Сайтқа кіру Тіркелу

Ұлттық тағамдар

Қазақ тілінен күнтізбелік - сабақ жоспары.
Мектептің әдістемелік тақырыбы: «Қазіргі сабақ – басты құзырлықтың қалыптасуы мен дамуына себеп болатын орта».
Әдістемелік бірлестіктің тақырыбы: «Мектеп моделінің тақырыбына сай шығармашылығы дамыған және білім деңгейі жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру».
Жеке әдістемелік тақырыбым: «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту».
Пән: қазақ тілі Сынып: 6 Өтілетін күні:
Тақырыбы: «Ұлттық тағамдар».
Мақсаты:
Білімділік мақсаты: ұлттық тағамдар туралы түсінік беру. Ұлттық тағамдар түрлерімен таныстыру. Грамматика бойынша етістік, зат есім, есімдіктерді ажырата білуге дағдыландыру.
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, тілін, шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: қазақ халқының салт - дәстүрлерін білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: слайд, мақалдар, видео.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың типі: білімді жинақтау, жүйелеу сабағы.
Сабақтың әдістері: өзіндік ізденіс, топтық жұмыс, мәнерлеп оқу, сұрақ - жауап, деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық жұмыс, жекелей, жұптық. әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Қолданған технологиялар: интерактивті, саралап - деңгейлеп оқыту.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Амандасу. Оқушыларды түгелдеу.
2. Кезекшімен сөйлесу:
- Қай жыл мезгілі?
- Ауа райы қандай?
- Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні? т. б.

Фонетикалық жаттығу:
Тән дыбыстарды қайталау: қ, ә, і, ң, ғ, ү, ұ, ө, һ
1. Ашық, тұйық, бітеу буын жаса (қо, ға, ғу, ға; ақ, оң, ағ; қақ, сақ...);
2. Буындардан сөздер құрастыру: қа.... қалам, қағаз, қара, қалың; ға...ғалым, ғарыш...;
3. Жаңылтпашты дұрыс, тез айттыруға жаттықтыру:
а) Тары ақта, Қапқа қақта.
ә) Шеше неше кесе сынды кеше?
ІІ. Үй жұмысын тексеру: 1. - Биыл біздің Тәуелсіздігімізге 20 жыл. Біз осы 20 жылдың ішінде көптеген жетістіктерге жеттік. Қазір біз бақытты өмір сүреміз. Олар соғыс кезіңде елді қорғап алған батыр, ержүрек Отандастарымыз, Қазақстандық батырларымыз.
Әрине солардың ішінде батыр қыздарымыз Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова. Олар кім? Қандай ерліктер жасады? (оқушылар өздері дайындап әкелген презентациялар арқылы әңгімелейді).
2. Әлия мен Мәншүкке арнап қазақтың ақын - жазушылары көптеген өлеңдер де шығарған. (өлеңді жатқа айтады).
ІІІ. Жаңа тақырыпқа түсу кезеңі: 1. Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
2. Мақсаттарымен таныстырып кету: Бүгін сабақта, балалар біз не білуіміз керек: ұлттық тағамдар туралы, еттің адамдарға тигізетін пайдасын, мәтіннің мазмұның, сөз таптарын, етістіктің райларын.
Игеруіміз керек: берілген сұрақтарға толық жауаппен жауап беру, қазақ тілінен орыс тіліне аудару, өз ойларыңды еркін жеткізу, сөз таптарын ажырату.
3. «Тамақтану» туралы сұхбат. (оқушылар оқулықтағы диалогты толықтырып өзара сөйлеседі).
Оқушыларға проблемалық сұрақ қойылады: - Деніміз сау болу үшін қалай тамақтануымыз керек? Осы сұраққа сабақта жұмыс істей отырып, соңында жауап береді.
ІІІ. Өткенді қайталау: - Әр халықтың өзіне тән ұлттық тағамдары бар. Қазақ халқы өздерінің ұлттық
тағамдарымен бай, танымал халық.
- Ұлттық тағамдарының қандай түрлерін білесіңдер? (кластер толтыру).

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×