Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақ халқының ерлік істері

Атырау қаласы,
№11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қосымбаева Қатира Жауынқызы

8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ерлік істері
Жалпы мақсат: Оқушылардың шынайы патриоттық сезімі, елі үшін мақтанышы, Отан қорғаушының бейнесі қалыптасады. Елінің, өлкесінің тарихымен таныса отырып, белсенді өмірлік ұстанымы қалыптасады, эмоциялық әлемі адамгершілік әсерлермен байып, моральдық дамуына және шығармашылық қабілетіне ықпал етеді.
Сілтеме: Интернет материалдары, «Қазақстан тарихы» энциоклапедиясы
Оқу нәтижесі: Сабақ оқушыларды оқуы үшін жауаптылыққа, қалыпты емес ойлау тәсілдері тақырыпты түсінуге ынталандырады.
Түйінді идеялар: «Оқушылар бір нәрсені қалай түсіндіретінін, бір нәрсені қалай бағалайтынын тыңдаңыз, араласпаңыз. Бұл сізге ауыр тиетіндігіне қарамастан, сіз үшін құнды және оқушыларыңыздың түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік береді» «Бүгінгі оқыту, практикалық нұсқау»(1998)
Сабақта қолданылатын материалдар: А4 парақтары, парақшалар, тақырыптық презентациялық жазбалар, үлестірме парақтар
Оқыту әдістері: 1. Топтық жұмыс; 2. Жеке жұмыс
Тапсырмалар Оқыту барысындағы мұғалімнің әрекеті/жетелеуші сұрақтар

Психологиялық ахуал туғызу 2 минут
Парақшадағы сөздерді құрастыра отырып, топқа бөліну ұсынылады.

I тапсырма
«Ой шақыру»
5 минут Бірнеше сұрақтар ұсынылады.
- «Соғыс» деген сөзді қалай түсінеміз?
- Ұлы Отан соғысы қашан болды?
- Ұлы Отан соғысы қай елдің жеңісімен аяқталды?
- Ұлы Отан соғысының аяқталғанына биыл неше жыл толды?
- Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық батырларды атаңдар?

II тапсырма
« Ойлан жұптас, пікірлес»

Оқушылар топтарға бөлінеді. Топтарға бөліне отырып, әр топта ұсынылған ақпараттармен танысады. Оларға қажетті мәліметтерді пайдаланып, таныстырылым көрсету тапсырылады. Жинаған мәліметтерін постер арқылы түсіндіреді.
I топ:
- Соғыстың басталуы;
- Соғыстың сипаты;
- Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, Қазақстан халқының Отан қорғаушылар қатарына жаппай жазыла бастауы;
- Қазақстанда еңбек армиясының құрылуы;
- Қазақстанға әкелінген өнеркәсіптер мен фабрикалар, кәсіпорындар, соғыс жылдары салынған құрылыстар;
II топ
- Соғыс жылдарында еңбек еткен, аты аңызға айналған жұмысшылар;
- Жаудың соғыстың бастапқы кезінде үлкен басымдыққа ие болуының бірнеше себептері;
- Б. Момышұлы басқарған полкінің ерлігі;
- Қазақстандықтардың Сталинград шайқасындағы ерлігі;
III топ
- Ұлы Отан соғысының аяқталуы;
- Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар;
- Атыраулық Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар;
- Атыраулық «Даңқ»орденінің толық иегерлері;

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақша презентация (слайд): Тоғызыншы 9 Мамыр - Жеңіс күні

Қазақша презентация (слайд): Тоғызыншы 9 Мамыр - Жеңіс күні

Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО - ға шабуыл жасады. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы басталды....
Баяндауыш. Баяндауыш болатын сөз таптары

Баяндауыш. Баяндауыш болатын сөз таптары

Баяндауыш сөйлемдегі бастауыштың іс - әрекетін, қимылын, жай - күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіреді....
Салыстырмалы шырай, жасалу жолдары

Салыстырмалы шырай, жасалу жолдары

Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің артық я кемдігін салыстыру арқылы көрсететін шырай түрін салыстырмалы шырай деп аталады....
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында

Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында

Жалпы мақсаты Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы, түрлі ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы, қазақ халқының батырлары, олардың ерліктері жайлы...
Атырау Ұлы отан соғысы жылдарында

Атырау Ұлы отан соғысы жылдарында

Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі, Өтепова Тойған Қуанышқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×