Сайтқа кіру Тіркелу

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла

ШҚО, Үржар ауданы, Келдімұрат ауылы,
Благодарное орта мектебі» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Садвакасова Алмагуль Жубангалиевна

Тақырыбы:
«Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла»
Мақсаты:
оқушыларға Абай шығармашылығы туралы кең мағлұмат беру;
оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, олардың поэзия, саз өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру
Көрнекілігі: ақын портреті, кітап көрмесі, нақыл сөздер, ақын шығармашылығына байланысты слайдтар.

Барысы:
Сахна. Күй естіліп тұрады. Ортаға Абай рөлін сомдаушы оқушы шығады.
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерден өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
Сахнаға кешті жүргізушілер шығады.
1 - жүргізуші: «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе»деп Сұлтанмахмұт айтқандай, біз бүгінгі кешімізді ақындық пен данышпандықтың бар асылын бір бойына жинақтаған рухани атамыз Абайға арнап отырмыз.

2 - жүргізуші: Абай светочь поэзии, наша слава, гордость непревзойденное достижение казахской культуры! Его стихи – союз волшебных звуков, чувств и дум.
1 - оқушы: Dear friends! We are glad to see you at our poetry party “Abai reading”. It is the competition of reciters Abai’s poets.
2 - оқушы: Жүрегін шырақ етіп жандырған кім,
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне өзі орнатып ескерткішті
Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып, ойланып, ер жеткен кім,
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құба жон, құбақан құм, құла қырды
Өлеңнің бесігіне тербеткен кім?

3 - оқушы: Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім,
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын аттандырып келешекке,
Біздермен осы күнгі тілдескен кім?
Тайсалмай мыңмен жалғыз алысқан кім,
Жауына найза сөзін шанышқан кім?
Өзендей құйған барып көк теңізге,
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?

4 - оқушы: Көрікті көңілде жыр, қолда қалам,
Өмірдің өріне өрлей басқан қадам.
Қазақтың өлеңінің ұлы атасы
Ол - Абай, мәңгі жасар ақын адам.

5 - оқушы: As you know, our party is dedicatel to the greatest poet of our country Abai Kunanbaev, let’s listen to our speakers. They will say some word about the poet’s biography.
6 - оқушы: Абай 1845 жылы 10 - тамызда Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Абайдың әкесі Құнанбай тобықты руын билеп төстеді, аға сұлтан болды. Мейлінше қатал Құнанбай Абайдың ерекше зеректігін танып оған үлкен үміт артты. Өзіндей етіп тәрбиелеп, өзіндей әкім етіп шығаруды аңсады.
7 - оқушы: Абай мейірбан пананы өз шешесі Ұлжан, әжесі Зереден тапты. Бұл екеуі де парасатты, қайырымды, бауырмал ана еді. Құнанбай қойған Ибраһим деген есімді Ұлжан еркелете «Абай» деп атады. Осы есімі жаңа өмірді аңсаған сахара халқын рухани дұшпандардан қорғар Абай болып қалды. Кейін Біржан сал ол туралы «Орта жүз Абай қойған атын баптай, Үйіне ояз кірмес жауап қайтпай»деді. Немересін жүрегімен мәпелеген Зере өзі шексіз көп білетін ертегі, жырларымен Абай қиялын әлдилеуден жалыққан жоқ.

8 - оқушы: Abai is a great Kazakh poet, composer, philosopher and the founder of the Kazakh literature.
He was born in 1845 in Semipalatinsk region. His father was a strict, severe person. Abai’s mother was kind, gentle and eloquent. His grandmother Zereh and his mother Ulzhan brought him up.

9 - оқушы: Құнанбай Абайдан үлкен үміт артады. Сондықтан Абайды 9 жасында Семей қаласындағы Ахмет Риза медресесіне оқуға береді. Медреседегі оқуының соңғы жылында Абай өз бетімен 3 айдай орыс мектебіне барып тіл үйренеді. Сондағы алған білімі кейін 35 - 40 жасында орыс оқуына қайта оралып, тілін жетік меңгеріп алуына негіз болады.

