Сайтқа кіру Тіркелу

Дауыссыз дыбыстар

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар
Сабақтың мақсаты: оқушыларға жаттығу жұмыстары мен қосымша мәліметтер беру арқылы дауыссыз дыбыстардың жасалу жолын жан - жақты меңгерту.
Күтілетін нәтиже:
1. Дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың айырмашылығы мен ерекшелігін ажырата алады.
2. Дауыссыз дыбыстардың жасалу жолын меңгереді.
3. Жаттығу жұмыстарын орындау кезінде дауыссыз дыбыстарды еркін таба алады.
Қалай көрінеді:
1. «Ойлан, жұптас, талқыла» стратегиясы.
2. «ББҮ» стратегиясы.
3. «Венн» диаграммасы.
Сабақтың түрі: Ізденіс - танымдық сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, жаттығу жұмыстары.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте, үлестірмелі парақшалар.

Сабақтың барысы.
І. Қызығушылығын ояту.
«Ойлан, жұптас, талқыла» стратегиясы.
- Оқушыларға дауыссыз дыбыстар туралы білгендерін көршісімен пікірлесіп, бір - біріне айтып бөлісуге 2 мин. уақыт беремін.

ІІ. Мағынаны тану.
1) «ББҮ» стратегиясы.
Оқушылар ойланып болғаннан кейін, берілген кестені дәптерлеріне сызып, білемін, білгім келеді деп аталатын кесте бөлігін толтырады.
- Өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырайды.
- Айтқанда созылмайды т. б.
- Қанша дауыссыз дыбыс бар?
- Дауыссыз дыбыстар неден жасалады?

- Білгім келеді деген бөлікте жазылған сұрақтарды өз бетінше берілген мәтінді оқып отыру арқылы «Үйрендім» торшасына толтырады. 7 мин. уақыт беріледі.

Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз. Олар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, п, р, с, т, ф, х, ч, ш, щ, һ (у). Қазақ тілінде барлығы 25 дауыссыз дыбыс бар. Щ – дыбыс емес, әріп. Ол щ созылыңқы (қос) ш дыбысының таңбасы.
Дауыссыз дыбыстардың ерекшелігі:
1. Дауыссыздарды айтқанда, өкпеден шыққан ауа әйтеуір бір кедергіге ұшырайды.
2. Дауыссыздарды айтқанда, үн бәсең, солғын болады.
3. Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды.
4. Дауыссыз дыбыстарды айтқанда дауыс шымылдығы баяу дірілдейді.
Дауыссыз дыбыстарды айтқанда, өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығысып, салдыр пайда болады. Сондықтан дауыссыз дыбыстарда үн болмайды немесе өте аз болады.

2) Жаттығу жұмыстарын орындау.
261 - жаттығу (ауызша)
*Мәтінді оқып, дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратыңдар.

262 - жаттығу.
• Мына сөздерге көрсетілген жұп дауыссыздардың тиістісін жазыңдар.
263 - жаттығу. Мына жұмбақтардың шешуіндегі өзгешелікті түсіндіріңдер.

ІІІ. Толғаныс.
1) «Венн» диаграммасы.
2) Үйге тапсырма.
1. Дауыссыз дыбыстар туралы түсінік.
2. 270 - жаттығу.
3) Бағалау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×