Сайтқа кіру Тіркелу

Тілім менің-тірлігімнің жалғасы

Сабақтың тақырыбы: Тілім менің - тірлігімнің жалғасы
Сабақтың мақсаты:
а) Қазақ тілінің ұлт мәдениетінің негізі, рухани өзегі екенін жете түсінуге жан - жақты бағдар беру, ана тілінің қалыптасуы мен дамуына қызығушылықты өрістету;
ә) сұхбатқа шақыру, ой тастау әдісі арқылы оқушының тіл білімінің сын - сипатын танып - білуге деген ізденісін дамыту арқылы талдау, зерттеу - зерделеу дағдыларына бағдар беру;
б) ана тілдің адам өміріндегі, ұлт тағдырындағы орны мен маңызы жөніндегі азаматтық пікірін қалыптастыруына ықпал ету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі: үлестірме материалдар, суреттер, кесте - сызбалар
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, өнер, мәдениет
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сұхбатқа шақырар сұрақ арқылы оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Еліміздің ертеңі – сендер! Тіл тағдырының ұлт тағдырымен тығыз байланысты құдіретті күш екені жайлы ойланып көрдің бе?
Тіл – тұмар! Тұмар – халқымыз қастерлейтін киелі ұғым. Тіл – елдіктің туы! Туды жықпай, тек биікте желбірету керек. Осы бойтұмарды үкілеп болашаққа апару, ұрпақтар ісін жалғастыру дәстүрі саған да тән. Оған сен де үлес қосасың менің шәкіртім!
ә) «Еркін пікір алаңында» ой бөлісу:
Төмендегі Бауыржандай батыр бабамыздың сөзі туралы өз ойыңды айтып көрші. Сен бұл сөзге қандай дәлел қосар едің?
Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата - бабамызды, тарихымызды ұмыту.
Б. Момышұлы
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Ұсынылған ақпараттық мәтінді танысу барысында төмендегідей бағдарды ұстану:
• Біз ХХІ ғасырда өмір сүріп отырмыз.
• Қазақ тілінің бастауы, қалыптасу, даму кезеңіне назар аударар болсақ, тілдің де тағдыры адам тағдырымен үндес.
• Дүниежүзіндегі тулдер туралы дерек және олардың қызметі.
• Тіл – тарихи, мәдени құндылық.
• Халық өміріндегі тілдің мәні мен маңызы:
– бүкіл ғұмыры мен өмір - тіршілігінің куәгері, сырлас та мұңдас серігі;
– ұрпақтан ұрпаққа аманат ететін тарихы мен мәдениеті, өнерінің алтын кілті;
– қоғамның дамуын зерделеп, заман өзгерістерін саралап, бойына сіңіріп, өзіне таныс тілде сөйлете алатын қуатты күш;
– ұлт тағдырына мәңгілік ғұмыр сыйлайтын ғажайып құбылыс;
– тірі, жанды құбылыс – шебер суретші, шешен би, кемел дана, мейірімді ана, ойшыл баба, алтын қолды зергер, асыл ойлы ұстаз.
Жаңа сабақты түсіндіру мен білімді бекіту барысында төмендегідей бағытта ой тұжырымдау пікірін ортаға салуға ықпал ету:
Тілдің жасалуы, қалыптасуы мен дамуы.
Тілдегі сөздер, ой ішіндегі байланысы.
Тілдің танымдық, тағылымдық сипаты.
Тілге қатысты азаматтық парыз бен міндет.
Төмендегі сөздерді кеспе қағаздар арқылы таратып, әр оқушының пікірін тыңдау
«Жүздеген ғасырлардың тарихын тербеген дала төсінде өмір сүрген ата - бабаларымыздың көкірек сыры мен жүрегінің үнін жеткізген қасиетті аманаты – тіл. Баба аманатын киелі тұмар ретінде қастерлеп, ұрпақтан ұрпаққа жеткізген парасат иелерінен қабылдап алдық. Ал бізге күш берер киелі тұмар тұрғанда ұлттық мәдениетіміздің де туы биік, ұлтымыздың да ғұмыры мәңгілік бола береді.»
Жаттығумен жұмыс: 1, 2 - жаттығуларды орындап, тіл тақырыбында пікір қорытып, ой толғауға мүмкіндік тудыру.
1 - жаттығу. Теледидардан берілетін тіл туралы қандай бағдарламаларды білесіңдер? Өздеріңе ұнайтын телехабар жүргізушісі туралы пікірлеріңді жазбаша түрде даярлап, жолдастарыңа оқып беріңдер.
