Сайтқа кіру Тіркелу

Қалмақан Әбдіқадыров "Қажымұқан"

Сабақтың тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлы «Қалқаман - Мамыр» поэмасы
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: поэманың мазмұны негізінде Қалқаман - Мамыр бейнесін ашу. Қалқаман, Көкенай әрекетіне екі түрлі баға беру
Ә) Тәрбиелік: оқушыларды поэмадағы кейіпкердің жақсы мінез - құлық, орынды іс - әрекеттерін талдау арқылы адамгершілікке, мейірімділікке, қамқорлық жасауға баулу
Б) Дамытушылық: Оқушының ой еркіндігін, эстетикалық сезімін ояту, қысқаша мазмұндату арқылы тіл дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, ойын арқылы қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс ойын сабағы
Сабақтың әдісі: Мәтінмен жұмыс, сұрақ - жауап, пікір айту, топтық, жұптық жұмыс түрлері, «Алтын сақа» ойыны арқылы жырды талдау
Сабақтың көрнекілігі: Шәкәрім портреті, шығармалар жинағы, сұрақтар салынған конверт, асық, слайд
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушыларды түгендеу, оқу - құралдарын тексеру, өткен сабақта берген материалды сұрау
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру
Сабақтың жоспары:
1. Іздендіру бағытындағы жұмыстар (сұрақ - жауап, еске түсіру)
2. «Қалқаман - Мамыр» поэмасының мазмұнын талдау, жинақтау жұмыстары
а) шығарманың композициялық құрылысына талдау
ә) шығармаға аннотациялық талдау
б) көркемдік тіліне талдау
ІІІ. Жаңа сабақ
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Балалар, қазақ әдебиеті тарихында Абайдан кейінгі тұлғалы ақын атанған Шәкәрім өмірі, шығармашылығы туралы өткен сабағымызда толық танысқанбыз. Енді бүгін өздерің мазмұнымен танысып келіп отырған «Қалқаман - Мамыр» поэмасына толық талдау жұмыстарын жүргіземіз. Махаббаттың қос шынары – Қалқаман мен Мамыр болса, олардың ортасына тікен болып қадалушы батыр Көкенай образдарына екі жақты баға бере отырып, толық талдайтын боламыз.
Жыр желісі бойынша мынадай топтық, жұптық жұмыстар жүргіземіз. Сынып үш топқа бөлінеді.
І топ шығарманың композициялық құрылымына талдау жүргізеді.
Оқиғаның басталуы: Қалқаман мен Мамырдың алғашқы кездесуі
Оқиғаның байланысы: Қалқаман мен Мамырдың бірін - бірі ұнатуы, бастаңғы жасауы, сөз байласуы
Оқиғаның дамуы: Мамырдың айттырылуы
Оқиғаның шарықтау шегі: Екі жастың серттесіп қашуы, Мәмбетейлер мен Тобықты руының жанжалдасуы
Оқиғаның шешімі: Мамырдың аянышты өлімі, Қалқаманның елден кетуі
ІІ топ. Шығармаға аннотациялық талдау жасау. Бөлімдерге бөліп ат қою.
1. Кездесу
2. Бастаңғы
3. Тосын жағдай
4. Батыл шешім
5. Қатыгездік
ІІІ топ. Шығарманың көркемдік тіліне талдау
1. Диалог. Қалқаман мен Мамырдың әңгімесі
2. Баяндау. Қалқаман мен Мамырдың алғашқы кездескен сәті
3. Сондай - ақ жырда суреттеу, мінездеу, портрет кездеседі, оқушыларға жырдан тапқызу.
ІҮ: «Алтын сақа» ойыны
Ойынның шартымен, мақсатымен таныстыру
Табалдырықтың сұрағы.
1. Әнет баба, Мәмбетей, Кішік дегендеріміз кімдер? Жырда оларды қалай таныстырады?
2. Қалқаман мен Мамыр бір - біріне қалай туыс?
3. Бастаңғы дегеніміз қандай салт?
4. Той жасаған орта жүз ханы кім еді?
Табалдырықтың сұрағына жауап алу арқылы төрт ойыншымызды ортаға шақырамыз.
Ойынның шарты: Асық иіру арқылы ойынды бастаймыз. Қай ойыншымыздың асығы алшысынан түседі, сол ойыншы ойынды бірінші болып бастайды.
Алғашқы бөлім «Әудем жер» деп аталады
Ойыншылар өздері ұнатқан түстегі конвертті таңдап, сондағы сұрақтарға жауап береді.
1. Жылқыда жүрген Мамырға Қалқаман жұмбақ - мысал сияқты бір сөз айтады. Ол қандай сөз еді?
2. Орта жүз ханы Сәмеке не үшін той жасады? Жырда ол қалай баяндалған?
3. Мамырдың сауық кешінде айтқан жұмбақ өлеңінің сыры неде?
4. Қалқаманға Мамыр «Бүрсігүннен арғы күн болады алыс»,- деді?
Келесі асу «Қозыкөш». Асығы бүгінен түскен ойыншы келесі асуға өтпейді.
1. Орта жүзге үлгі болған ғұлама, би Әнет бабаның сол кездегі жасы нешеде еді?
2. Қалқаман мен Мамырды құтқару барысында Әнет баба әр түрлі амалдар ойлап табады. Ол қандай айла, әрекет?
3. Көкенай дегеніміз кім? Жырда оны қалай суреттейді?
«Беласарға» екі оқушы шығады.
1. Қалқаманды атамыз деп шешім қабылдаған сәтте қандай жүйрікке мінгізді?
2. Өлімнен аман қалған Қалқаманға ауыл бозбалалары ат шаптыртып, той жасайық дегенде Қалқаман не дейді?
«Жерұйық». Мыңнан жүйрік, жүзден тұлпар бір ойыншымыз шығып, өзіне тиесілі ұпайын алады.
Сұрақ: Көкенай Мамырды атқан кезде Мамыр оған қандай ақтық сөз айтады?
Ү. Пікір алысу.
Балалар, жыр бойынша біз көптеген жұмыстар жүргізіп, сәтті қадам жасадық. Енді кейіпкерлер тағдырына үңілейікші. Басты кейіпкерлер туралы өз пікірімізді ашық айтып, мынадай сұрақтар бойынша пікірталас ұйымдастырайық.
1. Қалқаман мен Мамырдың қосылғаны дұрыс па?
2. Көкенай әрекетін қалай бағалайсыңдар? Жырда оны батыр деп суретейді. Оның батырлығы жырда көріне ме?
3. Қалқаманның ел ортасынан кеткені дұрыс па?
ҮІ. Қорытынды сөз.
Иә, балалар, әрқайсысың өз пікірлеріңді дәлелдеп айтып шықтыңдар. Қалқаман мен Мамырдың қосылуы дұрыс, теріс деп кесіп айту қиын. Ол зама әйел затын қор еткен, бұғауда ұстап, малға сатқан. Заман сондықтан еркіндікке ұмтылған Қалқаман мен Мамыр жүрек қалауын мақсат ете білген, адал махаббатқа жүгіндіре білген. Шәкәрімнің де мақсаты сол. Ол да заманның қатаң қағидасына қарсы, наразы.
Бүгінгі сабақтан алар тәліміміз:
Ата салтын аттауға болмас,
Жүрек қалауын тастауға да болмас.
ҮІІ. Үй тапсырмасы: «Егер мен Қалқаман болсам...» шығарма
ҮІІІ. Оқушыларды бағалау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×