Сайтқа кіру Тіркелу

Әдеп, әдептілік ұғымдары

Тақырып: Әдеп, әдептілік ұғымдары

Жалпы мақсаты: Білімділік: Оқушыларды әдеп, әдептілік ұғымдарымен таныстыру; әдеп терминінің алғаш қолданылуы; іскерлік қарым - қатынаста сөз әдебін, сөйлеу мәдениетін сақтай білу; әдептіліктің кейбір ұстанымдары: сенім, сабырлық туралы білімді меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасау, өз пікірін еркін жеткізу арқылы жаңа білімді өз бетімен меңгеру қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, инабаттылыққа, кішіпейілдікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Ресурстары: оқулық, бор, тақта, бағалау парақшалары, флипчарт, түрлі - түсті бояғыштар, стикерлер,
Әдіс - тәсілдері: тәсілі: жекелей, жұппен, топпен Әдісі: сұрақ - жауап, ой қозғау, іздендіру, талдау, «Түртіп алу»,
Оқыту нәтижелері: • Диалог арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады;
• Өз пікірін негізді, тұжырымды түрде білдіре алады;
• Тарихи тұлғалардың өмірі мен атқарған қызметі туралы айта алады;
• Жұптық, топтық жұмыстар негізінде ынтымақтастыққа үйреніп, шығармашылықпен жұмыс жасайды;
• Мәтіндегі негізгі ойды айта алады;
• Оқушылар бірін - бірі оқытуға үйренеді;
• Терминдер мен ұғымдарға анықтама бере алады;
Түйінді идеялар: Әдеп. «Мінез - құлық ережелері». Ежелгі Мысыр. Аристотель. Конфуций. Кішіпейілділіктің үш түрі. Әдептілік ұстанымдары. Іскерлік қарым - қатынастағы сөз әдебі және сөйлеу мәдениеті.
Дереккөздер: Оқулық, ғаламтор материалдары.
Сабақтың барысы: Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті Бағалау
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу
«Достық торы» ойынының жүру ережесімен таныстырады.
Топқа бөліп, бағалау парақтарын таратады. Бүгінгі сабақтан жақсы әсер алып, үйге көтеріңкі көңіл - күймен қайтуға тілектеспін. Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Мұғалім тоқыма жіпті бір саусағына іліп алып, өзі қалаған оқушыға жылы лебізін білдіріп лақтырады. Жаттығу осылай жалғасады. Соңында «достық торы» пайда болады.
Топқа бөлу: «Топ таңдау»
/3 топқа бөлінеді: №1, №2, №3/

Үй тапсырмасы «Этнолингвистика және оның салалары» тақырыбы бойынша сұрақтар жазылған «Құпия хат» таратады. Әр топтағы оқушылар бірлесіп сұрақтарға жауап береді
Оқушылар бағалау парағының өзін - өзі бағалау бағанын толтырады.
Жаңа тақырып
Қызығушылығын ояту
Жаңа тақырыппен таныстырып, миға шабуылдау арқылы сабақтың мақсатын оқушылармен бірлесе құрады.
«Ойлан. Жұптас. Пікірлес»
Мұғалім екі - үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялатады. «Бүгінгі сабақта не туралы оқып - білетін боласыңдар?» сұрағына өз ойларын білдіреді.
- Әдепті бала қандай болады?
- Өз іс - әрекетіңнен ұялған кезің болды ма?
- Әдепті адамның бойында қандай қасиеттер болуы қажет?
- Біреуді мазалаған кезде немесе оған қолайсыздық тудырған жағдайда не істер едің? Сұрақ бойынша әр оқушы жекеше өз ойларын қағазға түсіреді. Содан кейін жұбымен талқылайды, пікірлеседі. Мұғалімнің мадақтауы
Мағынаны ажырату
Әр топқа тапсырма береді.

Интерактивті тақтадан қысқаша шолу жасау

Рөлдік ойын «Әдептілік»
Әр топтағы оқушылар мәтінмен танысып, жұп болып талдағаннан кейін мұғалім таратқан карточкадағы тапсырмаларды орындайды.
Осыдан кейін тақтаға әр топтан 2 оқушыдан жиналып, тақырып бойынша бір - біріне түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Алған түсініктерін толықтырады.

70 - жаттығу. Ауызша орындау
71 - жаттығу. Дәптермен жұмыс. Тақтада орындау.
Оқушылар шағын көрініс тамашалайды, сұрақтарға жауап береді Тақырыпты түсіну деңгейлерін «Басбармақ» әдісімен бағалайды.
Сергіту сәтін өткізу.
«Қасиеттер жәрмеңкесі» ойыны бойынша сергіп, демалады.
Ой толғаныс
Сабақ барысында меңгерген білімдері негізінде шығармашылық жұмыстар орындауға тапсырма береді.
«Фишпул» әдісі «Іскерлік - бүгінгі заман адамына қажетті басты қасиет» пікірталас ұйымдастыру.
Әр топтан өз қалауы бойынша оқушылар екі шеңберге отырады. Топ басшысы бағалау парағына оқушылардың топтық жұмысқа қатысу деңгейлерін бағалайды.
Бағалау парақшасы:

Оқушының аты:
Ұпайы 1 ұпай 2 ұпай 3 ұпай
Өзін - өзі бағалау (үй тапсырмасы)
Топ басшысының бағалауы (шығармашылық жұмыс)
Мұғалімнің бағалауы
Жиыны:
9 ұпай –«5», 7 - 8 ұпай –«4», 5 - 6 ұпай - «3», 3 - 4 ұпай – «2»

рефлексия Сабақ жайлы өз ой пікірлерін «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен стикерге жазады
Үйге тапсырма П. 13.
71 - жаттығу аяқтау, 74 - жаттығу.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«Әйел-ана»  Ақселеу Сейдімбек

«Әйел-ана» Ақселеу Сейдімбек

Жалпы мақсаттар: Ертегінің негізгі идеясын ашу, өз ойларын еркін жеткізу. Мәтінмен жұмыс жасата отырып сыни тұрғыдан ойлауға икемдеу...
Дәстүрлі билер соты

Дәстүрлі билер соты

Мақсаты: Тақырыптың идеялық мазмұнын ашу арқылы мазмұндайды, есте сақтау әдіс – тәсілдерін үйренеді, оқушының ойлау қабілеттері дамиды, тарихи тілдік...
Қазақ әдебиетінің негізгі бағыттары, көрнекті өкілдері

Қазақ әдебиетінің негізгі бағыттары, көрнекті өкілдері

8 - сынып бойынша "Қазақ әдебиетінің негізгі бағыттары" - тақырыбында өткізілген ашық сабақ қысқа мерзімді жоспары...
Етістік райларынан өткенді қайталау

Етістік райларынан өткенді қайталау

Жалпы мақсаты: Оқушылардың етістіктің рай категориясы туралы алған білімдерін бекіту, тұжырымдау, теориялық білімін практикамен ұштастыру. Әр түрлі...
Квадрат теңсіздікті квадраттық  функцияның  графигі арқылы шешуге есептер ш ...

Квадрат теңсіздікті квадраттық функцияның графигі арқылы шешуге есептер ш ...

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылар квадрат теңсіздікті квадраттық функцияның графигі арқылы шешуге есептер шығару арқылы білімдерін жинақтау,...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×