Сайтқа кіру Тіркелу

Қайталау сабағы

Сабақтың тақырыбы: Қайталау сабағы
Сабақтың мақсаты: Шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылардың дыбыс, сөз, сөйлем туралы білімдерін тиянақтау; ауызекі сөйлеу, ақыл - ой, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Сабақтың нәтижелілігі: жыл бойына алған білімі ерекшеленеді, өзін тексереді, бірлескен топтық жұмыстар белсенділігі артады.
Пайдаланылатын көрнекі құралдар: оқулық, үлестірме қағаздар, флипчарт, маркер, интерактивті тақта.
Оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, әңгімелесі, тест сұрақтары, балама тест.
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Амандасу рәсімі:
- Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз.
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
ІІ. Топқа бөліну.
«ДЖИКСО - 1» әдісі арқылы (1, 2, 3) топқа бөлінеді.
ІІІ. Мақсат қою
ІҮ. Еске түсіру.
Оқушылар фонетика және лексика саласы бойынша еске түсіре отырып, ережелерді жазады. Ереже қоры 44 сөз болуы керек.
Ү. Тест құрастыру.
3 топ оқушылары дыбыс, сөз, сөйлем тақырыптары бойынша әрқайсысы 4 жауаптан тұратын 10 сұрақ дайындайды.
І топ – «Дыбыс»
ІІ топ – «Сөз»
ІІІ топ – «Сөйлем»
«Дыбыс» тақырыбына арналған тест
1. Қазақ әліпбиінде қанша дыбыс бар?
а) 37 ә) 42 б) 40 в) 36

2. Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстар саны қанша?
а) 42 ә) 25 б) 26 в) 30
3. Ұяң дауыссыздарды белгіле.
а) д, ж, н, ң ә) қ, к, ғ, г б) л, м, б, в в) ж, з, б, в
4. У – дыбысының дауыссыз түрін белгіле
а) журнал ә) қоңырау б) қуыршақ в) бару
5. Дауыссыз дыбыс түрлерін белгіле.
а) дауыссыз, қатаң ә) қатаң, дауысты
б) ұяң, үнді, дауысты в) қатаң, ұяң, үнді

6. В – қандай дыбыс?
а) дауыссыз, ұяң ә) дауыссыз, үнді
б) дауыссыз, қатаң в) дауысты, ашық

7. Нүкте орнына тиісті әріпті белгіле.
Биыл б... да... биік шықты.
а) й, и ә) ы, и б) а, й в) и, й

8. бірыңғай ұяң дауыссыз дыбыстан құралған сөз.
а) торғай ә) баға б) қазан в) теңіз

9. Ы – қандай дыбыс?
а) жуан дауысты дыбыс ә) үнді дауыссыз дыбыс
б) ұяң дауыссыз дыбыс в) жіңішке дауысты дыбыс

10. Қазақ тіліне тән дыбыстарды белгіле
а) ө, о, э, в, к, с, һ ә) м, н, ң, к, ч, ф, ұ
б) ә, ө, ү, ұ, і, қ, ғ в) ж, з, қ, л, м, н, о

«Сөз» тақырыбына арналған тест
1. Сөз тіркесі дегеніміз не?
а) Алдыңғы сөз соңғы сөзге бағына байланысқан екі не одан да көп сөздер
ә) қосымша
б) жалғау
в) алдыңғы сөз соңғы сөзге бағына байланыспайтын сөздер

2. Қыстырма сөз дегеніміз не?
а) сөйлем мүшесі болмайтын, бірақ сөйлемде айтылған ойға түрліше көзқарасын білдіреді
ә) сөйлем мүшесі
б) тұрлаулы мүше
в) сөйлемде бір сұраққа жауап береді

3. Қыстырма сөзді тап
а) кеше, бүгін ә) айтпақшы, әйтеуір
б) дара, күрделі в) терезе, есік

4. Күрделі сөз дегеніміз не?
а) екі немесе одан да көп түбірден жасалған сөз
ә) бір түбірден жасалған сөз
б) сын есім
в) сұраулы сөйлем

5. Сөйлемнен күрделі сөзді тап.
а) көшенің шамы жанып тұр
ә) мектепте ата - ана жиналысы болды
б) түн мөлшерін біле алмады
в) мен шошып кеттім

6. Біріккен сөзді тап.
а) темір ә) алма б) ақсақал в) ағаш

7. Қос сөз дегеніміз не?
а) екі сөздің қосарлану арқылы жасалған сөз ә) бір түбірден жасалған сөз
б) сөйлем мүшесі болмайтын сөз в) жай сөйлем

