Сайтқа кіру Тіркелу

Зат есімнің жасалуына жаттығу жұмыстары

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жасалуына жаттығу жұмыстары
Мақсаты: Зат есім ұғымы туралы білімдерін тиянақтау.
Міндеттері.
Білімділік: Зат есімнің бөлінуі туралы білім қалыптастыру, теориялық білімін практикамен ұштастыру.
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілетін арттыру, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Өз бетінше жұмыс жасай білуге дағдыландыру, шапшаңдыққа, өз ойын дәлелдей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі (аралас)
Әдісі: талдау, сұрақ жауап
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, кезекші мәліметімен танысу.
Зымыран сұрақтар:
1. Зат есім деген не?
2. Зат есімнің қандай түрлері бар?
3. Туынды, күрделі зат есімдер қалай жасалады?
4. Деректі, дерексіз зат есім деген не?
«Қай қатар тез?»
Ойын шарты: әр қатардан бір - бір оқушы шығып, тақтаға зат есімнің түрлеріне мысалдар жазады.(деректі, дерексіз, туынды)
«Кім көп біледі?»
1. Екі - үш сөзден біріккен қандай жер - су, географиялық атауларды білесіңдер?
2. Екі - үш сөзден біріккен қандай ән, күй, аң, құс, жәндік атауларды білесіңдер?
3. Екі – үш сөзден біріккен қандай кісі аттарын білесіңдер?
Сөйлем құрау.
Астана, Кеңес Одағының батыры, Көкшетау, қолғанат, ата - ана, АҚШ, достық, жолдас.
А дыбысынан басталатын зат есімдерді қойылған сауалдарға сәйкес жазып шығу.
Сұрақтары:
1. Алфавиттегі бірінші әріп?
2. Тамақ сөзінің синонимі?
3. Әлемдегі ең ардақты жан?
4. Жеміс атауы?
5. Той жүргізуші?
6. Қазақстандағы тау атауы?
7. Әріптердің жиынтығы?
8. Туған жер сөзінің синонимі?
Тест
1. Зат есім дегеніміз не?
А) қимылды білдіреді
Б) заттың сынын білдіреді
В) заттың атын білдіреді
2. Көптік жалғаулы зат есімді тап
А) ағаштар
Б) оқушы
В) батыр
3. Туынды зат есімді тап?
А) тау
Б) қала
В) малшы
4. Жалқы есімді тап?
А) Алматы
Б) Журнал
В) Аға
5. Дерексіз зат есімді тап?
А) қалам
Б) кітап
В) ой
6. Зат есім тобын тап?
А) орман, тау
Б) үлкен, ащы
В) өседі, ұшады
Өлең үнтаспадан оқылады.
Тапсырмасы: Өлеңнен зат есімдерді тауып, теріп жазу.
Оқулықпен жұмыс.
Суреттегі екі балаға мінездеме беру. Қандай дерексіз зат есімдерді пайдаланғандарын айту.
125 - жаттығу. Мәтіннен туынды зат есімдерді тауып, олардың жасалу жолдарын айту.
Ойын сауық, салақтық, қорқақтық, әнші.
Зат есім
мағынасына қарай
Үйге тапсырма
126 - жаттығу. Туынды зат есімнің жасалу жолдарын түсіндіру. 5 зат есімі бар мақал - мәтел жазу.
Бағалау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×