Сайтқа кіру Тіркелу

Тапқырлар мен білгірлер сайысы

Тапқырлар мен білгірлер сайысы
Мектепішілік іс - шара
Тақырыбы: « Менің Отаным - Қазақстан»
Мақсаты: Елге, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
I Сайысқа қатысушылармен бірге әнұранды тыңдау.
II Жүргізуші ойыншылардың бар зейінін өзіне аударып, ойынның басталағанын жариялайды, сұрақтарды мұқият тыңдап, қысқа да нұсқа жауап беруін талап етеді.
1 - Деңгей. Менің Отаным Қазақстан.
2 - Деңгей. Ұлттық өнер мен әдебиет.
3 - Деңгей. Елтану.
4 - Деңгей. Өнер алды - қызыл тіл.
5 - Деңгей. «Полиглот» ойыны.
1 деңгей. Менің Отаным Қазақстан.
1 ҚР қашан тәуелсіздік алды? 1991ж. 16/XII
2 Алматы қаласының іргетасы қашан қаланған? Ол қалай аталған? 1854ж. Верный
3 ҚР - да қанша халық тұрады? 15 млн - дай
4 «Алтын адам» қашан және қайдан табылды? 1970ж. Есік қорғаны
5 Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? Түркі тілдес қыпшақ тобы.
6 ҚР - да мемелекеттіқ тіл қай тіл? Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды? Қазақ тілі 1989ж.
7 Әбу Насыр әл Фараби қай жылы туды? «Фараб» сөзі неші білдіреді? «фар»-«аб» мол - су
8 Қазақ халқының ежелгі қалаларын ата? Тараз, Құмкент, Исифиджап Отырар, Сығанақ, Созақ
9 ҚР қай елдермен шекаралас? Ресей, Қытай, Монғолия, Қырғыстан, Өзбекстан
10 Қазақтың батырларын ата? Батырлар: Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек, Қарасай, Наурызбай.
2 - деңгей. Ұлттық өнер мен әдебиет.
1 Семейде қандай өнер ордалары бар? Абай атындағы драма театры
2 Қазақ халқының ең алғашқы суретшісі кім? Әбілхан Қастеев
3 «Қазақ бұлбұлы» атанған әнші кім? К. Байсеитова.
4 Күй атасы кім? Оның күйлерін ата? Құрманғазы «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа», «Қайран шешем».
5 Қазақтың ұлт аспаптары қандай? Қобыз, жетіген, домбыра, сазсырнай, асатаяқ, сыбызғы.
6 Ұлттық киімдер қалай аталады? Тақия, бешпент, камзол, сәукеле, тон, ішік, кимешек.
7 Қазақ алфавитін ғалым кім? А. Байтұрсынов.
3 - деңгей. Елтану
1 Киіз үй бөлшкетерін ата, олар неден жасалады? Шаңырақ, уық, кереге, есік, туырлық.
2 Қазақ халқының салт - дәстүрлерін ата. Шілдехана, бесіктой, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату.
3 Беташар қашан айтылады? Келін түскенде
4 Үйдің төріне кім отырады? Құдалар, ақсақалдар, қонақтар.
5 Ұлтық ойындарды ата? Қыз қуу, көкпар, бәйге, ақсүйек, асық, арқан тарту
6 Ұлттық тағамдар? Қымыз, шұбат, қаза - қарта, жал - жая.
7 Бата деген не? Оны кім береді? Тілек. Ақсақалдар, үлкен кісі береді.
8 Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? Тоқтар Әубәкіров.
9 Абайдың неше қара сөзі бар? 45
10 Қазақ хандарын және билерін ата Абылайхан, Әбілхайыр, Тәукехан, Кенесары.
4 - деңгей. Өнер алды - қызыл тіл.
Тапсырма: Мақалдарды толықтырыңдар.
Оқу, білім туралы мақалдар
1 - Оқу - инемен (құдық қазғандай)
2 - Күш (білімде)
3 - (Білімді) мыңды жығар.
(Білекті) бірді жығар.
4 - Ұлық болсаң, (кішік бол)
Отан туралы мақалдар.
1. Отансыз адам –(ормансыз бұлбұл).
2. Отан үшін (отқа түс), күймейсің.
3. Туған жер – (алтын бесік).
4. Өзге елде сұлтан болғанша, (өз елінде ұлтан бол).
Сөз, тіл туралы мақалдар.
1. Тіл – қылыштан (өткір).
2. Жақсы сөз – (жарым ырыс)
3. (Сөз сүйектен) өтеді.
4. Сөз тапқанға (қолқа жоқ)
4 - деңгей. «Полиглот» ойыны.
Жүргізуші сөздерді орыс тілінде айтады, ойыншылар қазақ тілінде, сосын ағылшын тілінде тақтаға аудармасын жазады. Әр командаға 5 сөзден беріледі. Сөздердің аудармасын қатесіз, анық айту керек.
Земля – жер
Знания – білім
Природа – табиғат
Ум – ақыл
Воздух – ауа
Пословица – мақал
Небо – аспан
Образование – білім алу
Родина – отан
Мудрость – даналық
ІІІ Қорытындылау.
Осы сайысқа белсенді қатысқан оқушыларды марапаттау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×