Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Мәңгілік ел – мәртебелі тіл

Мақсаты: қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру. Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу. Қазақ халқының әдебиетін негізге ала отырып, көркем әдеби шығармалардағы кейіпкерлердің игі істерін насихаттау арқылы елжандылыққа, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу. Тілін, елін сүйе білуге үйрету.

«Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығының салтанатты ашылу сценарииі
Мақсаты: қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру. Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу. Қазақ халқының әдебиетін негізге ала отырып, көркем әдеби шығармалардағы кейіпкерлердің игі істерін насихаттау арқылы елжандылыққа, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу. Тілін, елін сүйе білуге үйрету.
І жүргізуші: Қайырлы таң, құрметті ұстаздар!
ІІ жүргізуші: Армысыздар, қымбатты оқушылар!

І жүргізуші: Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар,
Қазақстан - бұл азат ел, танысыңдар.
Көк байрағы, елтаңба, әнұраны,
Қазақ елі егеменді, сан ұлты бар.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдениетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз.

ІІ жүргізуші: Қазақ тілі – өміріңде, өлеңде,
Қазақ тілі – тамыр жайған тереңге.
Қазақ тілі болашаққа жетелеп,
Ұрпақтарды танытады әлемге,- дегендей, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтерер сендерсіңдер, құрметті достарым! Осыған орай «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығы өтеді.

(Оқушылар өлеңдерді оқиды)
1. Туған елім – тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сыр ойдағы. Өссе тілім, менде бірге өсемін, Өшсе тілім, мен де бірге өшемін!
2. Өсірген ой білімді, Сүйем туған тілімді. Мақсат етем әр сөздің мәнін терең білуді.
3. Ана тілім – ұраным, Ана тілім – құралым, Ана тілім болмаса, Мықты болмас тұрағым.
4. Туған тілім – бабам тілі - өз тілім, Туған тілім – анам тілі - өз тілім. Туған тілім – далам тілі - өз тілім, Туған тілім – адам тілі - өз тілім.
5. Ақыл - ойын дананың ана тілден аламын. Ана тілі ардақты ақ сүтіндей ананың.
6. Қазақ тілі – қазақтың ана тілі, Бірақ оған адам аз бас иетін. Қазақ тілі – қазақтың дара тілі, Кейбіреулер түсінбес қасиетін.
7. Сүйем өз тілімді, Боламын білімді. Өз тілім үйретер өнерді, ғылымды - Сүйем өз тілімді
І жүргізуші: Осымен қазақ тілі мен әдебиеті апталығына арналған салтанатты ашылу рәсімі аяқталды. Құрметті достар, сендер қазақ тілі мен әдебиеті апталығына белсенді қатысасыңдар деп сенеміз!

ІІ жүргізуші: Апталықтың жоспарымен ақпарат тақтасынан оқып танысасыңдар. Баршамызға сәттілік тілейміз!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету