Сайтқа кіру Тіркелу

Дауыссыз дыбыстардың түрлері

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: дауыссыз дыбыстар туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту; фонетикалық талдау және жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар жүргізу арқылы оқушы білімін нығайту.
2. Тәрбиелік: адамгершілікке, елжандылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: дауыссыз дыбыстардың түрлерін ажырату және фонетикалық талдауды жасай білу дағдыларын қалыптастыру; деңгейлік тапсырмалар беру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: дәстүрлі Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, іздендіру, шығармашылық.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, оқулық, тақырыпқа байланысты кестелер мен үлестірме қағаздар.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1. Қызығушылығын ояту.
Балалар, сендер бастауыш сыныпта дауыссыз дыбыстардың түрлерімен таныстыңдар. Дауыссыз дыбыстар туралы не білесіңдер? Сол туралы білетін - деріңді жазыңдар.
2. Мағынаны таныту жұмыстары.
- «Қырағы болсаң байқап көр» айдарымен жұмыс.
1. Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?
2. Қазақ тілінде неше дауыссыз дыбыс бар?
Дауыссыз дыбыстардың жасалуын көрнекі құралдар арқылы түсіндіру. Ол үшін үш құмыраның суреті көрсетіледі. Олардың бірінде толы су, екіншісін - де орта су, үшіншісі де түбінен ғана су құйылған.
1. Су толы құмыраны ұрғанда, қандай дыбыс шығады?
2. Ал екінші құмыраны ұрған кезде, қандай дыбыс шығады?
3. Үшінші құмыраны ұрған кезде, қандай дыбыс шығады?
4. Үн неліктен әртүрлі болып шығады деп ойлайсыңдар?
5. Дауыссыз дыбыстарды неше түрге бөлуге болады?
6. Қатаң дауыссыз дыбыс дегеніміз не?
7. Ұяң дауыссыз дыбыс дегеніміз не?
8. Үнді дауыссыз деп нені айтамыз?
9. Дауыссыз дыбыстар нелердің әсерлерінен үш түрге бөлінді деп ойлай - сыңдар?
Құмыра толы су – қатаң, жартылай толы су – ұяң, түбінде ғана суы бар құмыра үнді дауыссыз дыбысты көрсетеді. Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай қатаң, ұяң, үнді болып үш түрге бөлінеді. Олар:

ТҮРЛЕРІ
ДАУЫССЫЗДАР

ҚАТАҢ
П, Ф, К, Қ, Т, С, Ш, Щ, Ч, Х, Ц, Һ.
ҰЯҢ
Б, В, Г, Ғ, Д, З, Ж.
ҮНДІ
Р, Л, Й, (У), М, Н, Ң.

Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар деп атаймыз.
Салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалған, бірақ үннен салдыры басым дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атаймыз.
Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан үні басым болатын дауыссыз дыбыстарды үнді дыбыстар деп атаймыз.

ІІІ - «Кітап – сенің ақылшың» айдарымен жұмыс.
3. Оқулықпен жұмыс:
* 264 - жаттығу. Дыбыстық талдау жасату. * Мәтіндегі ақыл мен ғылымның не дегенін айтыңдар.
265 – жаттығу.
• Берілген жұмбақтардың шешуі болатын дыбыстарға талдау жасаңдар.
• Өздерің осы тәрізді жұмбақтар шығарып көріңдер.

• 266 - жаттығу. (Ауызша)
• Үлестірме карточкаларды таратып беру.
4. Галереяға саяхат әдісі арқылы топпен жұмыс жүргізу. Табиғат туралы сурет бойынша мәтін құрастырып, 1 - 2 сөйлеміне дыбыстық талдау жасату.
5. Жеке оқушылармен жұмыс. Үлестірме карточка алған оқушылармен жұмыс жүргізу.

6. - «Білімді мыңды жығар» айдары бойынша:
Деңгейлік тапсырмалар.
І деңгей:
1. Қазақ тілінде қанша дауыссыз дыбыс бар?
2. Сөйлемдегі дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
Абай – өз заманының жаршысы. Оның шығармалары – сол заманның шежіресі. (Ж. Смағұлов)
ІІ деңгей:
1. Дауыссыз дыбыстардың дауысты дыбыстардан айырмашылығы неде?
2. Дауыссыз дыбыстар салдыр мен үннің қатысына қарай нешеге бөлінеді?
3. Сөйлемнен дауыссыз дыбыстарды тауып, оларға дыбыстық талдау жаса.
Атаның баласы болма, адамның баласы бол. (А)
ІІІ деңгей: 1. Жұп дауыссыздарды жаз және мысал келтір. 2. Қазақ тілінде қанша дыбыс, қанша әріп бар?
3. Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жаса.
Қою, қоян, аю, стиль, подъезд.
ІV Жаңа сабақты бекіту: Танымдық тапсырма
Кесте бойынша жұмыс
Сөйлем
Дауысты дыбыстар саны Дауыссыз дыбыстар саны Қатаң Ұяң Үнді
Жан қиналмай жұмыс бітпес. (М)
Көп оқыған көп білер. (М)
Ер дәулеті – еңбек. (М)
Ауылдың маңы – көкорай шалғын. (Ғ. Мұст.)
Сонымен, сендер бүгінгі сабақтан нені үйрендіңдер? Оқушылар жауабын тыңдау.
Олай болса,
1. Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не екен?
2. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
3. Қатаң дауыссыз деп нені айтамыз? Оның саны нешеу?
4. Ұяң дауыссыз деп нені айтамыз?
5. Үнді дауыссыз дыбыс дегеніміз не?
6. Дауыссыз дыбыстар буын құрай ала ма? Егер буын құрай алмаса, неліктен деп ойлайсың?
V Сабақты қорыту
VІ Баға қою.
VІІ Үйге тапсырма:
1. Дауыссыз дыбыстардың түрлері
2. 267 – жаттығу. Бірдей дыбыстардан басталатын сөйлемдер жазып келу. Үлгі: Таудың тамаша табиғатына тамсанып тұрмыз.
7. Рефлекция.
Балалар, бәріміз бірге «Шаттық» шеңберін жасайық. Олай болса, сабақ - тан алған әсерлеріңді, сабақтан ұнатқан сәттеріңді бір ауыз сөзбен айтыңдар.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×