8. Қысқарған сөз дегеніміз не?
а) бір сөздің қайталануынан жасалған сөз
ә) бірнеше сөзден тұратын атаулар қысқармай атылуы
б) бірнеше сөзден тұратын атаулар қысқартылып айтылуы
в) қосымшадан жасалған зат есім

9. Мағынасы жуық сөздерді тап.
а) қырық түрлі ә) өжет, батыл б) бейнет, қар в) ұзын - қысқа

10. Қарсы мәндес сөзді тап.
а) бойшаң - ұзын ә) қалың - жұқа б) жаз - жазба в) жақсылық - қуаныш
«Сөйлем» тақырыбына арналған тест
1. Сызықша қойылатын сөйлемді анықта.
а) Дос жылатып айтады ә) Қобыз қазақ халқының музыка аспабы
б) Баталы құл арымас в) Еңбек етсең емерсің

2. Жалаң сөйлемді тап.
а) Ар алтынмен өлшенбейді ә) Шық түсті
б) Аңшы қақпан құрды в) Құсбегі бүркіт салды

3. Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлемді қандай сөйлем дейміз?
а) жалаң сөйлем ә) жайылма сөйлем
б) құрмалас сөйлем в) жай сөйлем

4. сызбасына сәйкес сөйлемді тап.
а) Батыр туса – ел ырысы, жаңбыр жауса – жер ырысы.
ә) Аспанды бұлт қаптады да, кеш ерте түсті.
б) Балалар далада ойнады.
в) Қар жауды.

5. Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді... дейміз.
а) тұрлаусыз мүше ә) сөйлем мүшелері
б) бастауыш в) баяндауыш

6. Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай неше түрге бөлінеді?
а) 1 ә) 2 б) 3 в) 4

7. Қысқарған сөзі бар сөйлемді тап.
а) Әуежайға «ТУ - 134» ұшағы келіп қонды.
ә) Ол бірнеше газет - журналға жазылды.
б) Гауһар шанасын сүйреп сыртқа шықты.
в) Дала суық сияқты.

8. Сөйлем тіл білімінің қай тарауында қарастырылады?
а) Фонетика ә) Лексика б) Морфология в) Синтаксис

9. Тыныс белгісі қай сөйлемде дұрыс қойылмаған?
а) – Неге келмедің? – деді. ә) – Ал, сен не қылып тұрсың, түс!
б) – Қап, әттеген - ай! в) – Мынау аз ғой тағы қоссаңшы!

10. Сөйлемде бір ғана сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада тұратын сөйлем мүшелерін... дейміз.
а) бірыңғай мүшелер ә) қыстырма сөздер
б) біріккен сөздер в) қос сөздер
Сұрақ дайындап болғаннан кейін әр топ оқушылары бірін - бірі тексереді.
ҮІ. Балама тест.
Жалпы 3 топқа балама тест жүргіземін.
Топ бойынша бағалаймын
Балама тест (иә, жоқ жауаптары арқылы)
1. Дауысты дыбыстың саны – 12 (иә)
2. Дауысты дыбыс өкпеден еш кедергісіз шығады (иә)
3. Дауыссыз дыбыстар 4 - ке бөлінеді (жоқ)
4. Дыбыс - сөздің ең кішкене бөлшегі (иә)
5. Лексика – тіл дыбыстарын зерттейтін сала (иә)
6. Сөздегі дыбыс өзгерсе, сөз мағынасы да өзгереді (иә)
7. Сөз мағынасына жұрнақ пен жалғау жататынына келісесіңдер ме? (жоқ)
8. Сөздер сөйлемдерден құралады (жоқ)
9. Сөйлем айтылуына қарай 3 - ке бөлінеді (иә)
10.«Нүкте» - лепті сөйлемнің тыныс белгісі (жоқ)
11. Жалаң сөйлем бастауыш, баяндауыш және тұрлаусыз мүшелерден құралады (жоқ)
12. Сөйлем мүшесі бір сөзден де, бірнеше сөзден де жасала береді (иә)
ҮІІ. Бағалау
Жиынтық бағалау
ҮІІІ. Рефлексия
«Жеміс ағашы» ойыны
Бүгінгі сабақты қорытындысында оқушылар сабақтан алған әсерлерін, ұсыныстарын алма және лимон жемістері арқылы бағаларын береді.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×