Сайтқа кіру Тіркелу

Міржақып Дулатұлы «Шешенің балаларын сүюі»

Қарағанды қаласы,
№ 101 мектеп - лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Ахметова Гүлденсін Елубаевна

Сабақтың тақырыбы: Міржақып Дулатұлы (1885 - 1935) «Шешенің балаларын сүюі»
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділігі: Міржақып Дулатұлы туралы мәлімет бере отырып, өлеңнің мағынасын ашу, талдау, түсіну.
Ә) Дамытушылығы: Әдеби тіл нормасын меңгерту, өлеңнен алған әсерлерін айта алу, логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру, өздігінен талдай білу.
Б) Тәрбиелігі: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игерту, талдау
Сабақтың әдіс - тәсілдері: АКТ - ны қолдану, топпен жұмыс, интербелсенді тақта, оқу құралдары

Сабақ барысы 1. Ұйымдастыру
Сыныпты төрт топқа бөлу, топтың атын қою, бағалаушы балаларды сайлау

2. Өткенді еске түсіру
1 - Флипчартпен жұмыс
Берілген сөйлемдердегі бос орындарды тиісті сөздермен толықтыр.

3 Жаңа сабақ
2 - Флипчартпен жұмыс
• Бес арыстың суретінен Мағжанды тауып көрсету
• Неге бес арыстың құрамына кіріп тұр?
• Алаш орда ұйымына кіру себебі не

Алыстан Алаш десе аттанамын,
Қазақты қазақ десе мақтанамын.
Болғанда әкем қазақ, шешем қазақ -
Мен неге, қазақтықтан сақтанамын?! Немесе

Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым, ендіжатужарамас - ты. – Деп, ұран тастап кеткен кім? М. Дулатов

*Ендеше, бүгінгі сабағымыздың кейіпкері - Алаш Орда ұйымының белді мүшесі, бес арысымыздың бірі – М. Дулатұлы. Бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қойыңдар.

3 - Флипчартпен жұмыс
*Міржақып Дулатұлы жайлы не білесіңдер? Видео - жазба тыңдау

4 - Флипчартпен жұмыс Хранологиялық кесте

1885 ж. 25 - қараша Қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданында, Қызбел деген жерде дүниеге келген
1897 - 1902 ж. ж. Торғайдағы 2 сыныптық орыс - қазақ мектебінде оқиды.
1905 - 1907 ж. ж. Бала оқытады.
1909 ж. Қызылжарда тілмаштық қызмет атқарады.
1910 ж. «Қазақ» газетін А. Байтұрсыновпен бірлесіп шығарады
1911 ж. маусым Семейге келгенде тұтқындалып, 19 ай қамауда отырады.
1913 - 1918 ж. ж. «Қазақ» газетінде жауапты хатшы қызметін атқарады
1922 ж. Алаш қозғалысына қатысқаны үшін қамауға алынып, Орынборға жіберіледі де қамаудан босатылады.
1922 - 1926 ж. ж. Орынборда интернат оқытушысы, Қызылжар, Семейде сот мекемесінде, Қызылордада баспасөзде қызмет атқарады.
1928 ж. Қамауға алынады.
1930 ж. Ату жазасына кесіледі, кейін 10 жыл абақтыға ауыстырылады.
1935 ж. Ақтеңіз - Балтық каналы бойындағы Сосновец лагерінде ауыр науқастан қайтыс болады.
1988 ж. 27 қазан Қазақ ССР прокуроры тексеру нәтижесінде ақтады
1992 ж. Торғай өңірінде өз есімімен аталатын ауылға сүйегін жерлейді.

5 - Флипчарт
*Шығармалары (Сызба ) Әртүрлі тақырыпта құрылған

6 - Флипчарт
Нұрлан Өнербаевтың өлеңінен үзінді тыңдату «Анашым» Өлең кімге арналған?
*Анаға. Ендеше, бүгінгі сабақтың тақырыбы Ана туралы өрбімек
М. Дулатұлының «Шешенің» балаларын сүюі» өлеңі осы Ана тақырыбына құрылған
* Ана қандай жан? Топтастыру стратегиясы
Өлеңді мәнерлеп оқу Мағынасын ашу

7 - флипчарт
• Өлеңді талдау
I топ Өлеңді құрылысына қарай кешенді талдау
1. Авторы: М. Дулатов
2. Тақырып: Бұл өлеңнің тақырыбы ананың баласына деген махаббатына арналған
3. Жанр түрі – поэзия (өлең)
Өлең дегеніміз – белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырылып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі
4. Идеясы – автор тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде, оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді.
Сол арқылы өз мақсат, мүддесін, арманын білдіреді.
Идеясы – ананың бар арманы, өмірінің мәні – баласы, соның амандығы.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×