Сайтқа кіру Тіркелу

Ә. Тәжібаев "Сырдария"

ІІІ деңгей
Сабақтың тақырыбы Әбділда Тәжібаев «Сырдария» өлеңі
Мақсаты 1. Жазушының өмірімен және шығармашылығымен таныстыру;
2. Өлеңнің идеялық - тақырыптық мәнін ашу;
3. Оқушының ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру, жеке тұлғаны дамыту, ақын тіліне деген көзқарасын білу, шығармашылық қабілетін дамыту арқылы туған жерді және табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу;

Күтілетін нәтижелер 1. Оқушылар бірлесе ынтымақпен жұмыс атқарып, өлеңнің мазмұнын меңгереді, біріге қорытынды жасайды.(барлығы)
2. Адам өміріне жарап жатқан өзеннің пайдасын біледі, туған өлкеге деген сүйіспеншілігі артып, оны қорғауға ат салысады; қоршаған ортаны таниды және ойын еркін жеткізеді.
3. Өзгелердің пікірін тыңдай отырып, шығармашылықпен жұмыстанады, тіл байлығын арттырады.
4. Өлеңге композициялық талдау жасайды.
5. Сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді.
Сабақ түрі Жаңа сабақ
Тапсырмалар Сұрақ - жауап(мәртебелі сұрақтар), деңгейлік тапсырмалар (АВС), «Толағай», «Әбділда Тәжібаев»суреті, жоспар бойынша жұмыстану; постер жасау, қорғау
Керекті жабдықтар Бетшелер, интербелсенді тақта, слайд, суреттер, «Толағай» және «Әбділда Тәжібаев» туралы бейнефильм, жоспар
Қолданылатын әдіс - тәсілдер Тренинг, топқа бөлу, ОЖТ: топтық жұмыс, постер қорғау; СТО: БЛУМ таксономиясы, АКТ: портрет, бейнефильм, «Соңғы сөзді маған қалдыр». Ой - пікір.
Рефлексия (бағалау)
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу, тренинг арқылы 3топқа бөлу
«Мен аспан әлемінің...» (айы, жұлдызы, күнімін)
2. Үй тапсырмасын тексеру:
Қ. Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» балладасы.
Ақын өмірі, шығармашылығы(слайд)
І топ. Мағынаны ажырату (композициялық құрылымы)

ІІ топ. Балладаның түйінді ойы не?
Баллада туралы айту.
ІІІ топ. Ақсақ Темір мен ақынға қандай баға берер едің?
3. Формативті бағалау
(смайлик арқылы) Оқушылар өткізілген тренинг бойынша 3 топқа бөлінеді. Мұғаліммен амандасады. Үй тапсырмасы бойынша әр топтан бір көшбасшы жауап береді. Қосымша мағлұматтар енгізуге болады.
Смайлик арқылы бағалау
І топ.(кубизм стратегиясы арқылы) балладаның композициялық құрылысына талдау жасады. Ақын өмірі мен шығармасына 1 оқушы мұқият жауап берді. Екінші оқушы оқиғаның басталуы, байланысы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешіміне жауап берді. Сол топ шығарманы АВС деңгейі бойынша білгендерін ортаға салды.
ІІ топ. Баллада туралы, кейіптеу туралы мағлұмат айта отырып, балладаның түйінді ойы не екендігі туралы мағлұмат берді.
ІІІ топ. Ақсақ Темір мен ақынға баға береді.
Формативті бағалау.
(смайлик арқылы)

