Сайтқа кіру Тіркелу

Менің Отаным – Қазақстан

І. Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: «Менің Отаным – Қазақстан» модуліндегі тақырыптар бойынша оқушылардың алған білімдерін байқау, сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.
2. Дамытушылығы: Оқушылардың өз бетімен іздену, жұмыстану қабілеттерін дамыту. Тапқырлыққа, жылдамдыққа, ұтымды, дәл жауап беруге баулу.
3. Тәрбиелігі: Оқушыларды сабақ барысында ата - дәстүрімізді құрметтей білуге, сүюге, адамгершілікке, шешендікке, өз Отанын, халқын, жерін сүюге, Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, сөз құдіретін тани білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: викторина сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, әдебиет, математика.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, кинофильмдер, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, Ту, Елтаңба, Әнұраны, Н. Ә. Назарбаевтың портреті, мемлекеттік рәміздер, интерактивтік тақта.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Мемлекеттік әнұран орындалады.
Құрметті, қадірменді оқушылар, қонақтар бүгінгі біз «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы» 20 жұлдызды күн. Күн тізбесі белгіленді. «Отан» (15 желтоқсан) республика бойынша аталып өтеді. Ал біз осы күнге байланысты бүгін «Отан» тақырыбына арналған викторина сабағымызды өткіземіз.

Бүгін сабақты қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың өлеңімен бастаймын:
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бұл өлең не туралы айтылған?
- Туған жер, Отан туралы.
- Отан деген не?»Отан» туралы не білеміз?
- Отан деген адамдардың туып - өскен жері.
Балалар, біз «Менің Отаным» туралы өлең өттік.
Кәне кім айтып береді.
«Отан»
Отан - сенің ата - анаң, Отан - тарих, Отан - тіл,
Отан - досың, бауырың. Жасаған елің, ер халқың.
Отан - өлкең, астанаң, Отан - өлең, Отан – жер,
Отан – аудан, ауылың. Көтерген көкке ел даңқын.
Отан осы достарым,
Көңілге мұны түйе біл.
«Отан» деп өс, жас қауым,

Әрбір қазақпын деген азаматтың көкірегінде “Отан” деген сөз ыстық сезіммен сәуле шашып тұрады. «Отансыз адам – қанатсыз құспен тең» демекші, әр адамның Отаны өзі үшін ыстық. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан тәуелсіз Республикасы. Сондықтан да біз ана тілімізге деген сезімімізді шешендік сөздер мен тапқырлық өнеріміз арқылы білдіретіндігімізді қуанышпен айтамыз..
Сүйемін туған тілді анам тілін,
Бесікте жатқанымда - ақ берген білім,
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін,- деп ақын Сұлтанмахмұт жырлағандай, сол ана тілімізге деген қошаметімізді жарыс арқылы көрсетейік.

ІІІ - Танысу. Сайысқа 5 сынып оқушылары қатысады. Оқушылардың білімдерін бағалау үшін әділ - қазылар сайланады.
«Сәлем – сөздің анасы». Қазылар алқасымен таныстыру.
Әділ - қазылар 3 адамнан тұрады.

Сайыс 7 - кезеңнен тұрады.
Ойынымыздың кезеңдерімен танысайық.
1 - кезең. «Сұрақ - жауап» «Менің Отаным»
2 - кезең. «Анаграмманы шешу»
3 - кезең. «Cөз құрастыру» сайысы.
4 - кезең. «Сандар сөйлейді»
5 - кезең. «Қызықты сөздер»
6 - кезең. «Полиглот» сайысы үш тілде айту.
7 - кезең. «Мақал – мәтелдер – сөздің мәйегі.
Ал, ендігі кезек үш топқа беріледі. Әр топ өздеріңізді таныстырып өтіңіздер.

1 - Топ. «Қыран тобы».
Ұраны: «Білімімізді қару етіп, Ізденуден жалықпаймыз.
Содан кейін қыран болып қалықтаймыз.»
2 - Топ. «Тұлпар тобы».
Ұраны: Асау тұлпар! Желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.
«Сөз тапқанға қолқа жоқ».
Сөзіне қарап кісіні ал,
Кісіге қарап сөз алма.
Шын сөз қайсысы біле алмай,
Әр нәрседен құр қалма. (Абай ) атамыз айтқандай.

