Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақ әдебиеті пәні бойынша 1 - жартыжылдыққа арналған жұмыс дәптері

Есілбай жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі:
Машенова Гүлмира Қайырбекқызы

Қазақ әдебиеті пәні бойынша 1 - жартыжылдыққа арналған жұмыс дәптері

Қазақ әдебиетінде өзіндік айтулы із қалдырған белгілі жазушымыз Ғабиден Мұстафин: «Ең ұзақ сөйлемнің де соңынан қойылатын нүктесі бар» дегендей, мұғалімдер мен оқушылар үшін ең шешуші соңғы нүкте – Біріңғай ұлттық тестілеудің көрсеткіші. Біріңғай ұлттық тестілеудің сапалы өтуі алдымен мұғалімдер мен оқушылардың уақытты тиімді пайдалануында. Осыған орай қазақ әдебиеті пәнінен оқушыларға арналған жұмыс дәптерін ұсынып отырмын.
Жұмыс дәптерінде қазақ әдебиеті бойынша әдебиет теориясынан сұрақтар және әдебиет бағдарламасы бойынша тест жұмыстары енгізілді.

5 - сынып бойынша теориялық сұрақтар:
1. Ауыз әдебиеті дегеніміз не
2. Тұрмыс – салт жырларын ата3. Наурыз жырында қандай тілек айтылады?
4. Тұсаукесер қандай тойда айтылады5. Бата түрлерін жаз
6. Мақал - мәтел дегеніміз не?
7. Қандай мақал - мәтел түрлерін білесің?
8. Сөздің көркі не?
9. Жұмбақ дегеніміз не?
10. Жұмбақтың тақырыбын ата11. Ертегінің түрлерін ата
12. «Ер Төстік» қандай ертегіге жатады13. «Ер Төстік» ертегісіндегі кейіпкерлерді ата
14. Жаманға елі қандай ат қойды
15. «Кендебай» ертегісіндегі Кендебайдың ерлік істерін ата
16. Кейіпкер дегеніміз не
17. Аңыз дегеніміз не
18. Қазақ аңызындағы кейіпкерлерді ата
19. Шешендік сөздер дегеніміз не
20. Құранда неше сүре бар21. Құран Кәрім адамды қандай болуға тәрбиелейді?
22. Адамды Алла қалай жаратты?
23. Әдеби ертегі дегеніміз не?
24. Әбділдә Тәжібаевтың туған жері 25. «Толағай» ертегісінің басты идеясы
26. Мысал дегеніміз не?
27. Ахмет Байтұрсыновтың туған жылы
28. «Өгіз бен бақа» мысал өлеңінің тақырыбы
29. «Егіннің бастары» мысал өлеңінің тәрбиелік мәні неде?
30. Махамбет Өтемісұлының «Соғыс»өлеңінде қандай оқиға суреттелген
31. Ыбырай Алтынсариннің туған жері
32. Ыбырайдың атасы
33. «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесінде бейтаныс адам Антонға қандай ақыл айтады
34. Кейіптеу дегеніміз не?
35. Абайдың «Қыс» өлеңінен кейіптеу түрлерін теріп жаз
36. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Шілде» өлеңіндегі көріністерді теріп жаз37. Мағжан Жұмабаев «Сағындым» өлеңінде кімдерді сағынады. 38. Жамбыл Жабаевтың туған жылы
39. Жамбыл Жабаевтың «Өтеген батыр»жырында егіншілік қалай дәріптелген
40. Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» шығармасындағы табиғат көрінісін бейнелі сөзбен жаз
41. Ілияс Жансүгіровтың «Күй»шығармасының негізгі идеясы
42. Мұхтар Әуезовтің «Ақын қонақтар» «Абай жолынан» үзінді шығармасында Барлас ақын Абайға қандай бата берді?
43. Сәбит Мұқановтың туған жері
44. Сәбит Мұқановтың «Лашын» әңгімесінде кімнің жастық шағы айтылады?
45. Иса Байзақовтың туған жері
46. Иса Байзақовтың «жазғы кеш» өлеңіндегі көркемдегіш құралдарды тап
47. Қалмақан Әбдіқадыровтың туған жылы
48. Қалмақан Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» шығармасынан Қажымұқанның сыртқы келбеті, мінез - құлқын суреттейтін жерін жаз
49. Қасым Аманжоловтың туған жері
50. Жұбан Молдағалиевтың «Ар - ұят» өлеңіндегі негізгі ой

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×