Сайтқа кіру Тіркелу

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өз туған жерін, кең – байтақ жерінің байлығы туралы дамытушылық білімдерін жетілдіру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік. өз өлкеміз Солтүстік Қазақстан өңіріне оқушылардың зейін мен назарын аудартып, қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын арттыру;
Дамытушылық. Оқушылардың салыстыра ойлау, зейін қойып, түйіндеме арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік. Табиғатымызды аялауға, оны қорғауға, туған елін, жерін сүюге, құрметтеуге, Отанына ерен еңбек етуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақ әдісі; түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, ой қозғау.
Сабақ көрнекіліктері: үйлестірме қағаздар, оқулық, презентация
Сабақ байланысы: Қазақстан тарихы, география, қазақ әдебиеті
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру:
Амандасу:
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық.
Бір жадырап қалайық!
ІІ. Жаңа сабақ:
ІІ. 1. Тақырыппен таныстыру үшін сұрақтар қою:
1. Біз қай Республикасында тұрамыз? (Қазақстан)
2. Қазақстан астанасы қай қала? (Астана)
3. Қазақстанның Президенті кім? (Н. Назарбаев)
4. Сен қай облыстарда тұрасың? (Солтүстік Қазақстан)
5. Біздің облыс орталығы қай қала? (Петропавл)
6. Петропавл қаласының ежелгі атауы? (Қызылжар)
7. Петропавл қандай қала? (алған әсерлерін әңгімелейді)

ІІ. 2. Мәтінмен жұмыс:
А). Сөздік жұмысы:
• Солтүстік – северный
• Тұрамын – живу
• қақпасы - ворота
• Іспетті – сияқты – как
• Табиғат – природа
• Есіл өзені – река Ишим
• Өңір - край
• Қайың – береза
• Терек - тополь
• Тоғай – роща
• Орталық – центр
• Қаланған – образован
• Қаламгерлер – писатели

Ә). Мәтінді оқып, түсіну.
Мен Солтүстік Қазақстан облысында тұрамын. Солтүстік Қазақстан облысы - Республиканың “солтүстік қақпасы” іспетті. Біздің облысымыз Қазақстанның Қостанай, Ақмола және Ресей Федерациясымен шекаралас.
Біздің облысымыздың табиғаты бай. Есіл – осы өңірдің ең үлкен өзені. Облысымыздың көп жерін орманды алқап алып жатыр. Оларда негізінен қайың, терек, тоғай ағаштары өседі. Сондықтан облысымызды көбінесе “ақ қайыңды” өлке деп атайды.
Солтүстік Қазақстан облысының орталығы – Петропавл қаласы. Ол 1752 жылы қаланған. Біздің облысымызда 13 аудан бар.
Солтүстік Қазақстан облысы: Мағжан Жұмабаев, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов, Иван Шухов сияқты қаламгерлердің отаны.
Б) Сұрақтарға жауап беру:
--- Мәтінде не туралы айтылған?
--- Мәтіннен “облыс” түбірі бар сөздерді атап беріңдер.
--- Сол сөздерде қандай септік жалғаулары бар?
ІІІ. Дәптермен жұмыс:
ІІІ. 1. Септіктерді қайталау,
1. Атау септігі (кім? не?)
2. Ілік септігі (кімнің? ненің?)
3. Барыс септігі (кімге? не?)
4. Табыс септігі (кімді? нені?)
5. Жатыс септігі (кімде? неде?)
6. Шығыс септігі (кімнен? неден?)
7. Көмектес септігі (кіммен? немен?)
ІІІ. 2. «Өлке», «қайың» сөздерін септеңдер:

ІҮ. Мақал - мәтелдермен жұмыс:
1. Сөзжұмбақты шешіп, осы сөзге мақалды толықтыр:
О
Т
А
Н
1.... инемен құдық қазғандай.
2. Қатты зат
3. Қымбат жан
4. Ас атасы

2. Мақалдарды оқып, түсіндір:
1. Отан оттан да ыстық.
2. Отан отбасынан басталады.
3. Отан үшін отқа түс күймейсің.
4. Отансыз адам болмас, ормансыз бұлбұл болмас.
5. Отан үшін күрес, ерге тиген үлес
6. Отаның берік болса жауың алмайды
7. Опасызда Отан жоқ
8. Отан нышаны отбасы
9. Отан елім өз халқым.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×