Сайтқа кіру Тіркелу

Шоқан Уалиханов - суретші

Петропавл қаласы, «№ 1 жалпы орта білім беретін мектеп - интернаты» КММ
«Шоқан Уәлиханов – суретші» (ашық сабақ 9 - сынып)
Өткізген:
қазақ тілі пәні мұғалімі
Шопанова Гүлсара Арманбекқызы

Сабақтың тақырыбы: Шоқан Уәлиханов – суретші
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың Шоқан жайлы білімдерін толықтыру, Шоқанның суретшілік өнері жайлы мәлімет беру.
2. Оқушылардың сауаттылығын арттыру, сөздік қорын молайту, дүниетанымын кеңейту.
3. Оқушыларды Шоқанның еңбектерін бағалай білуге, құрметтеуге, мақтан етуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, деңгейлік тапсырмалар орындау, сұрақ - жауап, т. б.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, мәтіндер, бейнематериал, т. б.

Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу. Кезекшімен диалог. Оқушыларды түгендеу.
Сабақ барысы мен мақсатын айту.

Үй тапсырмасын тексеру:
Оқушылардың дәптерлерін тексеріп өту. Өтілген материалдар бойынша оқушылармен диалог жүргізу.

Жаңа сабақ:
Кіріспе әңгіме. Слайдтар арқылы жаңа сабақ материалымен таныстыру:
1. Шоқан Уәлихановтың өмір тарихы.
2. Қызметі мен сапарлары.
3. Шоқан қалдырған мұралар.

Мәтінмен жұмыс түрлері:
1. Мәтінді мәнерлеп оқу.
2. Мәтінді ауызша аудару.
3. Деңгейлік тапсырмалар орындау.

Шоқан Уәлиханов – суретші
Шоқан Уәлихановты замандастары шығыстану іліміндегі қайталанбас ірі тұлға деп танығаны белгілі. Суретшілік өнер – тарихшы, географ, этнограф, фольклорист, саяхатшы Шоқанның сегіз қырының бірі ғана.
Шоқанның екі жүзге жуық суреттері сақталған. Ол суреттер Шоқан Уәлихановтың бес томдық шығармалар жинағының бірінші басылымының 5 - і томына енген. Ал «Өнер» баспасынан шыққан «Шоқан және өнер» атты кітапта Шоқанның әзірге белгілі суреттерінің бәрі
басылып шықты. Бұл еңбектер Шоқан халқымыздың шын мәніндегі тұңғыш суретшілерінің бірі екенін дәлелдейді.

Деңгейлік тапсырмалар орындау
• ІІІ деңгей
1. Мәтінді мәнерлеп оқы.
2. Мәтінді ауызша аудар.
3. Мына сөздерге дыбыстық талдау жаса:
Шоқан, тарихшы, географ, саяхатшы.
• ІІ деңгей
1. Мәтіннен септік жалғаулы сөздерді теріп жаз.
2. Мына сөздерді жікте: суретші, этнограф, суретші, фольклорист.
• І деңгей
1. “Шоқан Уәлиханов” тақырыбына диалог құрастыр.
2. Мәтіннің 2 сөйлеміне синтаксистік талдау жаса.
Дәптермен жұмыс:
1. Күнді жазу.
2. Деңгейлік тапсырмалар орындау. (Әр деңгейдің бағасын айтып, көрсету)
3. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау:
Сөйлемдерді талдаңдар:
 Қазақ, орыс, француз тілдерін үйрену үшін, Шоқан көп еңбек жасаған.
 Г. Н. Потанин Шоқанның еңбектерін еркін түсініп, халыққа жеткізді.
 Петербургте ол идеялық жағынан көп өсіп, әлеуметтік жағынан толысып қайтты.
 Шоқантану ғылымында Шоқанның тіл біліміне байланысты зерттеулер, пікірлер көп болғандықтан, Еуропа тілдерін меңгергендігі туралы деректер бар.

«Сөздер сыры» ойыны.
Ыстықкөл сапары деген сөз тіркесінен жаңа сөздер құрастыру.

Сабақты қорыту:
1. Кластер толтыру.
2. Жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою.

Үй тапсырмасы:
« 3» - Шоқанның өмір тарихы бойынша сызба даярлау.
« 4» - Мәтінді мазмұндау.
« 5» - «Шоқан – ұлы тұлға» тақырыбында реферат даярлау.

Бағалау: Бағалау парағы арқылы оқушыларды бағалау.
Қоштасу: Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Шоқан Уәлиханов-ғасырларға еңбек еткен тұлға

Шоқан Уәлиханов-ғасырларға еңбек еткен тұлға

Сабақтың мақсаты а) білімділігі: Оқушыларды Ш. Уәлихановтың өмір жолы, саяхаттары мен еңбектері туралы таныстырып әлем мойындаған даналығын, алуан...
Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» 2 сынып

Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» 2 сынып

Сабақтың мақсаты: Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесін түсіндіре отырып, оқушылардың адамгершілік қасиеттер туралы түсінігі арқылы өнерге деген...
Шоқан Уәлихановтың  өмірі мен  шығармашылығы

Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Келдімұрат ауылы. «Благодарное орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: А.К.Султанова...
С. Бегалин «Мейірім»

С. Бегалин «Мейірім»

Атырау облысы, Атырау қаласы, Қ. Смағұлов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дюсенгалиева Шолпан Бисембайқызы...
Шоқан Уәлиханов

Шоқан Уәлиханов

Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы Қуат Терібаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығы Абжаппақызы Мира Ашық сабақ:...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×