10 - оқушы: At the age of nine he went to a religions school. But when he was 13 his father took him away from school.

11 - оқушы: Бөледік бүгін гүлге күмбезіңді,
Айтамыз мақтанышпен күнде өзіңді.
Қазақтың тұңғышы сен ерте оянған,
Пушкинмен ұштастырған ой - сезімді.
Жыр жаздың, ән толғадың, шерттің күйді,
Орыстың әдебиетін жаның сүйді.
Лермонтов, Крылов пен Толстойды
Сүйдің сен, дедің «Солар терең ойлы»
12 - оқушы: Abai wanted to study Russian. He read Pushkin, Lermontov, Krylov and translated their works into Kazakh, Abai’s songs are well - known and the Kazakh people like and sing them.

13 - оқушы: His woks were translated into Russian and through Russian into foreign Languages. Nowadays his works are known all over the world.
1 - жүргізуші: Көрініс. «Абай мен Пушкиннің кездесуі»
Пушкин: Аксакал! Рад приветствовать вас в год вашего 170 летия. Ведь беседовать с вами всегда приятно и поучительно.
Абай: Как быстро летит время! Неужто мне уже 170 лет? Я совершенно не чувствую себя столь древним. Я еще полон сил, способен писать и писать. Уважаемый акын, как мне понятны и близки ваши мысли! Каждому поэту необходима высокая цель, высокая идея.
Пушкин: Да вы правы, почтенейший! Я тоже считаю, что жизнь без смысла и добра - не жизнь, что цель поэзии - служение народу.
Абай: Да, любезный друг мой Пушкин. Природа это та тема, которая позволяет, поэту отдыхать душой, передоваться мечтаньем.
1 - жүргізуші: Табиғаттың тамылжыған сұлу да, көркем көрінісін сөзбен бейнелеуде екі ақынның шеберлігі мен ұқсастығы ерекше. Соның айғағы «Желсіз түнде жарық ай» әні.
2 - жүргізуші: Мұнда ақын қазақ даласының бір кешін елестетіп, көшпелі ауыл, жарық ай, желсіз түн, тау іші, өзен жағасына орналасқан елді әсем суреттейді.
«Желсіз түнде жарық ай»әнін қабыл алыңыздар. Мадина мен Алма
Пушкин: Мы с вами говорили о многом, но что - то забыли о моей Татьяне. Помните ее трепетное письмо к Онегину.
Абай: Ваши стихи прекрасны! Взял на себя смелость перевести их на казахский язык.
1 - жүргізуші: «Татьянаның хаты» орындайтын Саматова Назым.
Пушкин: Друг мой! Приятно было беседовать с вами, но время подошло расставаться, Дай бог, чтобы встреча была не последней.
Абай: Аға! Давайте встретимся вновь на мое 200 - летие.
14 - оқушы: The famous Kazakh poets and writers: Abai Kunanbaev – a great poet – enlighter, a bard, a founder of Kazakh Literature. Abai translated woks of Pushkin, Tolstoi, Saltykov - Schedrin and of other poets and writers into Kazakh.
15 - оқушы: He read book in Arabic, Farci, old Chagatay and Russian. Abai was interested in philosophy. His erudition in this field was fundamental.
«Көзімнің қарасы»Райымбек пен Дарын
1 - жүргізуші: Абай жыры біздің өмірімізге үш рет жаңалық болып енеді. Бірінші бала кезде. Табиғат көрінісі жыл мезгілі, көк аспан, жасыл жайлау, сарқырап аққан өзен... поэзия құдіретіне бір табынасың.
«Жазғытұры» Ания
2 - жүргізуші: Жастық шақта пәк махаббаттың от сезімінде елтіп екінші рет табынасың.
«Сап, сап, көңлім, сап, көңлім» Бейбіт

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×