Сайтқа кіру Тіркелу

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

Жамбыл облысы, Қордай ауданы,
№43 Б Момышұлы атындағы орта
мектебінің орыс сыныптарындағы
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Оспанова Раушан Султангалиевна

Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыра отырып, сөйлем мүшелерін тұрлаулы, тұрлаусыз мүшеге ажырата білуге үйрету. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорларын байыта отырып, өз ойларын еркін жеткізе білуге, тыңдай білуге және ойымен бөлісуге үйрету.
Коммуникативтік дағдысын қалыптастырып, логикалық ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Елін, жерін сүюге, тарихын білуге, қазақ халқының салт - дәстүрлерін құрметтеуге баулу. Қонақжайлылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұхбаттасу, мәнерлеп оқу, сөйлесім, тыңдалым, жазылым әрекеттері, жүгірме диктант, режимдік диалог әдісі
Сабақтың түрі: жаңа, аралас.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, фильм үзінділері, электронды оқулық, плакаттар, ұлттық тағамдар, үлестірмелі материалдар.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, орыс тілі.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
а/ Кезекшімен диалог
Сыныпта кім кезекші?
Сыныпта кім жоқ?
б/ Фонетикалық шынықтыру. /слайд/
Қайырлы күн, достым!
Қайырлы күн болсын!
Сабағымыз бүгінде,
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын!
в/ Сабаққа психологиялық дайындық /слайд/
Балалар, тақтадағы суреттерге көңіл аударамыз. Сабақтың басындағы көңіл – күйлерің қандай екенін белгілеп алыңдар, естеріңде сақтаңдар.

