Сайтқа кіру Тіркелу

К. Табей «Ол ақын болар еді»

Пәні: Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: К. Табей «Ол ақын болар еді»
Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға мәтінді негізге ала отырып «Желтоқсан оқиғасының» тарихын, маңызын түсіндіру. Сол көтеріліске қатысқан күрескер жас Қайрат Рысқұлбековтың ерлігін, жақсы қасиеттерін үлгі тұту.
2. Дамытушылық: Балаларды байланыстырып, жүйелі мәнді сөйлеуге дағдыландыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың елі үшін құрбан болған батырларымыздың ерлігін дәріптеп, еліне жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып патриоттық тәрбие беру.
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру. БжС технологиясы
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
психологиялық дайындық
II Үй жұмысы ООМ - арқылы тексеріледі.
Көшбасшыға сөз беріледі.
Оқушылардың субъекті тәжірибесін өзектендіру. Үй тапсырмасын тексеру
- Мәтін кім жайында айтылған?(Рақымжан)
- Тапсырма орындалып жеңіс туы тігілген уақыт? (1945ж 6сағ 30мин 30сәуір мезгіл - кешкі уақыт)
- Ұлы отан соғысынан да неміс фашистерге қарсы шыққан қандай батырларды білдік? (Н. Әбдіров. Б. Бауыржан. Р. Қошқарбаев)
- Бұл батырларымыз не үшін күресті? Елді жаудан қорғау үшін ел тәуелсіздігін алу үшін.
- Бүгін де біз қандай елміз? Тәуелсіз елміз, тәуелсіз мемлекетпіз
- Ендеше тәуелсіздік жайлы не білеміз? 1986 ж желтоқсан оқиғасы
Ендеше экранға назар аударайық. Желтоқсан оқиғасынан үзінді көрсету
Не туралы болды? Не жайында көрдік?
Жаңа сабақ
Осы бейбітшілікті сендерге өз жанын аямай паш еткен қуанышты күннің шуағына куә болып ортақтаса алмай кеткен апаларымыз бен ағаларымыздың есімі мәңгі ел есінде сақталады. Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков туралы К. Табейдің Ол ақын болар ма еді?..... мәтінімен танысамыз.
Сабақтың мақсатын айту.
Авторы: Коммунар Табей 1956ж 5 мамырда Семей обл Аягөз ауданы Шолпан кеңшарында дүниеге келген. Заңгер мамандығын бітірген.
Қайрат Рысқұлбеков 1966 жылы 13 - наурызда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылында малшы әулетінде дүниеге келген. Қайрат 1973 - 1981 жылдары Шу ауданындағы Төле би ауылына орналасқан Сәду Шәкіров атындағы мектеп - интернатта оқып сегіз жылдық білім алды. Мектепте сабақты жақсы үлгеріп, кластан класқа емтихансыз көшіп отырды. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, мектептің бастауыш комсомол ұйымының хатшысы болды. 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның бас тізгіні қайдағы біреуге тапсырылуына бейбіт наразылық білдірген жастар мен студенттерге қосылып, Орталық алаңға шығып, шеруге қатысты.
Мәтін бойынша қысқаша түсінік беру.
Тірек сөздер: Пешене, рақым, абақты, желтоқсан, жүрексінбе, өсиет, өкініш.
Тірек сөздерді есте сақтау 30 секунд.
Дәптерге жазу. дәптер алмасу, тексеру. ООМ бойынша бағалау.
