Сайтқа кіру Тіркелу

Өлімді жеңген ана

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Әңгімені оқып, талдау, өз ойларын айта білуге үйрету. Олардың психологиялық көңіл толғаныстарын байқау.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын, ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік: «Ана» деген сөзді терең ұғына білуге, сезінуге, оны құрметтеуге баулу.
Сабқтың әдісі: әңгімелеу, сұра - жауап, ассоциация, көрініс, эссе, блиц - турнир
Сабақтың түрі: аралас сабақ. (психологиялық ой - толғаныс)
Қолданылған көрнекілік: музыка, Темір хан ордасы, сюжетті сурет - плакаттар, ана туралы ойлар жазылған плакаттар, түрлі - түсті қағаздар.
Пәнаралық байланыс: тарих, география, психология
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат, сабаққа дайындық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 1. Сұрақ - жауап.
- Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
- Ғ. Мүсіреповтың «Өлімді жеңген ана» әңгімесін аяқтап, оқып келу.
- Балалар, жалпы Ғ. Мүсіреповтің шығармалаларының тақырыбы қандай?
- Ия, дұрыс, ана туралы.
- Балалар, біз өткен сабақта Ғ. Мүсіреповтың М. Горькийден аударған «Өлімді жеңген ана» атты әңгімесін оқып жатырмыз. Бүгін осы әңгімені қалай түсінгендеріңді, сендердің әңгімені оқығанда қандай сезімде болғандарыңды байқайық.
2. Блиц - турнир.
- Әңгіменің басты тақырыбы не?
- Ана махаббаты.
- Басты кейіпкерлер кімдер?
- Ақсақ Темір мен ана.
- Әңгіменің авторы кім?
- Ғабит Мүсірепов.
ІІІ. Жаңа сабақ. – Балалар, мына сюжетті суретке қарап отырып, әңгіме мазмұнын ашайық.
Сұрақ - жауап.
Ақсақ Темір кім?
Ол қанша жыл елді жаулап алған?
Оның жүрген жері қандай болған (сурет)
Елдің сүйегінен нелер салдырды?
Ақсақ Темір ажалға неліктен кектенді?
Ол қай жерде өліммен ұшырасты? (сурет)
Темір хан қай жерлерге шабуыл жасады?
Ақсақ Темір қайда серуендеуге шықты?
Ол нені көрді?
Самарқанды өртеуге неге әмір бермеді?
4. Оқулықтан Ақсақ Темірдің бейнесін суреттеген жерді тауып оқыңдар.
5. Мұғалім:
- Балалар, әңгіменің ішінде Әйел - ана туралы айтылған ойлар бар. Соны тауып оқыңдар. (Оқушылар әңгімеден тауып оқиды).
6. – Балалар, ІІ бөлімде Әйел - ананың құдіреттілігін, оный күші неде екенін оқыдық, соны қазір тағы бір рет мына көріністен көрейік.
ІV. Бекіту. 1 оқушы бөлімнің басын оқиды. Музыка ойнап тұрады. (Сюжетті сурет) Патша шатырының алдында халық ойыны басталды. «Өлімнің ордасы Темірдің қанды қабағын ашамыз» деп, күлдіргіштер лақтай секірді. Батыр, балуандар жер солқылдатып күрес салды.
Көрініс. (Оқушылар ойнайды)
Темір хан патша шатырында төрде отыр, қасында билер. Сырттан бір дауыс шығып жатыр. «Кіргізіңдер!»
Темір хан: - Шақырыңдаршы! – деп жекірді.
Нөкер: - Тақсыр, бір әйел келіп тұр, сізді көрем, - дейді. – Өзі арабша сөйлейді. Үсті - басы кір, шаң - шаң.
Темір: - Әкеліңдер!
Нөкерлер жалаң аяқ, шашы жалбыраған бір әйелді әкеледі.
Әйел кіріп келіп: - Баязит сұлтанды жеңген сен бе?!
Темір: - Ия, мен! Мен талайды жеңгем. Оны да жеңдім. Ал сен неге келдің?
Әйел: - Онда тыңда! Сен не істесең де адамсың. Ал мен – ана. Сен өлімге қызмет етесің, мен өмірге қызмет етемін. Сен өлім шашасың, мен өмір шашамын. Дүниеге адам әкелем, білдің бе?! Сондықтан мен сені адамға санамаймын да.
Темір: - Маған ешкімнің бағасы керек емес. Мен ешкіммен есептеспеймін. Жұмысыңды айт, әйел!
Әйел: - Онда тыңда, өлімнің егіншісі Темір. Сен менің алдымда күнәлісің. Менің алдымда күнәңді жусын деп келдім. Өйткені мен Ана! Сен өлім сепсең, мен дүниеге өмір себем. Сені Жеңем!
Темір ойланып: - Өзің отыршы, сені тыңдағым кеп барады.
Әйел кілемнің үстіне келіп отырды.
Әйел: - Мен Салерно деген жерден келдім. Ол алыста. Италияда. Менің жалғыз ұлым бар еді. Ол өте сұлу, ақылды болатын. Баязит сұлтан әскерімен әкем мен күйеуімді өлтіріп, баламды алып әкетті. Міне 4 жыл болды, баламды іздеп жүрмін. Естуімше, балам сенде, өйткені Баязит сұлтанды сен жаулап алғансың. Өзіме қайтар ұлымды! Ұлымның қайда екенін сен білесің!
Көпшілік: - Мынау жынды шығар. Не дейді?
Темір хан: - Әйел, сен алыс елден келдің. Жолда тау бар, теңіз бар, орман бар, одан қалай өттің? Әрі аң, құс бар. Олар саған тимеді ме? Олардан қорғану үшін қару керек. Сенде ол жоқ. Бұл жерге қалай жеттің?
