Сайтқа кіру Тіркелу

Ғ.Мүсірепов "Ұлпан" романы

Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсіреповтың «Ұлпан» романы
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың алдыңғы сабақтан алған білімін жинақтау, жаңа сабақ бойынша оқушыларды өз бетінше ізденіп, қажетті материалдармен танысуға бағыт беру, жазушы шығармашылығына шолу жасау, романның мазмұнын меңгерту.
2. Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, сөйлеу мәдениетін дамыту,
3. Оқушыларды адамдық рухани қасиеттерді қадірлеуге,
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: топтастыру, салыстыру, тест,
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың түрі:
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, назарларын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру: М. Әуезов «Абай жолы» романындағы абзал аналар бейнесі тест арқылы қорытындылау
1. «Абай жолы» романының тұтас төрт томы жарық көргенде қандай сыйлыққа ие болды?
А. КСРО Мемлекеттік сыйлығы
Б. Лениндік сыйлық
В. Сталиндік сыйлық
Г. Халықтық сыйлық
2. Роман - эпопея жазу үшін жазушы неше жыл еңбек етті?
А. 20
Б. 15
В. 30
Г. 10
3. Романда неше әйелдер образы суреттелген?
А. жүз елудей
Б. жүзге тарта
В. жетпістей
Г. екі жүздей
4. Ар - ожданы тап - таза иманнан құйылғандай мейірім - шапақатқа толы әжелердің үлгісі кімде?
А. Зере
Б. Ұлжан
В. Айғаным
Г. Тоғжан
5. Байсалды мінезімен, салқын қанды, сабырлы ақыл иесі атанған аналардың үлгісі кімде?
А. Зере
Б. Айғаным
В. Ұлжан
Г. Қаражан
6. «Сылдырлаған шолпысы әлдеқандай былдырлаған тілмен» суреттелген кім?
А. Керімбала
Б. Тоғжан
В. Шүкіман
Г. Үмітей
7. Абайдың әжесі Зеренің азан шақырып қойған есімі кім?
А. Тоқбала
Б. Тайбала
В. Мәкен
Г. Еркежан
8. Мәкен Абайға кім болып келеді?
А. ғашық болған қызы, кейін жары болған, шын аты Шүкіман
Б. Абайдың келіні, Әбдірахманның жары, шын аты Мағрипа
В. Жас қыз, бойжеткен, сауыққұмар, әнші
Г. жас қыз, Әмірдің сүйгені
9. Абайдың досы, ақын қыз, Абай Семейде істі болғанда кепілдікке алып, көмек қолын созған кім?
А. Керімбала
Б. Әйгерім
В. Салтанат
Г. Ділдә
10. «Абай жолы» эпопеясы дүние жүзі халықтарының неше тіліне аударылған?
А. 116
Б. 120
В. 130
Г. 140

3. Жаңа сабақ:
Мазмұндық талдау:
• Қалың Керей - Уақтың билігін қолында ұстаған - Есеней мен Артықбай батырдың достығы
• Жастайынан ерке өскен, бүгінде аңшы, құсбегі, жылқышы болып ат құлағында ойнап өскен батыр қыз – Ұлпан
• Ұлпанның Есенейге күйеуге шығуы
• Айналасы он - он бес жылда Ұлпан дүйім елді билейтін ақылды ана болады
• Қорлыққа шыдай алмаған – Ұлпан
• Ұлпанның қарғысына ұшыраған - Торсан
1. Бекіту: Шығарманы сатылай кешенді талдату:
 Шығарманың авторы. Ғ. Мүсірепов
 Шығарманың аты: «Ұлпан» романы
 Шығарманың тақырыбы: ХІХ ғасырда қазақ даласында болған тарихи шындықтар суреттеледі.
 Идеясы: қазақ әйелдерінің бойындағы парасаттылық пен көрегендікті, мейірімділік пен шыдамдылықты, жарына, еліне деген сүйіспеншілікті, ұрпақ тәрбиесін бекем ұстанған асыл аналарды дәріптеген.
 Жанры: проза (роман)
 Шығарманы композициялық құрылымына қарай талдау.
2. Үйге: «Ұлпан - аналардың анасы» атты тақырып төңірегінде дайындалу (Ұлпан бейнесі)
3. Бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×