Сайтқа кіру Тіркелу

Б,Соқпақбаев "менің атым-Қожа"

1. Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» хикаяты
2. Сабақ мақсаты:
а) Білімділік: Б. Соқпақбаевтың өмірі және шығармашылығымен таныстыру. Жазушының «Менің атым - Қожа» повестіндегі өзіндік қолтаңбасы мен Қожа бейнесін берудегі шеберлігін анықтау.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын, өзіндік ойын, сөз саптау ерекшеліктерін дамыту.
б) Тәрбиелік: Тазалыққа, адалдыққа, әділдікке, балалықтың бал дәуренін түсіне білуге, адами тұлғалық ерекшеліктерін қастерлеуге тәрбиелеу.
3. Сабақ түрі: Жаңа сабақ
4. Сабақ типі: Топтық жұмыс
5. Сабақ әдісі: Баяндау, салыстыру, талқылау, ой қозғау, топтастыру стратегиясы
6. Сабақ көрнекілігі: Интербелсенді тақта (суретті топтама, арнайы дайындалған мәтіндер),
7. Пәнаралық байланыс: Тарих, тіл

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу;
ә) Оқу құралдарын реттеу;
б) Оқушыларды түгендеу;

II. Жаңа сабақ:
Мұғалім: Маған бақыт ‒ сабақ өткізу сендерге,
Көріп тұрмын қуаныш бар жүздерде.
Балалықтың бал дәурені шат күліп,
Бәрімізге болсын серік сәттілік!
‒ Бүгін балалар, біз қазақ балалар жазушыларының бірі ‒ Бердібек Соқпақбаев ағамыздың өмірі және шығармашылығымен танысамыз. Интерактивті тақтада жазушының портреті, өмір жолынан алынған деректі фильм көрсетіледі.

Б. Соқпақбаев 1924 жылы 15 қазанда Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Қостөбе ауылында дүниеге келген. 8 жасқа келгенде анасынан айырылады. «Колхоздастырудың алғашқы жылдары ең бір қиын кез болған. Содан соңғы басымнан кешкенімді ойлай бастасам, осы күннің өзінде жүрегім қақ айырыла жаздайды. Япыр - ау, қалай тірі қалдым, осы өмірге қалай жеттім? Нағыз итжандының өзі екен - ау»,- дейді өз естелігінде (Өз естелігінен).

Қызметі: Шығармалары: Жетістіктері:
1. Ауыл мектебінде бала оқытқан
2. Алғашқы қаламгерлік жолын өлең жазудан бастаған жазушы «Пионер» (қазіргі «Ақжелкен») журналында қызмет етті
3.«Қазақ әдебиеті» газетінде жұмыс істейді
4. «Балдырған» журналында қызмет етті
5. Қазақстан Жазушылар одағында балалар әдебиеті жөніндегі әдеби кеңесші болады.
1. 1950 жылы «Бұлақ» атты жыр жинағын шығарған
2. Жиырмадан астам әңгіме, повесть, роман кітаптарын ұсынады
3. «Менің атым ‒ Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Бозтөбеде бір қыз бар», «Он алты жасар чемпион», «Қайдасың», «Гауһар», «Аяжан», «Дала жұлдыздары», «Жексен ‒ жекеменшік» сурет кітапшасы жарық көреді 1967 жылы балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің Францияда өткен халықаралық фестивалінде «Менің атым ‒ Қожа» арнаулы жүлдеге ие болды. Қазақ КСР Құрмет грамотасымен марапатталды.

‒ Балалар, жаңа тақырыпқа кіріспес бұрын «Менің атым» деген мәселеге назар аударайықшы, жалпы «Ат қою дәстүрі» дегенді немесе өздеріңе берілген есімдер туралы не айтар едіңдер? (Бірнеше оқушы өзінің есімінің туу тарихымен таныстырады). (Бір оқушы «Ат қою дәстүрі» туралы мағлұмат береді)
- Иә, балалар, осылайша ат қою дәстүрі сақталған ба? Ал Қожаның кезінде ырымшыл қазақ халқының шілдехана тойында ат қою дәстүрі сақталыпты. «Шілдеханаға келгендер маған пәлендей әйдік ат бермеген»,- дейді кейіпкер.
Бұл кім балалар? (Ол ‒ Қожаберген).
Қосымша ақпарат: Балалар, алғашқыда автор Б. Соқпақбаев «Менің атым ‒ Қожа» повестін «Өзім туралы повесть» деп атаған екен. Себебі, повестегі барлық оқиға желісі Бердібек Соқпақбаевтың өз өмірімен тікелей байланысты екен.