Әйел: Мен бір - ақ теңізге ұшырадым. Онда арал көп екен, балықшы да көп екен. Балықшы болған соң, онда қайық бар. Теңізден қайықпен өттім. Сүйген ұлыңды іздесең, қайықпен де өтуге болады. Ал, тау дейсің, мен тауды байқағаным да жоқ, орман маған отыр бергеннен басқа тоқтау қылған жоқ!
Темір хан: - Ал аңдар ше?
Әйел: - Ия, олар кездесті. Сен сияқты өлім шашып тұратын барыс екі рет кездесті. Олар маған тек қарап тұрды. Мен олармен сенімен сөйлескендей сөйлесіп жүрдім. Олар менің ана екенімді түсінді. Аңның да баласын сүйетінін сен білмейтін бе едің?
Темір хан: - Солай, әйел! – басын изеп, - Аңдар адамнан гөрі өз баласын артық сүйеді. Ең қатты жауыздық адам баласынан шығады.
Әйел: - Адам деген бала ғой. Әр адамның баласы бар. Сен, шал білесің бе, сені де әйел тапты. Сен құдайдан бас тарта аласың, ал анадан бас тарта алмайсың? – Бер, баламды, қайтар өзіме. Өйткені мен анамын, баламды сүйем!
Темір: - Мен тәңір құлы Темірмін, тек тиісті сөзді ғана айтам! Мен көп жасқа келдім. Отыз жыл бойы қара жер табанымда ыңырсыды. Неге бүйтеді дейсің ғой. Мен патшамын. Патшаның патшалығы неғұрлым көп болса, соғұрлым оның өзі де ұлы патша. Мен патшалығымды кеңейте беруім керек. Әйтпесе мен қандай патшамын? Сондықтан мемлекетті басып алып, өзіме бағындырам. Бұл бір.
Екінші, өлім менің жалғыз ұлым Жәңгірді алып, жүрегімді сөндірді. Сондықтан өлімнің құрбандығына адам алып, кегімді алып жүрмін. Менімен патшалық үшін, ел үшін көп адам алысты. Ал адам үшін алысып көрген жоқ. Мен үшін адам кім? Менің алдымда неге тұрады? Мен оны білмеймін.
- Мен тәңір құлы Темірмін, тиісті сөзді ғана айтам! Менің алдымда әйел отыр. Бұл әйел бүгінге дейін білмеген сезімді қозғап, мені жеңіп барады. Бұл әйел менен өтінбейді – бұйырады. Бұл әйелдің неге мұнша күшті екенін түсіндім деп ойлаймын. Бұл - өмір иесі, бұл – ана, бұл ұлын сүйеді. Ұлын сүюі, ол өмірдің бір ұшқыны ғой. Сол ұшқыннан бірнеше ғасырдан кейін жалын туар. Мен жерге өлім ектім, қанмен жақсылап суардым. Қазір жердің майы сорғалап, қыртыстанып тұр. Осы жерге бақыт егетін адам керек шығар... ойланып.
- Мен тәңір құлы Темірмін, тиісті сөзді ғана айтам. Үш жүз салт әскер қазір жердің 4 бұрышын аралауға аттансын. Тапсын олар мына әйелдің ұлын! Әйел осында күте тұрады. Мұнымен бірге мен де күтем. Кімде - кім мұның ұлын атқа мінгізіп әкелсе, ол шын бақыттың дәмін татады. Солай ғой, әйел?
Әйел бетіне түскен шашын сілкіп:
- Солай! Осыны істе! – деп азырақ езу тартады.
Осы кезде Ақсақ Темір орнынан тұрып, әйелге басын иді.
V. Қорытынды.
- Балалар, Ананы қаһарлы Темірдің алдына әкеп тұрған қандай күш?
- Неге ол өлім себуші Азия барысынан қорықпады деп ойлайсыңдар?
- Талай мемлекетті жаншыған қаһарды Темір жалғыз анадан қалайша жеңілді? (оқушылар сұрақтарға жауап береді)
VІ. 1. Психологиялық тапсырма.
- Балалар, осы әңгімедегі «Темір хан» мен «Әйелге» психологиялық тұрғыдан ассоциация жасаңдар, әрі өз көңіл - күйлеріңді түрлі - түсті қағазбен белгілеңдер.
Өлім себеді
Өрт хан
Қанды өзен барыс
Сүйек өлімге қызмет етеді
Күнәлі қатыгез
мола жауыз
Әйелден жеңіледі
Баласын сүйеді
Ана батыл
Қорықпайды күшті
Ержүрек адам әкеледі
Ханды жеңеді өмір себеді, шашады
Өмірге қызмет етеді
Оқушылар әр жазған ассоциаларының тұсына түрлі - түсті қағаздар жапсырады (ақ, қара, қызыл, қоңыр - қызыл, жасыл, сары, сұр, қоңыр, көк т. б.).
2. Психологиялық тапсырма.
а) Осы тақырыпта «Ақсақ Темір»мен «Әйелге» өз қалауларыңша психологиялық эссе жазыңдар. (5 минут уақыт беріледі).
ә) Эсселерін 2 - 3 оқушыға оқыту.
VІІ. Үйге тапсырма. Ана туралы мақал - мәтелдер тауып, жаттап келу.
VІІІ. Бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 1
Пікір білдіру
Tuganai
  • Tuganai
  • 24 наурыз 2014 05:32
Сабақтың құрылымы,жүру барысы тартымды.Оқушыларға ой саларлықтай екен.Өрлей беріңіз!
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×