Екіншілік белгілеу. Есте сақтауға уақыт нормативі 7 - сөз - 30 сек
Ұғынуды ұйымдастыру
Оқушылар оқулықтың бір бет парағындағы мәтінді 4 минут ішінде оқып шығуы тиіс. Мұғалім олардың материалды оқыған білімдеріне қатысты сұрақ - жауап алатыны жайында ескертуі тиіс. 3 - 4 сыныптар мәтіннің бір бетіне 4 минут;
Түсінудің біріншілік тексеруі
Қарама - қарсы сұрақ қою
1. Ол тірі қалғанда ақын болар ма еді деп кімге арнап айтылған? (Қайрат Рысқұлбеков)
2. Қайрат дүниеге үйінің нешінші баласы болып келді? (Жетінші баланың үшіншісі)
3. Қайрат әскерден оралған соң қайда оқуға бармақшы болды? (Өнер ұяларының біріне)
4. Қайраттың әкесі мен анасының аты кім?(Әкесі Ноғайбай, анасы Дәметкен)
5. Әкесі мен анасы бас шайқап отырып нені естеріне алды? (Балалықпен айтып жүрген сөзі шығар дедік қой, қайдан білейік деді)
6. Ол тірі қалғанда ақын болар ма еді? Қандай өлең жолдарына сүйеніп айтты?(Күнәдан таза басым бар жиырма бірде жасым бар)
7. Осы өлең жолдарын Қайраттың қандай көңілкүйде болғанын білдіреді?(Пешенесіне жазылған азғана ғұмыры туралы, Қайраттың өмірге деген құштарлығы, жүрегінің соңғы лүпілі туралы айтылған)
8. Қайрат абақтыдағы күнделігіне не деп жазған? (Арман қудың ба, алдыңа қара, артына алаң болма! Өмірдің өткелін іздеп таптың ба, жүрексінбе, көзді жұм да қойып кет, белді шеш те кешіп өт)
9. Абақтыда жатқанда Қайраттың жасы нешеде болды? (21 жас)
10. Жиырма бір жасар жігіттің былай деп қалдырған өсиетінің себебі не?(Сірә қамшының сабындай қысқа ғұмырындағы көрген - білгендері көңіліне түйнегі болар)
11. Қайрат Рысқұлбеков қазақ халқына өз есімін қалай қалдырды? (Халқымыздың ұлттық батыры ретінде өз есімін ел жадына мәңгілік жазып кетті)
12. Желтоқсан оқиғасына қатысқан өз өмірлерін жастайынан қиған қазақтың қандай ұл - қыздарын білеміз? (Сабира, Ләззат, Ербол)
13. Қазақ өз елінің тәуелсіздігін қашан алды? (1991ж16 желтоқсан)
14. Тәуелсіздік бастамасы қай жылы болды? (1986ж 16 желтоқсан)
15. Мәтінің авторы кім?( Коммунар Табей)
16. Қазақ елі өз тәуелсіздігін алып қасиетті көк туымыз асқақтап желбіреген кездегі бір өкініш не? (Ол - азаттық үшін жан аямай алысқан сол боздақтардың бүгінгі бақытты сәтімізді көре алмауы)
17. «Ер есімі - ел есінде» дегенді қалай түсінесің? (Өткен өмірдегі адамдарымыздың істеген ерлік істері мәңгі халық есінде сақталады)
18. Қайрат Рысқұлбеков қай жылы, қай жерде дүниеге келген? (1966ж 13. 03 Жамбыл обл, Бірлік ауылы, Мойынқұм ауданы)
19.. Қайрат Рысқұлбековке абақтыға түсуіне қандай айып тағылды? (Савицкииді өлтірген деген жала жабылды)
20. Пешене деген сөздің мағынасын қалай түсінесің? (жазмыш, тағдыр)
21. Л. Асанова, Е. Сыпатаев, С. Мұхамбетжанқызы осы мәтінге қандай қатысы бар? (желтоқсан оқиғасының құрбандары)
22. Мәтіндегі ел басынан өткен қандай кезең туралы айтылған? (Желтоқсан оқиғасы
Үшіншілік белгілеу. Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.
Біріншілік бекітуді ұйымдастыру
Сыни сұрақ: жауап дұрыс болса ия дұрыс болмаса жоқ деп жауап береді
оған -,+ белгісі қойылады.
