Сайтқа кіру Тіркелу

Спорт шеберлері

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға «Спорт шеберлері» туралы мәлімет беру; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп, тиянақтау, грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пәнге қызығушылығын арттыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, ауызша сөйлеу, көру, қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой - өрісін кеңейту.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту,
Сабақтың әдісі: интерактивті оқыту, сұрақ - жауап, өзіндік ізденіс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, ойындар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушыларды түгелдеу
Ә) Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығы
Б) Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындық

ІІ. «Ұяшықты таңда» ойын арқылы өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау.
1. Спорттық ойындарды атап шық?
2. Етістік дегеніміз не?
3. Қандай ойындар ойлауға үйретеді?
4. Тиді, қозғайды, соғады, айналысады деген етістіктерді болымсыз түрге айналдырыңдар.
5. Саған қандай спорт түрлері ұнайды?
6. Қай ойын жылдамдыққа, ептілікке талап етеді?
ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық.
(Видео ҚР туы көтерілгенін қарау әнұранды орындау)

– Бейнеде біз кімді көрдік? (Илья Ильинді) - Илья Ильин кім? (олимпиада жеңімпазы) –
- Олимпиада жеңімпаздары кімдер болады? (Спорт шеберлері)
Мәтінмен жұмыс.
Қазақстанның спорт шеберлері.
Қазір Қазақстанда спорттың барлық түрі дамыған. Сондықтан спорттың көптеген түрлерінен әлемге танылған спортшылар аз емес. Мысалы, Ермахан Ибраимов шебер спортшы, бокстан бірнеше рет чемпион болған. Ермахан Ибраимов 2000 жылы Сиднейдегі Олимпиадада алтын жүлде алды. Денис Тен - мәнерлеп сырғанау спорт шебері. Жасы 20 - да. Ол Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері. Илья Ильин - белгілі зіл теміршілер арасындағы спорт шебері. 2012 жылы Лондондағы Олимпиада ойындарында алтын жүлдені иеленді. Осындай спорт шеберлері біздің елімізді бүкіл әлемге танытты.
Сөздікпен жұмыс:
шебер - мастер
барлық түрі - все виды
дамыған - развиты
танылған - признанный
мәнерлеп сырғанау - фигурное катание
зілтемірші - штангист
жүлдегері - призер
жүлде - медаль
әлем(- дік) – мировой
- Сөз тіркестерінің орысша жазылған сөздерді қазақшаға аудару
Все виды спорта развиты, әлемге признанный в мире, золотой призер, мастер спорта по фигурному катанию спорт шебері, известный штангист, получил золотую медаль, чемпион мира
Сызба бойынша сөз тіркестерді құрастыру.

спорттың
- Спорттың деген сөзі қай септікте тұр? (Ілік септікте)
- Ілік септіктегі сөз қай жалғаулы сөзбен байланысады?(т. ж. ІІІ ж.)
Сызба бойынша зат есім қандай сөздермен тіркесе алады?
чемпион
Берілген зат есіммен тіркесе алатын етістікті алып үш жаққа айналдырыңдар
спорт жүлде
Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Қазір Қазақстанда не дамыған?
2. Спорттың көптеген түрлерінен әлемге танылған спортшылар аз ба?
3. Ермахан Ибраимов кім?
4. Ермахан Ибраимов Сидней олимпиадасында қандай жүлде алды?
5. Денис Тен кім?
6. Денис Тен қай Олимпиадасының күміс жүлдегері?
7. Илья Ильин кім?
8. 2012 жылы Лондондағы Олимпиада ойындарында қандай жүлдені иеленді.

