Сайтқа кіру Тіркелу

Етістіктің райлары. Шартты рай. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы,
Лобанов орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Жукушева Күлтай Амангелдиновна

Қазақ тілінен панорамалық сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы:
7 - сынып – Етістіктің райлары. Шартты рай.
8 - сынып – Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
7 - сынып
1) сөз таптарының түрлену заңдылықтарының сөз мәдениетімен бірлігін тани алуды, морфологияға қатысты тілдік ұғымдардың мәнін анықтауды, әр сөз табының түрленуін, сөйлемдегі қызметін игеруге жаттығулар орындату.
8 - сынып:
1) құрмалас сөйлем сыңарларын байланыстыратын жалғаулық шылауларды айырып, оларды сөйлеу тілінде еркін қолдана білуге жаттықтыру. Салаласа, сабақтаса байланысатын құрмаластың түрлерін меңгеріп, оларды қатыстырып мәтін құрай білу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік:
2) Алдына қойған мақсатына жете алатын оқушы тәрбиелеу;
Әр оқушы өз білім деңгейін, мүмкіндігін, іскерлігін біліп қана қоймай, оны дамыту;
Дамытушылық:
3) Өз бетімен ізденіс дағдыларын, іскерлік қабілетін жетілдіретін шығармашылық тұлға қалыптастыру;
Сабақтың жабдығы: интербелсенді тақта, А4 қағаз, түсті қарындаштар, қосымша кеспе мәтіндер.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, кітаппен жұмыс, топпен жұмыс, талдау - жинақтау.

Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру жұмыстары (№1 слайд)
А) Шаттық шеңбері: бір – біріне бүгінгі сабаққа жақсы тілек тілеу.
Мысалы: бүгін күн қандай тамаша, сізге де тамаша табыс тілеймін.
Ә) Эпиграфпен жұмыс: (2 слайд)
Білімді адам көп нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады.
Әл - Фараби.
Білімді, сауатты адамдар - бұл ХХI ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші.
Н. Назарбаев

4. Жаңа сабақтың мақсатын қою (№3 слайд)
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.

5. Жаңа материалды өту (№4 слайд)
Сен шарт қойғанды ұнатасың ба? «Егер мен көмек қылсам, онда ол да маған қол ұшын береді" деп досыңмен келісім шарт жасап, шарттасқан кезің болды ма? Шарт жасасу қандай жағдайда қажет деп ойлайсыңдар? Шарт қою жолдарын білгілерің келе ме?
Мына сөйлемге назар аударыңдар:
Егер зейін қойып тыңдасаңдар, біліп алмайтын мәлімет те қалмайды.

6. Жаңа материалдың игерілуін тексеру
Білікті білім жинап кәсіп етер,
Білімнің дәмін татып, өсіп - өнер.
Білдірер білім елге білім сырын,
Біліксіз білімді аттап, бөсіп өтер. – деп Ахмет Йгүнеки айтқандай бұл кезеңде тақырып бойынша білімдерімізді көрсетеміз.

7. Жаңа материалды бекіту (№6 слайд)
(тапсырма орындау барысында баяу музыка ойнап, табиғат бейнесі ауысып тұрады)
Ортақ топтық тапсырма арқылы, әр сынып тақырыбын өздеріне талдатып бекіту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.
А4 қағазын таратып беру. Қағаздың ортасында түсініксіз бейне бар.
Тапсырма:
- бейнені түсінікті суретпен аяқтау;
- суретке ат қою;
- тақырыптың әр әрпіне сөз ойлату;
- байланысты шағын ертегі құрастыру.
- өз мәтіндерінен әр сынып тақырыпқа сай сөздер мен сөйлемдердің астын сызып, жасалу жолын түсіндіреді.

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас

Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу ерекшелігі? Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас...
Құрмалас сөйлем (10 – сынып)

Құрмалас сөйлем (10 – сынып)

Қостанай облысы, Денисов атындағы №1 орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Амантаева Найля Сейткалиқызы...
Абайдың мұражай-үйі

Абайдың мұражай-үйі

Мақсаты: Оқушыларды Абайдың мұражайымен таныстыру, әр түрлі әдістер арқылы сөз байлығын тексеру, өз ойларын, пікірін еркін айта беруге, сабақтас...
Ұл. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Ұл. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Есіл ауданы, Чириковка орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәндерінің мұғалімі, оқу ісінің...
Екі жартыдан тұратын бала. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Екі жартыдан тұратын бала. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Есіл ауданы, Чириковка орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәндерінің мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×