Сайтқа кіру Тіркелу

Бастауыштан кейін қойылатын сызықша

Сабақтың тақырыбы: Бастауыштан кейін қойылатын сызықша.
Мақсаты:
- білімділік: оқушыларды тұрлаулы мүшелерді ажыратуға үйрету, сызықшаның бастауыштан кейін қойылатын жағдайлары туралы түсіндіру. Сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейте түсу, бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан жасалынғанын анықтауды үйрету;
- дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін, танымдық, есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін, тіл байлығын дамыту, көркем жазу дағдысын жетілдіру;
- тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, таза, сауатты жазуға, адамгершілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау, баяндау.
Көрнекіліктері: сызбалар, кестелер, үлестірмелі дидактикалық материалдар, слайд, бағалау парақшалары.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) сынып оқушыларымен сәлемдесу
ә) оқушыларды түгелдеу
б) сабаққа назарын аударту
в) сыныпты 4 топқа бөлу
І топ: Фонетика
ІІ топ: Лексика
ІІІ топ: Морфология
ІҮ топ: Синтаксис
ІІ. Өткенді еске түсіру. «Бәйге» ойыны.
“Фонетика” тобының сұрақтары:
1. Есімдік қандай сөз табы?
2. Сан есімнің мағыналық түрлері қанша?
3. “Пунктуация” сөзінің этимологиясы.
4. Байланысудың қанша тәсілі бар?
5. Бастауыш пен баяндауыштың сұрақтары.
“Лексика” тобының сұрақтары:
1. Шылау қандай сөз табы?
2. Сын есімнің мағыналық түрлері қанша?
3. Фонетика ғылымының зерттеу обьектісі.
4. Байланысудың қанша түрі бар?
5. Пысықтауыштың сұрақтары.
“Морфология” тобының сұрақтары:
1. Оқшау сөздерді ата.
2. Есімдіктің қанша түрі бар?
3. Көп нүкте қандай жағдайларда қойылады?
4. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлерін ата.
5. Толықтауыштың сұрақтарын ата.
“Синтаксис” тобының сұрақтары:
1. Сұраулы сөйлемнің жасалуына қарай түрлерін ата.
2. Етістіктің шақтарын қандай жұрнақтар жасайды?
3. Нүктенің қойылатын орындарын ата.
4. Төл сөз бен автор сөзіне байланысты қандай тыныс белгілері қойылады?
5. Анықтауыштың сұрақтары қандай?
ІІІ. «Қызықты сөзжұмбақ»
Әліпби реті бойынша орналастырып, жаңа сабақтың тақырыбын табады.
24, 37, 11, 37, 15, 34, 1 - (Сызықша)
ІҮ. Ереже қорыту.
Әр топқа әдеби шығармадан үзінді беріледі. Оқушылар қай әдеби шығармадан алынған үзінді екенін және шығарманың авторын табуы тиіс. Оқушылар топта ережелерін қорытып шығарады. Бастауыш пен баяндауыш қай сөз табынан екенін ажыратып айтуы тиіс.
1. Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос. (Қазыбек би, шешендік сөз)
2. - Әуелеп ұшқан алты қаз,
Етің – шекер, сорпаң – баз!
Атайын десем оғым аз
Қонар болсаң жануар,
Міне – майдан, міне – саз. («Қыз Жібек», лиро - эпостық жыр, ауыз әдебиеті)
3. Жай жүргенде, оны ешкім де елемейді. Ән салса, ол өзін - өзі ұмытады, әннің әуеніне төңкеріледі. Ол – тәтті үнге бола жаралған адам. («Әнші», Ж. Аймауытов)
4. Араның ауа сусылдатқан ызыңы тыйылып, енді шаңқ - шаңқ еткен тажал дауыс шыға бастады. Тасқа тигендей тайып кеткен балта бірде Қабасақалдың тобығына қадала жаздады. Оның бар ойы – шынарды түбінен шалу. («Жүз жылдық жара», Ш. Мұртаза)
5. Аянның асыға күтетін шағы – күн ұясына қонған шақ. Күн ұясына қонды дегенше - ақ жүзі жадырап: «Келіңдер, мен бүгін кешегіден де қызық ертегі айтып беремін», - деп еліктіре жөнеледі. («Жусан иісі», С. Мұратбеков)
Ү. Жаңа сабақты бекіту.
198 - жаттығу.
1. Мәтінді оқып шығу.
2. Жаттығу мәтіндері 4 бөлікке бөлініп беріледі
3. Сызықшалы сөйлемдер көшіріп жазылады
4. Сызықшаның қойылу себебі түсіндіріледі
5. «Абайды білемін бе?» ойтолғау
6. Мәтіннен тірек сөздерді тауып, синонимдік қатарын түзу.
а) Нақыл сөздер: «Кемеңгерлікті танудың үш жолы бар. Бірінші жолы – ойға салып пайымдау. Бұл – негізгі жол... Ал үшіншісі – тәжірибе жолы. Бұл – ең қиыны.» (Конфуций)
«Ақыл ісі – аңдау, қиял иесі – меңзеу, көңіл ісі – түю, толғау»
(А. Байтұрсынов)
ә) Тірек сөздер:
Жыршы – термеші.
Шежіре – тарих, ғұмырнама.
Данышпан – кемеңгер, ойшыл.
Тағылым – тәлім, өнеге.
199 - жаттығу. (Әр топқа 2 сөйлемнен)
1. Берілген сөйлемдерді қажет жеріне сызықша қойып, көшіріп жазу;
2. Сөйлемнен бастауыш пен баяндауышты табу;
3. Бастауыш пен баяндауыш қай сөз табынан екенін табу;
4. Берілген сөйлемдерден сөз тіркестерін шығару;
5. Сызықшаның қойылу себептерін ереже арқылы нақтылау;
6. Сөйлемнің құрылымына қарай түрлерін ажырату.
Бастауыш
Баяндауыш
Анықтауыш
Толықтауыш
Пысықтауыш
І топ - 1. Бақанас, Байқоңыр (з. е.) – бұл өңірдегі тобықтының ең үлкен өзені (з. е.). 2. Қыз - келіншек (з. е.) тербетіп тұрғанда (етіст.), жігіттің қарызы (з. е.) – ән салу (тұйық етіст.).
ІІ топ - 3. Орталарындағы үлкені (с. е.) – Базаралы (з. е.). 4. Арнап сөйлеген кісісі(з. е.) – Абай(з. е.).
ІІІ топ - 5. Оның аты(з. е.) – үлкен үміт(з. е.). 6. Қонағым (з. е.)– Біржан(з. е.).
ІҮ топ - 7. Ол(з. е.) – Тобықты көрмеген өнер иесі(з. е.). 8. Бұлардан басқа қонақтың бірі (есімд.) – ең жас қонақ (з. е.), Абайдың аса жақсы көретін баласы Мағауия (айқынд.).
ҮІ. Мақалдың жалғасын тауып жазу.
1. Жалғасын табу;
2. Бастауыш пен баяндауыштың астын сызу;
3. Бастауыштан кейін сызықшаның қойылуын түсіндіру;
4. Қай сөз табынан екенін айту;
5. Мақалдан сөздердің байланысу түрін көрсету;
6. Мақалдан кез келген сөздің орысша, ағылшынша баламасын айту.
І топ – Әке -.... (бала, ребенок, child)
Әке – асқар тау,
Ана – бауырындағы бұлақ,
Бала – жағасындағы құрақ.
ІІ топ – Бірінші байлық -.... (бірінші, первый, 1st)
Бірінші байлық – денсаулық,
Екінші байлық – ақ жаулық,
Үшінші байлық – он саулық.
ІІІ топ – Баланың... -.... (сүт, молоко, milk)
Баланың тілі – бал,
Ананың сүті – бал.
ІҮ топ – Дау мұраты -.... (Қыз, девушка, girl)
Дау мұраты – біту,
Жол мұраты – жету,
Қыз мұраты – кету.
ХІ. Үйге тапсырма
200 - жаттығу. (Деңгейлік тапсырмалар)
«А» - Бастауыштан кейін тиісті жеріне сызықша қойып, өлеңді көшіріп жаз.
«В» - Бастауыштан кейінгі сызықшаны қойып көшіріп, аралас буынды сөздерді тауып, буындардың араласып келу себебін айту, сөздерге ф/т жасау.
«С» - «А, В»+ түгелдей с/т жасау. 4 - сөйлемге м/т жасау.
ХІІ. Бағалау. (бағалау парақшалары арқылы)
Әр топтың жинаған ұпай сандарын есептеп, бағалау, жүлдегер топты мадақтау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жалаң және жайылма сөйлем

Жалаң және жайылма сөйлем

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №21 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Абитаева Айтолкын Алтынбековна...
Сөйлем мүшелері

Сөйлем мүшелері

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелерін қайталау. Сабақтың мақсаты. Білімділік: сөйлем мүшелерінен өткенді қайталау, еске түсіру, білімдерін пысықтау....
қазақ тілінен 9 сыныпқа арналған тест нұсқалары

қазақ тілінен 9 сыныпқа арналған тест нұсқалары

Алматы облысы, Райымбек ауданы, Кеген ауылы №2 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Шәріп Қарлығаш Әлімхатқызы...
Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері. Нүкте.

Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері. Нүкте.

СҚО, М. Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, №4 Булаев орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ысқақова Д.Ш....
Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілер. Нүкте

Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілер. Нүкте

СҚО, Мағжан Жұмабаев ауданы, №4 Булаев орта мектебі ІІ санатты қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Искакова Дамежан Шаймұранқыы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×