1 - кезең. «Сұрақ - жауап» Блиц – турнир сайысы.
1. Қазақстан мемлекеті өзінің тәуелсіздігін қашан жариялады?
(16 желтоқсан 1991жыл).
2. Қазақстанның тұнғыш президенті кім?
3. Қазақ халқының ең ірі хандары кімдер?
4. Қазақстанның рәміздерін атаңыз.
5. Қазақстанда қанша облыс бар?
6. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?
7. Қазақстанда қандай ресми мерекелер бар? (25октября Республика күні, 30 қазан Конституция, 16 Тәуелсіздік күні.
8. Қазақстан қандай мемлекеттермен шектеседі?
(Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Түркімен, Қытай, Ресей)
9. Халық ауыз әдебиетіне не жатады?
10. Қазақтың ұлы ақыны кім? (Абай)
11. Қазақтың тұнғыш педагогы кім? (Ы. Алтынсарин)
12. Еліміздің жер көлемі қанша шаршы метр? (2717300 кв м.)
13. Қазақ әдебиетінің қандай белгілі жазушыларын білесіңдер?
14. Біз қай Республикада тұрамыз?
15 Қазақ тілі қандай тіл?
2 - кезең. Анаграмманы шешіңіз. Артық сөзді табыңыз.
1 - топ. «Қыран тобына»
НАТО (Отан)
НАТСАҚЗАҚ (Қазақстан)
ТАІКП ( Кітап)
ТЕКЛЕМЕМ (Мемлекет)

2 - топ. «Тұлпар тобына.
Анаграмманы шешіңіз. Артық сөзді табыңыз.
ЗІМӘР (Рәміз)
ЗІСЛЕӘУТ (Тәуелсіз)
ПЕТЕКМ (Мектеп)
ДІМЕНЕГЕ (Егеменді)

Тамашалап көріңдер,
Жұмбақ айтып, жасырып,
Шешуін тауып беріңдер.
Таппай оны қоймаңдар,
Көп боп бірге ойлаңдар.
3 - кезең. «Сөз құрастыру» сайысы.
1 - топ «Тәуелсіздік»- Ту, ел, сіз, тәуелді, әу, әуелі, тік, ек, әл, әлсіз.

«Бесбармақ»- бармақ, бес, бар, ар, ақ, ес, мас, ас, бақ, бер.
2 - топ«Егемендік» - Егемен, еге, мен, ен, егін, ек, ем, емен, демі,
енді.
«Қуырдақ»- қуыр, уыр, ақ, қыр, қу, ыр, дақ, арық, уақ, ардақ, ар, қу

4 - кезең. «Сандар сөйлейді»

Көптеген ғасырлар бойы елімізді жаудан қорғап қалған, ұлы Отан соғысына қатысқан ұл - қыздарымыздың арқасында осындай шалқыған тәуелсіздігімізге, егемендік жерімізге жетіп отырмыз.

Қарсы алыңыздар! Алдарыңызда Әлия мен оның тәрбиешісі және Мәншүк Мәметова мен апасымен қоштасуы.

Слайдта көрсетілген сандар мен жылдарға түсініктеме беру.
Берілген ұпайларына байланысты сұрақтар күрделене түседі.

10 - ұпай.
1945 - Жеңіс күні.
1941 - СССР - Германия соғысының басталуы.
20 - ұпай.
1466 - Қазақ хандығының құрылуы.
1954 – «Тың»игеру жылы.
.
30 - ұпай.
16 - Тәуелсіздік мерекесі.
98 - Конституциясы бап саны.
Жақсының үлгісі
Жанып тұрған шамдай
Шешенің сөзі
Ағып тұрған балдай
5 - кезең. «Қызықты сөздер».

1. Карта....(Жер көлемінің кішірейтілген нұсқасы).
2. Конституция....(Ата заң).
3. Геродот...(Батыстың «Тарих атасы»).
4. Шаңырақ.....(Киіз үйдің күмбезді төбесін құрайтын ең жоғарғы бөлігі).
5. Шекпен...(Түйе немесе қой жүнінен тоқылатын сыртқы киім).
6. Тымақ...(Түлкі терісінен тігілген ер адамның бас киімі).
7. Саба, торсық, келі, күбі...(Қазақтың ұлттық ыдыс - аяқтары).
8. Кебеже, абдырна, жастық, ағаш... (Үйдің негізгі жиһаздары).

Жеті жұрттың, тілің біл,
Жеті түрлі, білім біл.

6 - кезең. «Полиглот». сайысы.

Үш топқа ортақ сұрақтар. Жауабын орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде айтылады.

1. Заң – закон -
2. Мемлекет - Государство -
3. Елтаңба - Герб -
4. Егемен - Суверенный
5. Тәуелсіз - Независимый -
6. Қонақжай - Гостепримный -
7. Атамекен - Земля предков.
8. Ата заң – Конституция -
Шешендіктің сәні жоқ,
Сөзіне сүттей ел үйып,
Қолтығына ел сыйып,
Басына бақыт қонбаса.
7 - Кезең. «Мақал - мәтел - сөздің мәйегі».
1. Туған жердей жер болмас,(туған елдей ел болмас).
2. Туған жер - (алтын бесік).
3. Батыр ел үшін туады,(ел үшін өледі.).
4. Отан үшін отқа түс,(күймейсің).
5. Отан оттан да (ыстық).
6. Отансыз адам -(ормансыз бұлбұл).
7. Бейбіт елде,(береке бар).
Ал, енді сабағымыздың соңында оқушылардың сіздерге арналған үй жұмысы ретінде Тәуелсіздігіміздің 20жұлдызды күніне әрі Тәуелсіз еліміздің жеткен жетістіктері туралы Рудный қаласының тұрғыны «Республикаға еңбегі сіңген кенші, қаламыздың Құрметті азаматы «Қасымқаир Дюсембаевтің «қысқаша шолу» өлеңі тамашалаңыздар.

