Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Ыбырай Алтынсарин «Өзен» өлеңі

Атырау қаласы, №11 Ы. Алтынсарин атындағы
орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бағытжанова Айжан

Әдебиет 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Өзен» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өзеннің адам өміріндегі маңызы жайлы түсінік беру, оқу дағдыларын жетілдіру, мәнерлеп оқуға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ой - өрісін, шығармашылық қабілетін жетілдіру.
Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, адамзат ауасын жұтып, сусын ішіп отырған табиғат - ананы қорғап, аялауға үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: топтық жұмыс, шығармашылық жұмыс, топтастыру, СТО әдістері
Сабақтың көрнекілігі: өзен, көлдің суреттері, сызбалар, кеспе қағаздар, АКТ

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу;
ә) түгендеу, оқу құралдарын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Кубизм» әдісі

1 - топ. Зертте: «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесінің тақырыбы қандай?
2 - топ. Суретте: Әңгімеде Антон бейнесі қалай бейнеленген?
3 - топ. Салыстыр: «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесін «Әке мен бала» әңгімесімен салыстыру.
4 - топ. Қолдан: Қайыршы Антонға бейтаныс кісінің ақылы қалай әсер етті?

IІІ. Жаңа сабақ
Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші табиғат пен адам егіз ұғым. Адам өз тіршілігіне қажеттіліктің бәрін табиғаттан алады. Өз кезегінде табиғатқа да көмегін тигізіп отырады. Ағаштар отырғызып, орман тоғайларды табиғи өрттен құтқарып, жан - жануар, құстарға қамқорлық көрсетеді.(Экологиялық тәрбие беру.)
Бүгінгі сабақта Ыбырай Алтынсариннің «Өзен» өлеңімен танысатын боламыз.(Тақтаға жазу)
Суретпен жұмыс.
- Сурет бойынша не айта аламыз? Суретте не бейнеленген? (Экологиялық тәрбие беру)
(Оқушылардың жауабы)
- Суретте аспанмен тілдескен биік таулар, ақбас шыңдар, таудан сарқырап ағып жатқан өзен, көк майса, өрлей өскен шыршалар, табиғатқа ерекше көрік сыйлап тұрған әсем гүлдер. Өзен жағасында маржан тастар бейнеленген.
- Табиғаттың тамаша көрінісі сенде қандай көңіл күй туғызады?
- Таза ауа, мөлдір судың адамға қандай пайдасы бар?

IV. Шығармашылық тапсырма
а) «Табиғат және адам» тақырыбында не айта аламыз?
(Ауызша әңгіме құрастыру)
ә) Концепцуальды карта
(Оқушылардың шығармашылық ой - өрісін дамыту)
б) Өлеңді мәнерлеп оқу (Мәнерлеп оқуға үйрету)
- Бұл қандай шығарма?
- Поэзиялық шығарма.
- Шығарманың өзге қандай түрлерін білеміз?
- Проза, драма, роман т. б
в) Сөздік жұмысы ( Сөздік қорын байыту)
Қынарда - жағасында
Жанабында – маңайында
Алуан - алуан – әр түрлі

V. Өлеңді сатылай кешенді талдау
Авторы: Ыбырай Алтынсарин - қазақ балалар әдебиетінің атасы, ағартушы - педагог, ұлы ұстаз
Тақырыбы - өзеннің сұлулығын суреттеу.
Жанр түрі - поэзия (өлең)
Идеясы - табиғатты қорғау
Шумақ саны - 4 шумақты
Тармақ саны - 18 тармақты
Бунақ саны - 2 - 3 бунақты
Буын саны - 11 буынды өлең
Ұйқас түрі: қара өлең ұйқас түріне құрылған.
Әдеби - теориялық ұғымдар - эпитет, теңеу
Түсіндірме сөздік: Өксіген - шөлдеген мақсатында,
Қынарда - жағасында, маңында,
Жай - орын, қоныс
Жанабында - жанында, маңында
Тәрбиелік мәні - табиғатты аялай білуге үндейді.

VI. «Топтастыру» әдісі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 1
Пікір білдіру
aiboll
  • aiboll
  • 23 қаңтар 2016 22:21
Айжан ханым, сіздің жоспарларыңыз өте сауатты құрылған. Тақырыпты толық ашып түсіндіргенсіз, оқушыға берілген тапсырмалар да толық көрсетілген. Бұл жоспарларды пайдаланушы әр ұстаз сізге іштей болсын рахметін айтатын шығар деген ойдамын.
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету