Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Қазақ поэзиясының алып айсбергі

I - жүргізуші: Сөзің семсер, ойың орда бұзады.
Өзің едің өлең - жырдың қыраны,
Кітабыңды көрген сәтте сөреден
Желкілдеді көңілімнің құрағы

Көкпарыңды сиясы әлі кеппеген
Оқымақ боп қолыма алдым еппенен
Оқығанда атойлаған жырыңды
Жүзім жылып болып кетті от денем

II - жүргізуші: Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ ССР мемлекеттік Сыйлығының лауреаты, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері. Қазақстан Республикасының алғашқы Әнұраны мәтінінің авторларының бірі, ақын, жазушы, публицист, сыншы, драматург Қадыр Мырзалиев шығармашылығына арналған «Қазақ поэзиясының алып айсбергі» атты әдеби кешімізге қош келдіңіздер!

I - жүргізуші: Ақын – халық перзенті. Сезімі ұшқыр, ойы терең, әлеуметтік мүддесі биік, интелектуалдық қарымы кең, сөз патшалығының феномені атанған ақының өмірі мен шығармашылық жолын 11 «ә» класы баяндайды.
Баяндама оқылады.

II - жүргізуші: Туған елден бастапсың - ау жыр басын
Туған жырың сыр айтысар сырласың
Мен неліктен іркілемін жырламай
Асқар таудай алдында сіз тұрғасын

I - жүргізуші: Біздің халқымыздың Атамекені ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Туған жер дегенде қаны қызбайтын, жүрегі елжіремейтін адам баласы бола қоймас. Олай болса ақының туған жер тақырыбындағы поэзиясына кезек береміз.

3 оқушы өлең оқиды.
II - жүргізуші: Ән:

I - жүргізуші: От ішінде, Өрт ішінде жүргенде,
Басыңды име, тізе бүкпе именбе!
Ер еңкейсе еңкейеді жалғыз - ақ
Туған жердің топырағын сүйгенде – деген жолдарда «Туған жер» қасиетінің түсінігі адам тілінің жеткен Хантәңірісі ол патриоттық ұғымның поэзия тілімен берілген асқақ сәулесі, анық.
II - жүргізуші: «Табиғат» деген ұғым халық ұғымында «Туған жер» деген сөзбен мағыналас келеді. Сол табиғат тарылып, өзен – өзекке, теңіз – тұнбаға, орман – шыбыққа айналғанда ақын былайша шырқайды.
3 оқушы өлең оқиды.
II - жүргізуші: Ән:
I - жүргізуші: Тұрғанмен, ана, алшақта,
Ұмытпайды ұлың парызды,
Көңілім менің сен жақта
Компастың тілі тәрізді – ендігі кезекті ақынның «ана» тақырыбындағы поэзиясына береміз.

II - жүргізуші: Ән: «Асыл әжем»
I - жүргізуші: Махаббат тақырыбы – қай халықтың да есігіне еніп, терезесінен жарық болып түскен ортақ тақырып. Ал қазақтың Қадыры үшін ешқашан тақырыбын жоймас мәңгі тақырып. Оның қай кітабын алсаң да «Махаббат» деген ұғымның жаңа бір ұғымын танығандай боласың.

Қос қарашық мені көріп жанбаса
Бақыт деген бақыт емес далбаса,
Өмірді шын сүйем деген өтірік
Өле сүйген бір адамың болмаса.

II - жүргізуші: Жүрегіңе сен де ие, мен де ие,
Махаббатпен ойнама ол киелі!
Ғашықтықтың азабын тартқан жанды
Қатарына қосар ем әулиенің – деген ақын қаламы қызға емес өзіне ғашық қылғандай. Махаббат отына өртенгенін, суығына тоңғанын батыл айтса да байыптан аспаған.
Ендігі кезекті «Махаббат» тақырыбына береміз.
Нұрбол мен Ақтілек

I - жүргізуші: Ән:
II - жүргізуші: Адам деген ардақты атты қанаттыға қақтырмай, аяқтыға алдырмай әлдилеу – ақынның ғасыр алдындағы абыройлы ісі іспетті.
I - жүргізуші: Тереңнен тыныстап, ғұмырнамалық мұратын танытады. Әсіресе адамның ар - ождан төңірегіне топтастыра білген толғаулары кім - кімді де еріксіз ойландырады. Ендігі кезекті ақынның философиялық ойларына берейік.
2 оқушы
II - жүргізуші: Қазақ әдебиетіндегі жыр саңлақтары жүрек тұсымыздағы өлең иесі туралы не дейді екен.
II - жүргізуші: Ақынның 1томдық драмалық шығармаларына енген «Сақал саудасы», «Қасқыр қақпан», «Жаралы жолбарыс», «Әмір Темір», «Төле би» либреттасы бар.
Ендігі тамашалайтындарыңыз «Төле би» либреттасы.
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету