Сайтқа кіру Тіркелу

Тұйық етістік

Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың тұйық етістік туралы білім көзін толықтыруына жағдай тудыру.
Дамытушылық: оқушының іздену, есте сақтау, қажетті ақпаратты қорыта білуі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: тіл сабағындағы мақал - мәтелдерді, мысалдарды талдай отырып, білімділікке, адамгершілік қасиеттерге баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру.
Сабақтың байланысы: әдебиет, өмірмен байланыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: таблица, кеспелер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі - Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. А) Көсемше дегеніміз не? Ә) Көсемшенің жасалу жолдары қандай? Б) 273 - жаттығу. Берілген тіркестерден сөйлем құрап жаздыру.
1. Еркін дем алып, еркіндік туып тұр, масайрасып, анасы келгелі, кері қайтқалы, сағынады, таянбайды, аянбайды. 2. Төрт түлік мал, ауыл тақырыбына көсемше, есімшелерді қатыстырып, шағын шығарма жаздыру.
ІІІ. Жаңа сабақ
Тұйық етістік бір ғана – у жұрнағы арқылы жасалады. Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына жалғанады. Мысалы: бар - у, барғызба - у, ойла - у, ойна - у, қысқар - у, басқар - у, желбіре - у, көгер - у, кел - у, келме - у, келтірме - у, қуыл - у, қуыспа - у, т. б
Тұйық етістік әрі заттық, әрі қимылдық мағынада қолданылады. Оны мына төмендегі мысалдар арқылы дәлелдеймін.
Заттық мағынадағы сөйлемдер:
1. Көсеуді әперші (шоқты көсейтін құрал)
2. Сабаумен жүн сабайды.
3. Жасау – қызға жиналған дүние – мүлік.
4. Оюдың түр – түрімен таныстық.
Қимылдық мағынадағы сөйлемдер:
1. Отты көсеу керек.
2. Малды басқа сабауға болмайды.
3. Нағыз домбыраны шебер жасау керек.
4. Ұлттық нақышты ескере ою қажет.
Оқушыларға осы таблицадағы сөйлемдердің ішімдегі тұйық етістіктерді сұрақ қою арқылы олардың заттық мағынада немесе қимылдық мағынада тұрғандығын ажырата алатындарын ескертемін.
Тұйық етістік тікелей септеле де, тәуелдене де алады, бірақ жіктелмейді. Тұйық етістікке көптік жалғауы жалғанса, одан кейін тәуелдік жалғауы жалғанып қолданылады.
Сонымен, зат есімдерше түрленіп, қимылдың, іс - әрекеттің атын білдіретін етістіктің ерекше түрін тұйық етістік дейміз.
1. 274 - жаттығу. Тұйық етістіктерді теріп жаздырып, түбірі мен қосымшасын ажыратып жаздыру.
Сыйлама - у - шылық, сыйла - ма - у, ет - у, ашығ - у - ға, бер - у, сұра - у.
2. 275 - жаттығу. Көшіріп жаздырып, тұйық етістіктің астын сыздыру, сұрақ қойдыру.
Ауыл жанындағы суда жүрген құсты атуға, үркітуге болмайды. Халық жердің, судың, ауаның тазалығын сақтауды ежелден қадірлей білген, өсімдіктерді құрып кетуден сақтау үшін жиі - жиі қоныс аударып отырған. Ақыл – парасат күші – адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш. Өз мініңді көруден басқаның мінін көру оңай.
3. 277 - жаттығу. Мақалдарды оқытып, тұйық етістіктің қандай мағынада жұмсалып тұрғанын айтқызу.
Оқу түбі - тоқу.
Күле білу - өмір,
Күлдіре білу – өнер.
Күлкі болу – өлім.
Қызығу мен қызғану бірдей емес. Мақтау мен мақтану бірдей емес.
4. Тақтадағы таблицалардағы мына сөздерге әрі тұйық етістік ретінде, әрі зат есім ретінде қолданып, сөйлем құрату.
Егеу. Жабу. Басу. Оқу.
5. 278 - жаттығу. Берілген сөздерді буынға бөліп жаздыру.
А) Ашық буын дегеніміз не?
Ә) Тұйық буын дегеніміз не?
Б) Бітеу буын дегеніміз не?
Су, сау, жа - уын, ке - йу - а - на, қи - ю, бу - у, қа - бу, уа - қыт, сы - ю, тыр - на - уыш, ру - ха - ни, же - теу, у - ыс, у - ыл - ды - рық, жу - у, ба - ян - да, уыш, а - йу - ан, ту - ыс, у - лы, та - уыс, қа - уын.
IV. Сабақты қорытындылау. Сабақты бекіту сұрақтары:
А) Тұйық етістік дегеніміз не? Ә) Тұйық етістік қандай жұрнақ арқылы жасалады?
V. Оқушыларды бағалау.
VI. Үйге тапсырма: 279 - жаттығу.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×