«Повесть» деген не? Баяндау түрінде қарасөзбен жазылған оқиғалы көркем шығарманың түрін повесть (хикаят) деп атайды. Ол көлемі жағынан әңгімеден ұзақ, романнан қысқа болып келеді. Повесте оқиғалар жинақы, сюжеттік желісі бір арнада ғана өрістейді, кейіпкерлер саны да аса көп болмайды.

Қызығушылықты ояту
Ой қозғау стратегиясы:

Мұғалім оқушыларды өзара топқа бөледі: «Сыр сандықтан» топ басшылары өздеріне берілген тақырыптарды алады.
«Сыр сандықтан» мұғалім алғашқы сауалды алып шығады: «Қожа» деген кім?

Сабақ мақсатын оқушылар өздері анықтайды
1. «Қожаның ісі дұрыс па?»
2. «Қожаның ісі дұрыс емес» 4 топқа ортақ қойылатын сұрақ

«Менің атым – Қожа» фильмінен үзінді көрсетіледі.
Қожа ‒ повестінің басты кейіпкері.
1) Қожа ‒ алғыр, ақылды, әділетті, мейірімді бала
2) Қожа ‒ өтірікші, қызба, сотқар, тентек, мақтаншақ бала
Пікірталас ( 4 топ өз тұжырымдарын дәлелдейді)

Қорытынды:
І топ – Жақсы бала жеткізеді мұратқа
ІІ топ – Тентек бүлдіреді, ата - анасын күйдіреді
Мұғалім сұрақтары:
Төрт топқа өзі дайындаған сұрақтарын қояды:
1. Қожаның оқулық сатып алуда кезекші мұғалім Сәбира Майқановаға өтірік айтуы дұрыс па? Сендер не істер едіңдер?
2. Майқановамен ерегесуі, жолдама жөніндегі тілегін орындамағаны үшін кінәлауына қалай қарайсың? Оқушы міндеті туралы ойың.
3. Сұлтанға еріп, «бұзық бала» атануына көзқарасың. Бұндай балалар бүгінде араларыңда кездесе ме?
4. Егер Қожаның орнында сен болсаң, қандай әрекет етер едің?
«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»
Тапсырма:
Қаулы: (Әр топ оқушылары өздері қабылдаған шешімдерімен таныстырады).
1.
2.
3.
4.
СЕРГІТУ СӘТІ:
«Иесіне қайтар» ойыны (Әр топтан бір оқушы шығып, берілген тапсырманы сәйкестіреді)

Қазақ тілі

IV. Бекіту кезеңі:

30 40 20
20 50 30
10 60 40
50 10 60

1. Повесть қалай басталады? 10 ұпай
2. Қожа өз әкесіне деген сағынышын қалай білдіреді? 30 ұпай
3. Мектеп жанында кезіккен сыныптасы Жантас Қожаға не деп айтып еді, одан кейінгі Қожаның әрекеті қандай болды? 40 ұпай
4. Майқанова мен Қожаның арасындағы кикілжің неден басталған еді? 20 ұпай
5. Орыс тілі пәнінің мұғалімі Анфиса Михайловнаның сабағында Жантас не үшін сөгіс алды және бұл жайтқа Қожаның көзқарасы қандай? 30 ұпай
6. Қай оқиғадан кейін сынып жетекшісі Майқанова сабаққа екі күн келмей қалды? 20 ұпай
7. Тәртіпсіздігінен кейін анасы Миллат Қожаға өз ренішін қалай білдірді? 40 ұпай
8. Сәйбек қарт Қожаға әкесі жөнінде қандай естеліктер айтып берді? 50 ұпай
9. Қожаның қай сәті бейнеленген? «Төбемнен шытыр етіп, жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіле түрегеле бердім». 60 ұпай
10. Сәйкесін тап: «Менің атым - Қожа» фильмінің режиссері кім?
а) Шәкен Айманов) Тимур Бекмамбетов б) Абдолла Қарсақбаев 60 ұпай
11. «Қожа, сен көшедегі иттерді тәртіпке салу үшін ауылда қалатын болдың»,- деп Қожаны келеке ететін кім? 10 ұпай
11. Сәйкесін тап: «Менің атым – Қожа» көркем филімін музыкалық әуенмен әрлеген композиторды табыңыз а) Әсет Бейсеутов ә) Нұрғиса Тілендиев б) Кеңес Дүйсекеев 50 ұпай
V. Қорытынды кезеңі:
«Түртіп алу» стратегиясы

V – “білемін” ― - “мен үшін түсініксіз” + - “мен үшін жаңа ақпарат”? – “мені таң қалдырады”
VI. Бағалау кезеңі: Әр топтың жұмысты орындауы мен қатысымы бойынша бағалау.
VII. Үй тапсырмасын беру:
1. «Менің арманым...» тақырыбына шығарма жазыңдар
2. Жантас, Жанар, Сұлтан, Майқанованың бейнесін ашыңдар.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×