Жаман жақсы өте жақсы
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1/ Біз сіздермен «Елтану» модулін бастаған болатынбыз, біздің бүгінгі мақсатымыз қазақ халқының ұлттық тағамдарының, қазақы дастарқанның байлығын, кеңдігін, өзге ұлт өкілдеріне насихаттай отыра елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру болып табылады.
Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазып алайық.
Балалар, біз қандай тағамдарды білеміз? / сүт, палау, ет, сорпа, тұшпара т б/
2/ Ендеше, мына электронды оқулыққа назар аударамыз./ 1 минут/
- Бұл тағамдардың ішінде қазақ халқының ұлттық тағамдары бар ма?
- Қандай ұлттық тағамдарды білеміз? / слайд/
Ұлттық тағамдар нешеге бөлінеді?
2 - ге бөлінеді. / слайд/
1/ Сусындар: қымыз, айран, шұбат, сүт, шалап
2/ Тағамдар: бесбармақ, сорпа, қуырдақ, қазы, қарта, жал, жая.
3/ / Слайд. Еттің суреті./
Бұл қазақ халқының ұлттық тағамы. Ол туралы не білеміз? / үйге берілген мәтін бойынша балалар сөйлейді/
Жақсы, балалар, ет қазақтың ең негізгі тағамдарының бірі болса, мына экранға назар аударыңыздар.
4/ «Дастарқан» әні тыңдалады. 1 минут.
Бұл әнде не туралы айтылады?
Қазақтың қонақжайлығы, кең пейілдігі туралы айтылады.
Қазақы дастарқан қандай?
Өте бай, кең, мол.
5/ Ендеше, келген қонақтарымызға қонақжайлылығымызды көрсету үшін қазан көтеріп, сый - құрметпен бірге білімімізді көрсете білейік.. Сыныбымыз екі топқа бөлінген, топ басшылары бағалап отырыңыздар.
А. Сөздік жұмысы
Мәтінмен жұмыс жасау үшін жаңа сөздерге назар аударамыз.
Қонақ – гость
Қонақжайлылық - гостеприимство
Күтіп алу - встречать
Қызмет ету - ухаживать
Дәм - пища, еда
Ауыз тимей - не попробовав
Қуырған бидай - жаренная пшеница
/ сөздікке жазу, жеке және хормен оқу, сөз тіркестерін құрау/
Б. Қазанымызға ет салу үшін мәтінмен жұмыс жасаймыз. /слайд/
Мәтінмен жұмыс. / мұғалім оқиды, 1 оқушы оқиды, мазмұндаймыз/
- Қазақтың ұлттық дастарқанында тағамдардың қандай түрлері болады? /слайд/ Ет тағамдары - қазақша ет, қуырдақ, қарта, қазы, жал, жая.
Сүт тағамдары – ірімшік, құрт, май, айран сүт
Нан тағамдары – бауырсақ, шелпек, жұқа нан, таба нан, құймақ.
Дәннен жасалған тағамдар – тары, қуырған бидай, жент, талқан тб
ABCD - режимдік диалог – жаттығарлар әдісі.
/ Диалоги - тренинги в режиме ABCD/
A – ақпарат алмасу (обмен информацией).
• Сұрақтар бойынша ақпарат алмасу диалогын құраңыз.
/Составьте диалог – обмен информацией по вопросам/
- Қазақтың қандай ұлттық тағамын білесің?
- Бесбармақ, қуырдақ, кеспе, қазы, қарта.
- Қандай ұлттық сусындарды білесің?
- Қымыз, айран, шұбат.
- Қазақтың басты ұлттық тағамы қалай аталады?
- Ет.
B – келісу (выражение согласия).
• «Иә» сөзі мен сабақ лексикасын қолдана отырып, «келісу» диалогын құраңыз.
/Составьте диалог - согласие, используя лексику урока и утвердительное слово «иә»./
- Сен ұлттық тағамдарды білесің бе?
- Иә, ұлттық тағамдарды білемін.
- Саған ұлттық тағамдар ұнай ма?
- Иә, маған ұлттық тағамдар ұнайды.
- Сен ұлттық тағамдардан бесбармақ тағамын ұнатасың ба?
- Иә, мен ұлттық тағамдардан бесбармақ тағамын ұнатамын.
C – түсінбегеніңді қайта сұрау (переспрос).
• «Түсінбедім, қайталап жіберіңізші» фразасы мен сабақ лексикасын қолдана отырып, «Ұлттық тағам» туралы қайталап сұрау диалогын құраңыз.
/Составьте диалог - переспрос с использованием лексики урока и фразы «Түсінбедім, қайталап жіберіңізші» на тему «Национальные блюда»./
- Сіздің сүйікті ұлттық тағамыңыз қуырдақ па?
- Иә, менің сүйікті ұлттық тағамым қуырдақ.
- Түсінбедім, қайталап жіберіңізші, сүйікті ұлттық тағамыңыз қуырдақ па?
D – күмән білдіру (выражение сомнения).
• «Бәлкім, солай болар» фразасы мен сабақ лексикасын қолдана отырып, «Ұлттық тағамдар» тақырыбына «күмәндану» диалогын құраңыз.
Составьте диалог - сомнение с использованием лексики урока и фразы «Бәлкім, солай болар» на тему «Национальные блюда».
- Қазақтың басты ұлттық тағамы ет пе?
- Бәлкім, солай болар.
- Ол ұлттық тағамға жатады ма?
- Мүмкін, солай шығар.
- Қымыз, айран, шұбат – қазақтың ұлттық сусындары ма?
- Бәлкім, солай болар.
- Олар ұлттық сусындарға жатады ма?
- Мүмкін, солай шығар.
В. Жазбаша жұмыс. « Жүгіріп жүріп диктант жазу» әдісі.
Балалар, қазанымыз қайнап, піскенше диктант жазамыз.. / сынып 2 топқа бөлінген/
1 - топқа мәтін «Құймақ»
Қазақтың тағамы – құймақ. Мен оны ыстық майға пісіремін. Оның көлемі дөңгелек болады. Құймақ дәмді, тәтті тағам.
«Қымыз»
Қазақтың ұлттық сусыны – қымыз. Оны биенің сүтінен жасайды. Қымыз денсаулықты жақсартады. Ол әрі сусын, әрі тағам.

