Сайтқа кіру Тіркелу

Мұны әрбір қазақстандық білуі керек

Сабақтың тақырыбы: 10 cынып Мұны әрбір қазақстандық білуі керек.
Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының саяси - әкімшілік құрылымы – модулі бойынша алған білімдерін бекіту.
Тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру.
Қазақстандық патриотизм сезімін жетілдіріп, елжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
2. Кезекшімен әңгіме.
3. Фонетикалық талдау
Қазақстан болашағы - білімді ұрпақ.
/ Сөйлемге талдау жасау/
4. Үй тапсырмасын тексеру
а/Қазақстан неше аймаққа бөлінеді?
ә/Біз Қазақстанның қай жерінде тұрамыз?
б/Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?
в/Қазақстан қандай мемлекет?
Презентация «Қазақстан Республикасы»
Хижнякова К.
Гончарова Н.
Қазақстан астаналары туралы не білесіңдер?
Миронова Н - Астана
Шарова С - Алматы.
Біздің мемлекетіміздің саяси жүйесі қандай? презентация
Калымов Д пен Гарборов А таныстырады
Қазақстан көпұлтты, тәуелсіз мемлекет. Бірақ, әр мемлекеттің даму барысында мықтылықтары да, олқылылықтары да бар. Ал қазақ елінің қандай күшті жақтары, қандай олқы жақтары бар екен? Олқылықтардың орнын толықтыру үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
Берілген сызба қағазды толтыру. Жұптық жұмыс. Талқылау.
Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылуы үшін бірнеше бағдарламалар қабылданған. Олар қандай бағдарламалар екенін жеткізетін:
Бабина К. Мен Сагандыкова А.
Осы бағдарламалардың ең негізгісі қайсысы?
Шынында да 1997 жылы Елбасымыз Н. Назарбаев халыққа Жолдауында жария еткен
Еліміздің 2030 жылға дейінгі даму бағдарламасы.
Бұл бағдарлама неше негізгі басымдықтан тұрады? Шеслер Н. Мен Станиславский И. Айтып береді.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуында қандай 10 принципі бар екен?
Биғазықызы Әсел.
«Егер сендер дұрыс жолда болсаңдар да, қол қусырып отырсаңдар басқалар сендерден асып түседі»,- деген екен Годфрей. Ендеше мемлекетімізді жайнатып, гүлдендіру сендердің қолдарыңда екенін ұмытпағандарың жөн.
Рефлексия. Қорыта келе осы барлық бағдарламалар, жоспарлар, алға қойған мақсаттар не үшін керек екен? Біз мемлекетпен бірге не істеуіміз керек? Осы Қазақстан 2030 бағдарламасына сүйене отырып, мемлекеттің атқаратын қызметін, миссиясын атаңдар.
Тәуелсіз, Саяси тұрақты, гүлденген, халық бірлігі жарасқан, әлеуметтік әділетті, экономикалық дамыған мемлекет құру.
7 негізгі басымдықтар
1. Ұлттық қауіпсіздік
2. Ішкі саяси тұрақтылық және қоғам мүшелерінің ынтымақтастығы
3. Экономикалық өркендеу, ішкі сақтандырулар мен жоғары деңгейлі шетел инвестицияларын тарту негізінде ашық нарықтық экономика құру
4. Денсаулық, білім және халықтың саулығы.
5. Энергетикалық ресурстар
6. Инфрақұрылым, соның ішінде көлік пен байланыс
7. Кәсіптік мемлекет.
10 принциптері бар.
1. Экономикаға мемлекет тарапынан араласуды қысқарту
2. Макроэкономиканы орнықтыру
3. Бағаның ашықтығы
4. Жеке меншіктің орнығуы
5. Приватизация
6. Ашық экономика және сауда бостандығы
7. Сырттан кіріс кіргізу үшін табиғи ресурстарды өндіру.
8. Шетел инвестициясын қорғау
9. Елдің индустриалды - экономикалық жоспары
10. Өндірісті диверсификациялау.
Бағалау.
Балалар, Наурыз мерекесі қарсаңында қазір қолдарыңа мына қағазды алып, Қазақстанға, өздеріңе, қонақтарға қандай тілектерің бар, соны бір бір сөйлем түрінде, тіпті сурет түрінде де көрсетулеріңе болады.
Ал мына бірнеше жыр жолдары өздеріңізге арналады. Осы сабағымыздан алған тарту болсын.(құттықтау қағаздары таратылады)
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×