Жақсылық: Мен үнемі тіл туралы айтып жатқан пікірлерге құлақ түремін. Себебі өзім ақын жанды адам болғандықтан тіл тағдыры мені қатты толғандырады. Қазіргі тілдің алып отырған қоғамдағы орнына көңілім толмай қынжыламын.
Азамат: Мен қоғамдағы өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйрене бастағаны қуантады. Олардың іс - әрекеттері бізге де ой салуы керек деп ойлаймын. Өз ұлтымыздан шықса да намыссыз адамдарға ой салуы керек деп ойлаймын.
2 - жаттығу. Төмендегі дәйексөздермен танысыңдар, әр пікір төңірегінде ой толғаңдар.
Халық арасында не бір жаңа сөз, жаңа ұғымдар туып жатады, бұл – табиғи процесс. Солардың шала туғандары өліп, мезгілін біліп туған өміршеңдері қанаттанып, азаматтық сөздер қатарына қосылады. Құдайға шүкір, сөздік қоры жағынан қазақ тілі ешкімнен кем де, кедей де емес, әдебиетіміздің қаулап өсуінің бір себебі осында жатқан сияқты.
(М. Әуезов)
Менің анам жақсы десем, бұдан өзгенің анасы жаман деген ұғым тумақ емес, бұл өзгенің шамына тимейтін сөз болса керек.
Қазіргі қазақ тілі – небір керемет философиялық толғаныстарды да, күрделі терең ойларды да, қылдан нәзік, жібектен биязы, аяулы сезім тебіреністерін де емін - еркін әсерлі жеткізетін көсілмелі, кең құлашты көркем тіл, «толқынын жүрегіңнің хаттай танытар» ғажап тілдердің бірі. Бұған қазақ баласы мақтана алады.
(М. Әлімбаев)
Білімді бекіту: 3 - жаттығуды орындату арқылы жазбаша шығармашылық жұмыс жасауға бағыт беру.
Әр оқушы өз шығармашылық жұмысын ұсынады.
Мысалы. Өлең, эссе, мақала, т. б.
3 - жаттығу. Төмендегі дәйексөздерді эпиграф ретінде пайдаланып, «Туған тілім» немесе «Туған жерім» деген тақырыпта өлең, эссе, мақала, т. б жазыңдар.
Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде.
(Н. Назарбаев)
Туған жер – тұғырың,
Туған ел – қыдырың.
(Мақал)
Ой қорыту: өтілген тақырыпқа байланысты ой қорыту сұрақтары:
Бағалау: жазбаша және ауызша жұмыстар негізінде бағалау.
Үйге тапсырма:
1. «Ана тілдің тағдыры: бүгін және болашақта» деген тақырыпта қазақ тілінің қоғамдағы орны, қолданылуы, мәртебесі және болашақтағы мүмкіндіктері туралы қорытынды пікір жазу.

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Тана мырза ауылы
Хамитжанова Баян Рахымбекқызы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Үштілділік-заман талабы

Үштілділік-заман талабы

Мақсаты: Оқушыларды ана тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу. Тіл біздің ертеңіміз, бабалардан қалған мұра екенін түсіндіру. Елбасымыздың үштілділік...
Қазақ тіліндегі стильдер туралы

Қазақ тіліндегі стильдер туралы

Қазақ тіліндегі стильдер туралы түсінік бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру; Түрлі әдістерді пайдалана отырып, балаларды...
Мәңгілік ел – мәртебелі тіл

Мәңгілік ел – мәртебелі тіл

Мақсаты: қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін...
Ана тілім – бабам тілі, өз тілім

Ана тілім – бабам тілі, өз тілім

Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің мектепалды тобының тәрбиешісі: Маутова Злиха...
Тілім менің-тірлігімнің тірегі

Тілім менің-тірлігімнің тірегі

Қызылорда облысы, Арал қаласы №2 Облыстық арнаулы санаториялық мектеп интернатының тәрбиешісі Қалыбаева Нұрсулу Әлижанқызы. Тақырыбы: Тілім...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×