Жолдасыңыздың айтқанын қостамаңыз.
Үлгі: Қазір Қазақстанда спорттың барлық түрі дамыған емес. – Иә, қазір Қазақстанда спорттың барлық түрі дамыған.
Қазір Қазақстанда спорттың барлық түрі дамыған. Спорттың көптеген түрлерінен әлемге танылған спортшылар аз. Ермахан Ибраимов шебер спортшы, күрестен бірнеше рет чемпион болған.
Ермахан Ибраимов 2012 жылы Лондондағы Олимпиадада алтын жүлде алды. Денис Тен - жеңіл атлетиканың спорт шебері. Оның жасы 26 - да. Ол Афина Олимпиадасының күміс жүлдегері. Илья Ильин - белгілі мәнерлеп сырғанау арасындағы спорт шебері. 2000 жылы Сиднейдегі Олимпиада ойындарында күміс жүлдені иеленді.
Жолдасыңызбен сөйлесіңіз.
А.
Жолдасыңыздан қазақша сұраңыз. Жолдасыңыздың жауабын тексеріңіз.
1. Ты любишь спорт? 1. Иә, мен спортты ұнатамын.
2. Какие виды спорта развиты в Казахстане? 2. Қазақстанда барлық спорт түрлері дамыған.
3. Тебе какой вид спорта нравится? 3. Маған бокс, биатлон, мәнерлеп сырғанау спорт түрлері ұнайды.
4. Каких ты знаешь мастеров спорта? 4. Мен Ермахан Ибраимов, Ольга Шишигина, Серік Сапиев, Илья Ильин деген спорт шеберлерін білемін.
5. Где проходили Олимпийские игры? 5. Олимпиада ойындары Сиднейде, Афинада, Лондонда өтті.
Ә.
Жолдасыңыздың сұрағын тексеріңіз Қазақша жауап беріңіз
1. Сен спортты ұнатасың ба? 1. Я люблю спорт.
2. Қазақстанда қандай спорт түрлері дамыған? 2. В Казахстане развиты все виды спорта.

3. Саған спорттың қай түрі ұнайды? 3. Мне нравится бокс, хоккей, биатлон, фигурное катание.
4. Сен қандай спорт шеберлерін білесің? 4. Я знаю Ермахан Ибраимова, Ольгу Шишигину, Серика Сапиева, Илья Ильина.

5. Олимпиада ойындар қайда өтті? 5. Олимпиада проходила в Сиднее, в Афинах, в Лондане.
Топпен жұмыс. Мәтіннің мазмұның айтып беру.
- Ал енді, берілген жапсырма материалдарын дұрыс қолданып, тірек сызбаны құрастырып мәтіннің мазмұның айтып беруге дайындалыңдар.

- Кейбір оқушыларға қазақстанның спорт шеберлері туралы қосымша материал бойынша әзірленіп келу деген тапсырма берілді.

(Александр Винокуров, Серик Сапиев, Светлана Подабедова)

ІV. Сабақты қорытындылау.
Тест сұрақтарына жауап беру.
1. Қазір Қазақстанда спорттың қандай түрі дамыған?
А) кейбір
Ә) жеңіл атлетика
Б) барлық
2. Ермахан Ибраимов кім?
А) боксшы
Ә) хокейші
Б) шаңғышы
3. Ермахан Ибраимов Сидней Олимпиадасында қандай жүлде алды?
А) қола
Ә) алтын
Б) күміс
4. Денис Тен ненің спорт шебері?
А) жеңіл атлетика
Ә) күрес бойынша
Б) мәнерлеп сырғанау
5. Ол қандай олимпиаданың күміс жүлдегері?
А) Лондон
Ә) Сидней
Б) Афина
6. Илья Ильин кім?
А) боксшы
Ә) зілтемірші
Б) футболшы
7. Ол қай жылы Лондон Олимпиада ойындарында алтын жүлдеге иеленді?
А) 2000

Ә) 2004
Б) 2012
V. Үй тапсырма: 1. мәтінді әңгімелеу
2. жаңа сөздермен сөйлем құрастыру.
VI. Бағалау
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақстанның белгілі спортшылары. ШҚО белгілі спортшылары

Қазақстанның белгілі спортшылары. ШҚО белгілі спортшылары

Есімдік, Есімдік түрлерін пысықтау. Қазақстан спортшыларына қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну, арқылы коммуникативтік сөйлеу дағдыларын...
Ибраимов Ермахан Сағиұлы

Ибраимов Ермахан Сағиұлы

Ибраимов Ермахан Сағиұлы. 1972 жылдың 1 - қаңтарында Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданында (бұрынғы Луговой) дүниеге келген....
Дарабоз спорттық интеллектуалды сайыс

Дарабоз спорттық интеллектуалды сайыс

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу селосы “Бейнеу лицейі”ММ. I -санатты дене шынықтыру мұғалімі Гүлназ Әжібаева Айтжанқызы...
Спорт жеңімпаздары

Спорт жеңімпаздары

Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: етістің түрлерін, реттік сан есімнің жасалу жолдарын қалай меңгергендерін бақылау, мысалдар арқылы бекіту....
Менің сүйікті спортшым

Менің сүйікті спортшым

Қостанай облысы, Қостанай ауданы, №1 Затобол орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Б. Ә. Омарова...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×