Сайтқа кіру Тіркелу

Кірме сөздер

Сабақтың тақырыбы: Кірме сөздер
Пән мұғалімі: Мухатова Нургул Нурмамишовна
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Басқа тілден енген сөздер туралы түсінік беру;
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту, жүйелі сөйлей білуге баулу;
3. Тәрбиелік: Тілді құрметтеуге тәрбиелеу, оқушылар бойындағы адамгершілік құндылықтарды жетілдіру.

Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың түрі: Топтық жұмыс
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте, үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
Топқа бөліну: 1, 2, 3, 4 деп санау арқылы бөліну. 4 топтың жетекшілерін сайлап, бағалау парағын беру
Сергіту сәті: «Қызыл өрік» әні бойынша.
ІV. Өткенді қайталау.
Әр топтан балалар бір - біріне «Доп лақтыру» әдісі арқылы өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қояды.
1.«Қыздың жиған жүгіндей» сөзі қандай мағынаны білдіреді?
2. Жақсы сөзінің антонимі.
3. «Ит тұмсығы өтпейтін жер» деген тұрақты тіркес қандай мағынаны білдіреді?
4. Табу деген не? т. б.
5. Атасының аты Көрпебай болса келіні көрпені қалай деп атаған?
Жаңа тақырып: Кірме сөздер.
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай болады? Нені меңгеруіміз керек?
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Сабақтың мақсатын оқушылармен бірлесіп қою. Кітаптан ережені оқыту.
Соңғы жылдары кірме сөздердің біразы қазақшаға аударылды: самолет – ұшақ, вертолет – тік ұшақ, коллектив – ұжым т. б.
Үйден Тарбағатай, Зайсан, Алтай тауының шығу тарихын біліп келуге берілген.
Тарбағатай, Зайсан, Алтай сөздерінің шығу тарихымен 3 оқушы ауызша таныстырып шығады.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
Әр топтың оқушыларына кірме сөздер жазылған парақтар беріледі. 1 - топ: Монғол тілінен енген сөздер:
А) Ел билеуге байланысты сөздер: ұлыс, нөкер, жасақ, аймақ, жарлық, т. б.
Ә) жер - су атаулары: Тарбағатай, Нарынқол, Нұра, Баянауыл, Зайсан, Қордай, Алтай, т. б.
2. Орыс тілінен енген сөздер:
А) Қазан төңкерісіне дейін енген сөздер: сот, жәшік, кереует, бөтелке, кәмпит, сөмке, тұрба, т. б.
Ә) Кеңестік дәуірде кірген термин сөздер: телефон, телеграф, автомобиль, т. б.
3. Араб, парсы тілінен енген сөздер: Адам, әлем, ғылым, қоғам, мектеп, білім, тарих, әдебиет, мәдениет, пән, тәрбие, емле, әліпби т. б
4. Орыс тіліне шет тілдерінен кірген сөздер: футбол, баскетбол, волейбол, телефон, телеграф.
VІІ. Жаттығу жұмысы. Дәптермен жұмыс: Берілген сөздердің ішіндегі 5 сөзге сөйлем құрату.
1. Монғол тілінен енген сөздер: ұлыс, нөкер, жасақ, аймақ, жарлық, т. б.
Ә) жер - су атаулары: Тарбағатай, Нарынқол, Нұра, Баянауыл, Зайсан, Қордай, Алтай, т. б.
2. Орыс тілінен енген сөздер:
А) Қазан төңкерісіне дейін енген сөздер: сот, жәшік, кереует, бөтелке, кәмпит, сөмке, тұрба, т. б.
Ә) кеңестік дәуірде кірген термин сөздер: телефон, телеграф, автомобиль, т. б.
3. Араб, парсы тілінен енген сөздер: Адам, әлем, ғылым, қоғам, мектеп, білім, тарих, әдебиет, мәдениет, пән, тәрбие, емле, әліпби т. б

Тақтамен жұмыс: Сөз құрамына талдау жасату. 3 оқушыны шығарып, талдау жасату.
1. Кәмпитті бес - бестен бөлдік. Түбірі - кәмпит, ті - Табыс септігінің жалғауы т. б.
2. Мен Тарбағатайдан келдім.
172 – жаттығуды топпен орындату. Осы сөздердің синонимін табыңдар.
1 - топ: пұл, шайыр. 2 - топ: сарбаз, ғибрат
3 - топ: ғұлама, пешене. 4 - топқа: пән, аймақ.
Кірме сөздердің қазақ тіліндегі синонимдері
Пұл - ақша, қаржы
Пешене, жазмыш, тағдыр
Кірме сөздердің қазақ тіліндегі синонимдері
Ғибрат, үлгі, өнеге
Сарбаз, жасақшы, қол, әскер.
«Кім тапқыр?» ойыны.
• Ағаштарды жарамын,
• Гүлге келіп қонамын. (Ара)

• Ұйықтап жатып көремін,
• Мезгілді де білемін. (Түс)
2. «Н» - дан басталса, тыныс белгісі.
«Б» - дан басталса етістік. (нүкте - бүкте)
3. «К» - ден бастасаң – қаламын,
«Ж» - дан бастасаң тағаммын. (кент - жент)
4. Соңғы әріпі «С» болса,
Синоним сөзі момынның
«С»- ны алып тастасаң,
Жабайы пиязы жерімнің. (жуас - жуа)
5. Қалай оқысаң да, ұлтым өзгермейді. (қазақ)
(Синоним) (Антоним)
Шолақ – қысқа Бар – жоқ
Мүсін – нұсқа Аш - тоқ
Әдемі – сұлу Қисық – түзу
Ыстық – жылу Жөндеу – бұзу
Мықты – берік Қараңғы - жарық,
Ажар – көрік. Семіз – арық.
Топтық жұмыс. Мағынаны тану. 4 топ бір - бірін тексереді.
Семантикалық карта

Мысалдар Тура мағына
Омоним Синоим
Жаңа сөздер
Көп мағыналы сөздер
Ауыспалы мағына
Табу
Дисфемизм
Эвфемизм
Күннің көзі
+
Кеден +
Әдемі, көрікті, сұлу +
Ара +
Ерке бала +
Зейнеткер +
Боқмұрын +
Сөзуар +

Шығармашылық тапсырма: Жеке жұмыс.
4 топқа сурет бойынша мәтін құрастыру берілген.
4 сөйлем.
1. Табу сөздерді қатыстырып, мәтін құрастыру.
2 - топ: Көнерген сөздерді қатыстырып, мәтін құрастыру.
3 - топ: Жаңа сөздерді қатыстырып, мәтін құрау.
4 - топ: Кірме сөздер мен көнерген сөздерді қатыстырып, мәтін құрастыру.
Үш шапалақ, бас бармақпен бағалау.

Қорытындылау:
1 - топ: «Қазақ тілі» модель қорғау.
2 - топ: «Ең биік мұнара» (кірме сөздер)
3 - топ: Кірме сөз деген не? Топтастыру.
4 - топ: Салыстыру. (Кірме сөз бен жаңа сөздер)
Үш шапалақ, бас бармақпен бағалау.

Блоб ағашына сабақтан қандай әсер алдыңдар?
Не білдіңдер?
Стикерді Блоб ағашына жапсыру.
1. Үйге тапсырма: Ереже оқу, жаттау.
2. 173 - жаттығу. Кірме сөздерді табу.
Бағалау.
Топ жетекшілерінің бағасын тыңдау. Мұғалімнің қорытынды бағасы.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×