Қарсы алыңыздар! Алдарыңызда екі топтың оқушылары.
ІІ - Тәуелсіздіктің ХХ жылдығына
(қысқаша шолу).

1. Жетпіс жыл билеп - төстеген, Бодандықты «көксеген»,
Компартия құлады.
Тәуелсіздік, бостандық,
Еркіндік алды жол тауып.
КСРО құрамы.
Әркім өзі еркімен,
Тарихи мекен, халқымен,
Мемлекетін құрады.
Содан бері жиырма жыл,
Жылдар да болды бұлыңғыр,
Жеңді бірақ, шыдады.
Көрші елдермен келісіп,
Шекарасын «мықтады».
Бір шаңырақ астына,
Татулыққа шақыра,
Барша жұртын жинады,
Егемендіктің белгісі,
Бостандықтың еншісі,
Төл теңгесін шығарды.

2. Белгіленді Елтаңба,
Әнұраны, Жалауы,
Мемлекеттің нышаны.
Көк байрағы желбіреп,
Егеменді елім деп,
Бар әлемге жар салды.
«Қан жылатқан Семейді,
Зәресін алған бар елдің,
Жабылды сынақ алаңы.
«Арашалап Аралды»,
Басталды істер шарасы,
Теңізді сақтау амалы.
Жол торабы - Арқада,
Салынды жас – Бас қала.
Астанам ол - АСТАНА.
Халықтар Ассамблеясы,
Достық бірлік ұясы,
Ұлтаралық «сахна».
«Көзін ашты бусанып,
Бостандықтың бұлағы.
Тәуелсіздіктің тұрағы.

3. Осы жылдар ішінде,
Ауылдың хәлі мүшкіл де,
Қайта жанды шырағы.
Қайта жанды шырағы.
Миллиард пұттап астығы.
Миллиондап өсті мал басы,
Қандай жомарт даласы.
Жер асты байлық көздері,
Аллаһтың бізге бергені,
Ешкімнің жоқ таласы.
Болашағын болжаған,
Ғарышкер болды баласы.
Нарықты да меңгеріп,
Күресті де белдесіп,
Қош түзелді қарашы!
Көп бағытты саясат,
Тіл табысу парасат,
Заманауи талабы.


4. Дүние жүзін аралап,
Әрбір ісін саралап,
Танылды жұртқа қазағы.
«ЕҚЫҰ – САММИт» өткізіп,
Бір - біріне бет бұрып,
Келісіп бәрі тарады.
Татулық ырыс – бірлікте.
Сенім мен төзім – елдікте.
Евро – Азия талабы.
Шанхай ынтымақ ұйымы,
Тереңде жатыр ұғымы,
Ара татулық алаңы.
Салауатты өмірдің.
«АЗИАДА» алауы.
Екі мың жиырма – жобасы,
Шарықтау еңбек додасы
Елу ел бізбен толады.

5. Қуғын көрген қандастар.
Келіп жатқан жан - жақтан,
Миллионға жетіп қалды.
Жығылдық, тұрдық, жүгірдік.
Ел жаңартып үлгердік.
Аламыз талай қамалды!
Мұның бәрі бастама,
Мыңдаған алда іс – шара.
Ұранымыз, тек Алға!!!
Осы істер басында,
Жиырма жыл бірге қасында,
НҰРЕКЕҢ тұр – КӨШБАСШЫ.
Халқының қамын ойлаған,
Болашағын болжаған,
Дана біздің – Елбасы.
Қолдауы мен Әлеумет,
Тұнғыш біздің Президент,
Атанды бүгін – Ұлтбасы! (Қ. Дүйсенбаев).

Сабақты қорыту кезеңі:
Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе, Тәуелсіздігіміздің 20-шыңы аясында 20 жұлдызды күн. Күн тізбесі белгіленді. «Отан» 15 желтоқсан республика бойынша аталып өтеді, Бірақ біз 12 желтоқсанда өткізіп жатырмыз. Бұл күн Тәуелсіздіктің мұраттары мен құндылықтарына арналады. Қазақстан Тәуелсіздігінің орнығуына ерекше үлес қосқан қайраткерлерге құрмет көрсету салтанатты рәсімі мен Тәуелсіздік мерейтойына арналған салтанатты жиындар барлық жерде өтеді. Тәуелсіздігіміздің құндылықтары тақырыбымызды бүгін бекітіп, қорытындыладық.

Бүгін балалар, өз білімдеріңізді сарапқа салдыңыздар, біліктіліктеріңізді көрсеттіңдер. Ендігі сөз кезегін әділ - қазыларға береміз.
Сіздерді өз елін шын сүйетін, оның дамуы мен көркеюі жолында қызмет ететін нағыз патриоттар болады деп сенемін.

Қазақтың салты бойынша шашумен сабағымызды аяқтаймыз
Марапаттау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×