1. Ол тірі қалғанда ақын болар ма еді деп Ләззат Асановаға арнап айтылған?-
2. Қайрат дүниеге үйінің жетінші баланың үшіншісі баласы болып келді? +
3. Қайрат әскерден оралған соң дәрігерлік оқуға бармақшы болды? -
4. Әкесі Ноғайбай, анасы Дәметкен +
5. Әкесі мен анасы бас шайқап отырып балалықпен айтып жүрген сөзі шығар дедік қой, қайдан білейік деді де естеріне алды +
6. Елбең – елбең жүгірген, Ебелек отқа семірген
Арғымақ мінген жаратып, Ақ сауыт киген темірден.- осы өлең жолдарына сүйеніп Ол тірі қалғанда ақын болар ма деген еді –
7. Осы өлең жолдарында Күнәдан таза басым бар, жиырма бірде жасым бар, Қасқалдақтай қаным бар, Бозторғайдай жаным бар Қайраттың пешенесіне жазылған азғана ғұмыры өмірге деген құштарлығы, жүрегінің соңғы лүпілі, соңғы үміті айтылған +
8. Арман қудың ба, алдыңа қара, артына алаң болма! Өмірдің өткелін іздеп таптың ба, жүрексінбе, көзді жұм да қойып кет, белді шеш те кешіп өт деп жазды Қайрат абақтыдағы күнделігіне +
9. Абақтыда жатқанда Қайраттың жасы 20 - да болды -
10. Жиырма бір жасар жігіттің былай деп өсиет қалдыруына Сірә қамшының сабындай қысқа ғұмырындағы көрген - білгендері көңіліне түйнегі болар +
11.. Желтоқсан оқиғасында болып өз өмірін жастайынан жас өмірін жалау еткен қазақтың қайсар ұлы халқымыздың барлық батыры ретінде өз есімін ел жадына мәңгілік жазып кетті +
12. Желтоқсан оқиғасына қатысып өз өмірлерін М. Мәметова, Ә. Молдағалиева, Б, Момышұлы жастайынан қиған қазақтың ұл - қыздарымыз
13. Қазақ өз елінің тәуелсіздігін 1986ж алды - (1991 ж болды+)
14. Тәуелсіздік бастамасы 1996 ж - 1986 ж болды+
15. Мәтінің авторы Кәкімжан Қазыбаев -
16. Қазақ елі өз тәуелсіздігін алып қасиетті көк туымыз асқақтап желбіреген кездегі бір өкініш Ол - азаттық үшін жан аямай алысқан сол боздақтардың бүгінгі бақытты сәтімізді көре алмауы +
17. «Ер есімі - ел есінде» деген осы мәтінге қатысы бар +
18. Қайрат Рысқұлбеков қай жылы дүниеге келген 1965ж 13. 03 -
19.. Қайрат 1937 - 38 жылдары қазақ зиялылары кеңес үкіметінің қарсы үгіт насихат жүргізді деген айып тағылды -
20. Пешене деген сөз қуаныш, шуақты күндер деген мағына білдіреді -
21. Л. Асанова, Е. Сыпатаев, С. Мұхамбетжанқызы желтоқсан оқиғасына қатысып жастай өз өмірлерін қиған+
22. Мәтінде 1986 ж желтоқсан оқиғасына байланысты айтылған+
Тақырыптық сөздік қор: ТСҚ оқушылар түсінгендерін яғни мазмұнын жазып шығу, тексеру
Сөздік қор 38 норма сөзі.
Сыныптың материалды меңгеру деңгейі анықталады.
4 - 5 белгі - 5 ұпай, 3 белгі - 4 ұпай, 2 белгі - 3 ұпай, 1 белгі - 2 ұпай. Сапа нормативі оқушылардың 63% пайызды алуы тиіс.
Үйге тапсырма: 4 белгіден кем алған оқушылар үйге тапсырма алады.
Қорытынды: - Бүгінгі мәтіннен не түсіндік? Желтоқсан оқиғасы туралы білдік. Желтоқсан құрбандары кімдер екен.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×