Сайтқа кіру Тіркелу

Орал қаласының мұражайларына саяхат

Сабақтың тақырыбы: Орал қаласының мұражайларына саяхат
Сабақтың мақсаты: Орал қаласында орналасқан мұражайлар туралы түсінікті қалыптастыру.
Міндеті:
Білімділік: Сөздер мен сөз тіркестерінің мәнін ұғуға үйрету.
Дамытушылық. сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
Тәрбиелік: оқылым, сөйлесім, жазылым дағдыларын дамыту.
Түрі: саяхат сабақ
Әдісі: Оқылым, сөйлесім, жазылым
Көрнекілігі: карта, фотосуреттер, компьютер, кестелер
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсрымасы
3. Жаңа сабақ
І. Кассадан сұрақ алу. Сұраққа дұрыс жауап берген оқушы мұражайға кіруге құқылы.
1. Әбілхан Қастеев кім?
(Ә. Қастеев – қазақ халқының атақты суретшісі, өнер қайтаркері. 20 мың суреттің авторы)
2. Суретшінің атақты еңбектерін ата.
(Суретшінің атақты еңбектері: «Медеу мұз айдыны», «Түрксіб», Абай, Амангелді, Жамбыл портреттері)
3. Ә Қастеев мұражайы қай жылы құрылды?
(Мұражай 1935 жылы құрылған.)
4. Бұл өнерді қайдан, кімнен үйрендің деген Хлудовтың сұрағына Әбілхан қалай жауап берді?
(Хлудовтың сұрағына Әбілхан былай жауап берді:
«Таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан,
Апамның киізінен,
Ешкінің мүйізінен»)
5. Мектебімізде мұражай бар ма? Онда нелер сақталған.
(Мектебімізде шағын мұражай бар. Онда Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысының ардагерлері, ауыл тарихы, мектеп өмірі туралы жалпы деректер сақталған)
ІІ. Сонымен, мұражайға кіруге барлығыңызда билет алдыңыздар. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Орал қаласының мұражайларына саяхат». Мақсатымыз: Орал қаласында орналасқан мұражайлар туралы мәлімет алу.
«ӨЗгеше бүгін Орал да,
Білмейді мұңды қыз әнін
Қалашық емес, зор қала –
Қаласы еркін музаның»- деп жерлес ақынымыз Жұбан Молдағалиев жырлағандай Орал жаңарған, өркендеген, өскен қала. Қаламызға көрік беретін демалыс орындарымен қатар көптеген мұражайлар бар. Олар: И. Пугачев атындағы, М. Мәметова атындағы, тарихи өлкетану, экологиялық мұражайлар. Бүгін біздер осы мұражайларға саяхат жасаймыз.
Оқылым, айтылым
Мәтінді оқыңыз, түсініңіз
М. Мәметова атындағы мемориалдық мұражайы. 1982 жылы 7 шілдеде Орал қаласында ашылған. Сарайшық және Қасым Аманжолов көшелерінің қиылысында орналасқан. Алты залдан тұрады. Сарайшық көшесіндегі 51 үй тарихи ескерткіш ретінде арнайы қамқорлыққа алынған. Онда Мәншүктің пайдалнған құралдары сақталған. 1930 жылы бұл үйде Мәметовтар отбасы тұрған. Оның алғашқы ұстазы В. Г. Зайцева мұражай қорына өте құнды экспонаттарды алғашқылардың бірі болып тапсырды.
Г. Сапуанова.
И. Пугачев мұражайы – тарихи ескерткіш. 18 ғасырда ағаштан салынған. 1773 - 1775 жылдары Жайық өңірінде болған шаруалар көтерілісінің қолбасшысы Е. И. Пугачевтың екінші әйелі У. Кузнецованың үйінде орналасқан. Мұнда Жайық казак - орыстарының үй тұрмысын бейнелейтін экспонаттар көрініске қойылған. Көтеріліс тарихына байланысты құжаттар мен суреттер, қару – жарақтар, Пугачевты тұтқындаған кезінде оны ұстаған темір тордың макеті сақталған.
С. Танабаева.
Орал қаласында орналасқан ең үлкен әрі қоры көп мұражай – тарихи өлкетану мұражайы. Ол Достық даңғылы бойында орналасқан. Мұражай 1980 жылы ашылған. Бұнда 19 ғасырдың тарихи және мәдени ескерткіштері қорғауға алынған. Сонымен бірге, Батыс Қазақстан өлкесінен қазба жұмыстары нәтежиесінде табылған заттар, әртүрлі қолжазбалар, халық арасыннан жиналған мұрағаттар сақталған.
ІІІ. Тілдесім
Мәтін бойынша сөйлесу
1. Телефон арқылы сөйлесіңіз
2. Автобус аялдамасындағы сөйлесім
3. Достар арасындағы сөйлесім
IY. Сөздік
Мұражай – музей
Өңір – край
Тұтқын – плен
Өлкетану – краеведение
Даңғыл – проспект
Мұрағат – архив
V. Оқыңыз, жаттығыңыз
1. Мәншүк Мәметова
2. Жайық өңірі
3. Тарихи өлкетану мұражайы
YI. Грамматикалық тақырып
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас. Сөйлемді жалғастырыңыз.
1. Абай үйге кіргенде,..........................
2. Тимур үйге келісімен,.......................
3. Орал қаласына келісімен,......................
YII. Орны ауысқан сөздер
1. Орналасқан, Е. Пугачев, Достық даңғылы, 35 үй
2. Отбасы, тұрған, Мәметовтар, үйде, бұл, 1930жыл
3. Алынған, 19 ғасырдың, ескерткіштері, қорғауға, тарихи және мәдени, бұнда.
YIII. Қорыту
1.Орал қаласы
2. Сөздік диктант. Кім неше сөз біледі?
ІХ. Үйге тапсырма. «Мұржайға саяхат» шағын әңгіме жазу.
Х. Бағалау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Шетелдік студенттер Есік мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - мұражайын тама ...

Шетелдік студенттер Есік мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - мұражайын тама ...

Бүгінгі жаһандану үдерісінде Қазақстанның мәдениет тарихында мұражайлар ерекше орын алады. Мұражайда көрсетілген мәліметтер мен заттар – тарих куәсі,...
Маңғыстау

Маңғыстау

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды орта мектебінің 10 - сынып оқушысы Мұратбеков Рауан...
Астана – бас қала

Астана – бас қала

Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Затобол №1 орта мектептің мұғалімі Малғажова Жайнагүл Сабарбекқызы...
Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі

Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ауылы, Жаңабұлақ ОЖББМ тарих пәні мұғалімі Молдашев Сансызбай Пауетденұлы...
Семей қаласы

Семей қаласы

Мұғалім: Садықова Динара Пердаузиқызы Сабақтың тақырыбы: Семей қаласы Сабақтың мақсаты: Білімділік: Семей қаласы туралы жан-жақты мағлұмат беру,...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×