/Тақтадан қажетті сөздерді алып, мәтін жазылады, топ басшысы тақтаға шығып жазады, балалар дәптерлеріне көшіріп отырады. Бір сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін тауып, талдап береді. Балалар бір - бірінің жұмыстарын тексереді. Сөйлем мүшелерінің ережесі айтылады./
Енді, балалар, паровозға отырып Ғажайыпстанға саяхат жасаймыз. Назар аударып тыңдап отырамыз.
Г. Сергіту сәті. «Ғажайыпстанға саяхат» /электронды оқулық/
Сонымен, тез өсу үшін қандай тағамдар жеу керек?
Дұрыстап тамақтану үшін үйге барады екен, ата – анасы дастарқан жайып тосып отырған болар. Қыз баланы қонаққа апара жатыр. Ал қонақ туралы қандай мақал - мәтел білеміз?
Д.«Сандар сөйлейді» айдары. Жасырылған мақалды табу.
«Ас иесімен – тәтті,
Табағымен жақсы»
Е/ Деңгейі төмен оқушыларға үлестірмелі материалдар таратылып, деңгейі жоғары оқушылар бір - біріне жұмбақ жасырады.
Жұптастыру.
Қымыз қуырады
Сүт асады.
Қуырдақ пісіреді
Ет сапырады
- Сонымен, құтты қонақтарымызға арналған ұлттық тағамымыз «Бесбармақ» дайын болды. Табақ тартпас бұрын үй тапсырмасын жазып алайық.
6. Үй тапсырмасы. 1/ 151 бет 3 - тапсырма жазбаша. Сызба бойынша сөз
тіркестерін құрамыз.
2/ Мәтіннің мазмұнын айту.

Дастарқанымызға көршілес жатқан халықтарды қонаққа шақырып, ұлттық тағамдарымен салыстырып.
ВЕНН диаграммасын құрамыз.
Қазақ халқының тағамы............. Ортақ тағам.......... Орыс халқының тағамы
Қуырдақ.......................................... нан......................... котлет
Қымыз............................................. ет.............................. борщ
Шұбат.............................................. қуырады................... квас
Ірімшік............................................ пісіреді...................... кисель
Құрт................................................. қайнатады................ пельмени
Наурыз көже
7. Сабақты бекіту.
Балалар, көктем мерекесімен бірге халқымыздың төл мерекесі «Наурыз мейрамы» да келіп қалды. / Р. Рымбаеваның «НАУРЫЗ»әні слайд арқылы тыңдалады/
- Бұл мерекеде қандай ұлттық тағам әзірленеді.?
- Наурыз көже.
- Наурыз көже туралы не білеміз?
-------------------------------------/ көжені қолына ұстап тұрып қалай әзірленуі туралы 1 оқушы баяндап береді./
Астарыңыз дәмді болсын!- дей отыра оқушылар бағаланады.
- Балалар, сабақтың соңында көңіл - күйлерің қандай болғанын анықтайықшы. / смаликтерді көтереді./
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақ халқының десерттік тәтті тағамдары

Қазақ халқының десерттік тәтті тағамдары

Қай халықтың болмасын дастарқаны, сол халықтың тұрмыс салтына, әдет - ғұрпына, тіршілік тынысына орай қалыптасары белгілі. Ғасырлар бойы көшпелі...
Менің сүйікті тағамым

Менің сүйікті тағамым

Сабақтың мақсаты: Жаңа сөздермен таныстыра отырып сөйлем құрап, сұраққа жауап беру арқылы тілдерін дамыту. Жаңа сөздерді есте сақтауға жағдай туғызу....
Қонақ келсе құт

Қонақ келсе құт

Қонақ күту тақырыбы жайында түсінік беру, жаңа сөздерді меңгерту, тақырып аясында еркін сөйлей білуге жағдай жасау. Дамытушылық: тақырып...
Қазақтың ұлттық дастарқаны

Қазақтың ұлттық дастарқаны

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын, қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеу, тағамдардың...
Қазақтың ұлттық тағамдары

Қазақтың ұлттық тағамдары

Сабақтың мақсаты: Ұлттық тағамдар туралы тереңірек мағлұматтар беру, «ой-қозғау» тәсілдері арқылы оқушылардың танымдылықтарын, өз бетімен әрекеттену...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×