шеш» ойыны
Оқуды және оқыту үшін бағалау: екі жұлдыз, бір тілек; смайликтер,
АКТ - ны қолдану; сергіту сәті
Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;
Ойын: «Бір сөзбен шеш» ойыны

Ресурстар Постер, түсті қағаз, маркерлер, дидактикалық таратпа материалдар, компьютер, проектор, желім, қайшы, стикерлер Оқулық
Уақыты Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушылардың іс - әрекеті Ресурстар, көрнекі құралдар
5 мин І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушыларды түгелдеу, журналға белгілеу;
I. Психологиялық дайындық:
Оқушыларды 3 топқа бөлемін:
1 топ - Омоним
2 топ - Синоним
3 топ – Антоним

Сабақ жоспары:

1. Зерделі сұрақ, дәлелді жауап
2. Талдау - табыс кілті
3. Ойын ой - өрісті дамытады
4. Мақал - сөздің мәйегі
5. Қызықты сабақ - қиялға қанат
6. Шығармашылық жұмыс
7. Қорытынды

1) ІІ. Кіріспе бөлім.
2) Қызығушылықты ояту. «Кезеңдер бәйтерегі»
Ерте - ерте – ертеде, грек елінде, Лексика деген патша өмір сүріпті. Лексика патшалығындағы халықтар өте тілге бай - ділмар, шешен болыпты. Сол патшаның бағында бір ғажайып алма ағашы өседі екен. Бірақ осы күнге дейін сол алманың дәмін ешбір адам татып көрмепті дейді. Оның себебі, алманы жегісі келген адам, алма ағашындағы тапсырмаларды дұрыс орындап жауап беріп, бірнеше кезеңнен өтеді. Сонда ғана дәмі тіл үйіретін алмадан ауыз тиуге береді екен.
Балалар! Бүгін біз де бағымызды сынап, Лексика патшалығына қонаққа келіп, сол тапсырмаларды дұрыс орындап, сұрақтарға жауап беріп көрейік. 1) Оқушылар орындарынан тұрып, сабаққа қатысқан ұстаздармен
амандасады.
2) 1 топ - Омоним
2 топ - Синоним
3 топ - Антоним
сөздері арқылы топқа бөлінеді.

3) Әр топ оқушылары топтасып, жұптасып тапсырмалар орындауға атсалысады.

1. Топтар постер қорғайды.
2. Карточкамен жұмыс
3. Семантикалық карта толтырады
4. Тұрақты тіркестерді табады
5. Венн диаграммасын құрады
6. Рөлдік ойын
7. Тест
Стикер,
карточкалар,
жемістер

30 мин ІІІ. Негізгі бөлім.
«Лексика» патшалығында қандай қалашықтар бар екен еске түсірейік
Топтастыру жұмысы. (Омоним, тұрақты тіркес, синоним, антонм...) Постермен жұыс
3). Әр топ жеке тапсырма алады.
1 топ -
1. Сөздің тура ж/е ауыспалы мағынасы;
2. Омонимдер;
3. Жаңа сөздер;

2 топ -
1. Көп мағыналы сөздер;
2. Синонимдер;
3. Көнерген сөздер;

3 топ -
1. Диалект сөздер;
2. Антонимдер;
3. Кірме сөздер;

Карточкалармен жұмыс:
- «Ойын - ой дамытады»
Тақтаға қоржын алып ілінеді. Қоржынға сыйлықтар салынған. Ол сыйлықтарға ие болу үшін сұрақтарға жауап беру керек:
«Бір сөзбен шеш» ойыны -
«Мақал - сөз мәйегі»
антоним, омоним және синоним сөздерді пайдаланып мақал - мәтелдер айтып жарысу.

Вен диаграммасы: мақал мен мәтелдің айырмашылықтары.

Көрініс көрсетеді.
Топ басшылар сайысады.

«Венн диаграммасы» бойынша салыстыру.
І топ: Мақалдар мен мәтелдерді.
ІІ топ: Омонимдер мен көп мағыналы сөздерді
ІІІ топ: Тұрақты тіркестер мен еркін тіркестерді.

Суреттер
Оқулық
«БББ кестесі»
Сергіту сәті «Тыныштық сәті»жаттығуы

5 мин Қорытынды. «БББ кестесін» толықтыру Оқушылар не білгендерін жазып, кестені толтырады
2 мин Бағалау. Бағалау парағы бойынша жиынтық бағалау қойылады.(Топ басшылары толтырып, өз бағаларын айтады)
2 мин Кері байланыс: «Бағдаршам» әдісі
Оқушылардың қолдарына бағдаршамның әр түсі жанған суреттері беріледі. Олар қалаған түстерін көтереді.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×