Тұсау кесер Бейне фильм «Толағай»ертегісі үзінді
- кімнің бейнесі?
- нені байқадыңдар?
- кімнің шығармасы?
- тағы қандай шығармасын білесіңдер?
Ә. Тәжібаев туралы білетіндер ортаға салады.
«Толағай» ертегісінен үзіндіні жатқа айтады. «Толағай» бейнефильмін көре отырып мәртебелі сұрақтарға жауап береді. Өткен тақырыптан білетіндерін еске түсіріп, талдау жұмысын бірлесе атқарады.
Ә. Тәжібаев туралы төменгі сыныпта білетіндерін оқушылар ортаға салды. «Толағай» ертегісі бойынша үзіндіні жатқа айтады.
Негізгі бөлім Күннің жады жазылып, сабақтың жаңа тақырыбы, мақсаты айтылады.
Бейне фильм «Ә. Тәжібаев» туралы.
Оқушылар ақын өмірі туралы слайд әзірлеп, түсіндіреді.
«Сырдария» атты өлеңі.(презентация)
Жоспар:
Блум таксономиясы бойынша.(АКТ)
І. Білу: «Сыр елі - жыр елі»
ІІ. Түсіну: Өлеңнің тақырыбын ашу.
ІІІ. Қолдану: Өлеңнің идеясын ашу.
ІҮ. Талдау: Өлеңді құрылысына талдау
Ү. Жинақтау: Өлеңнің маңыздылығы.
ҮІ. Бағалау. (2 жұлдыз. 1 ұсыныс)
І. Кіріспе сөз
1. Әбділда Тәжібаевтың өмірі, шығармалары туралы қысқаша мәлімет (ассоциялық әдіс),(слайд, реферат) (реферат, слайд)
2. Картамен жұмыс.
Сырдарияны картадан көрсету.
Оқушыларға өлеңді мәнерлетіп оқытып, жалқы есімді тапқызу. (түртіп алу страт Таным дерек жұмысы жүргізіледі.
ІІ. Өлеңнің тақырыбын ашу.
1. Сырдария – бірік. сөз, жалқы зат есім
2. Картамен жұмыс.
Сырдарияны картадан көрсету.
2. «Сыр» сөз/син/мі. Адамның жан сыры.
3. «Дария» - үлкен өзен, кең арна. 4. Кітаппен жұмыс.
«Сырдария» өлеңін оқу, талдау)
Гейне, Рейн, Тарас, Днепр, Пушкин, Еділ.
5. Сөздікпен жұмыс (активстудия)
Гейне – неміс ақыны,
Рейн – Германиядағы өзен,
Тарас – Украин ақыны,
Днепр – Украинадағы өзен,
Пушкин – орыс ақыны,
Еділ (Волга) – Ресейдегі өзен.
ІІІ. Жуан - жіңішке сұрақ әдісімен өлеңнің идеясын ашу.
(тақтамен жұмыс) 1. Өлең тақырыбы не жайында? 2. Өлеңнің Сырдарияға арналуы қай жерден байқалады?
3. Ақын еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін қалай білдіреді? Оны қай жолдан байқауға болады?
4. «Ел анасы - менің анам» деген жолдардың мағынасын қалай түсінесіңдер?
5. Анаға ұқсас ұғымды қалай білдірген? 6. Лирика дегеніміз не? 7. Бұл өлең лириканың қай түріне жатады?
Постер қорғау
І топ. Сырдария экологиясы
ІІ топ. Өзен, су туралы мақал - мәтел, ырым - тыйым сөздер
ІІІ топ.«Су - тіршілік көзі» ой толғау
Бағалау (спикер арқылы)
ІҮ. Өлеңнің құрылысына, көркем тіліне талдау.
1. Кейіптеу сөзіне түсінік беру
2. Параллелизм сөзіне түсінік беру. 3. Өлеңді сатылай кешенді талдау.
1. Кейіптеу - табиғат құбылыстарын жандандырып, суреттеу
2. Параллелизм – көркем әдебиетте автор өзінің көңіл күйіне ұқсас жайларды, сол сияқты табиғат құбылыстарын қатар алып қолдану. Сол арқылы ой сезімін көрсетеді. 3. Сатылай кешенді талдау (активстуд)
1. Авторы - Ә. Тәжібаев (1909 - 1998)
2. Тақырыбы - Туған жер
3. Идеясы - Туған жерге деген
сүйіспеншілікті дәріптеу
4. Жанр түрі - Поэзия
5. Лирикасы - Табиғат
6. Шумақ - 9 шумақ
7. Тармақ - 36 (әр шумағы 4тармақ)
8. Бунақ - 2 бунақты тармақ
9. Буын - 7 - 8 буынды
10. Ұйқас түрі - Қара өлең ұйқас а, а, б, а; кезекті ұйқас а, б, в, б
Әдеби - теориялық ұғымдар:
Эпитет - Сұлу өзен, қарт ана, қадірлі ана.
Метафора - Ел анасы - менің анам.
Кейіптеу - Жасарыпсың қадірлі ана,
Ақ түспепті шашыңа.
Параллелизм - Неге маған жырламасқа,
Сырда туған елімді.
Ел анасы – менің анам,
Сырдың сұлу өзені
Ү. Өлеңнің маңыздылығы: Ақын өзінің туған жеріне, өзеніне, еліне деген сүйіспеншілігін бейнелеген.
ҮІ. Бағалау. «2 жұлдыз 1 ұсыныс»
Кері қайту
[tags]
Ілмек сөздер:
Ұқсас жаңалықтар:
Ш.Құдайбердиев «Адамдық борышың»

Ш.Құдайбердиев «Адамдық борышың»

Тақырыбы, айтар ойы жағынан Шәкәрімнің «Адамдық борышың» өлеңі Абайдың сендер білетін қай өлеңдеріне ұқсайды? («Әсемпаз болма әрнеге», «Ғылым таппай...
Қыс ата.  Ә.Тәжібаев

Қыс ата. Ә.Тәжібаев

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Л.Қылышев атындағы Шилі ОЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Досказиева Куланда Махмутовна...
Ә.Тәжібаев. Толағай әдеби ертегісі

Ә.Тәжібаев. Толағай әдеби ертегісі

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сарат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиетінің мұалімі Умбетова Гулзат Алтаевна...
А.Құнанбаев

А.Құнанбаев "Қыс"

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Ұлы ақын Абай атамыздың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беріп, оқушылардың білімін көтеру;...
Туған еліме. Туған жер

Туған еліме. Туған жер

Атырау қаласындағы №2 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Айтбаева Талиғат Садуатқызы Ана тілі. Сабақ тақырыбы: Туған еліме. С. Торайғыров....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×