Сайтқа кіру Тіркелу

Ананың анасы

Қазақ әдебиеті
Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсіреповтың «Ананың анасы»әңгімесі бойынша талдау
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Әңгіме мазмұнын толық меңгере отырып, кейіпкерлер бейнесін ашу, жазушының суреттеу тіліне талдау жасау.
ә) тәрбиелік: Ананың бөбегіне деген киелі махаббатын ұғындыра отырып ананы құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілік ізгі қасиеттерге тәрбиелеу
б) дамытушылық: Оқушыны жеке жұмыс жасауға, ізденуге ойын анық еркін айта білуге үйрету.

Сабақтың түрі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, Венн диаграммасы, бес жол өлең, оқулықпен жұмыс.
Көрнекілігі: 1. Ғ.Мүсірепов портреті
2. Әңгіменің жоспары
3. Композиция

Сабақтың жүрісі:
I Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу, назарын сабаққа аудару.
II Үй тапсырмасын тексеру
1).Жоспар бойынша әңгіменің мазмұнын сұрау.
1.Әйтілестің әңгімесі
2.Жалпақ Ергенекті елінде
3.Қуғыншы ана
4.Бостандық. Ана сәлемі.

2). Сұрақ-жауап
1.Шығармада уақиға кімнің атынан әңгімеленеді?
2. Жалпақ батырды тізе бүктірген қандай күш?
3. Әңгіменің соңында Жалпақтың есінен танып құлауының себебі неде?
4. Әңгіме қандай шығармаға жатады?

III. Талдау жұмыстары.
1. –Сонымен, әңгіменің мазмұнын түсіну арқылы, оның бір-бірімен байланысты құрылған оқиғалардан тұратындығын білдік. Ендеше әңгімені құрылысына қарай талдайық.
- Шығарма құрылысы қандай бөлшектерден тұрады?
- Композиция – Экспозиция
Байланыс
Шиеленіс
Шарықтау шегі
Шешімі - деген бөлшектерден тұрады.

Экспозиция ------ Әйтілестің әңгімесі
Байланыс --------- Жалпақтың Ергенекті еліне аттануы, Қалың жылқы. Тұрақты қыз.
Шиеленіс -------- Жылқышының мерт болуы. Қуғыншы ана
Шарықтау шегі -------- Ананың сөзі. Кейкінің үкімі.
Шешімі ---------- Ана мен қызына бостандық берілуі

2. Шығармадағы басты кейіпкерлер бейнесін ашу.
а) Ана бейнесі суреттелетін тұсты таптырып, оқыту.
Ана – Сонар дегеннің қызы, он бес жасында бас бостандығынан айырылған, күңдікке берілген. Көргені қорлық, әділетсіздік. Он бес жасардың қызының артынан қорықпай, именбей қуып, өзінің құдіретті сөздерімен, батырларды тізеге бүктіріп, қызын аман есен алып, ауылына қайтады.
ә) Жалпақ - керей руының батыры, Ергеніктіден кегін алуға намыстана аттанады, алдын болжай біледі, даланың ессіз ері ананың сөзін адамгершілікпен түсініп, мейірімдік жасайды.

«Бес жол өлең» стратегиясы
1. Ана
2. Қайратты, батыл
3. Қорықпайды, именбейді, сүйеді
4. Шешеге қарап қыз өсер
5. Шеше

1. Жалпақ
2. Намысқой, мейірімді
3. Шайқасады
4. Жалпақ - адамгершілігін сақтаған адам
5. Батыр

б) Венн диаграммасы арқылы Жалпақ пен Кейкі бейнелерін алмастыру
Шығарманың тілдік ерекшеліктеріне талдау.
Әңгімені төрт бөлікке бөліп, әр топқа үзінді беріледі. Үзіндіден көркемдегіш құралдарды тауып, кестені толтыру.
Көркем тіл
Мысалдар
Портрет
Әйтілес - аппақ, ақ қарбас, соқыр балуан бармақты
Метафора – Қара таңба бір қара көрінді.
Эпитет – Кең өмір, сарғылт көңіл, жалпақ жаз, ескі күндер, қалың жылқы.

Теңдеу
Іркіт сабасындай, жауырыны қақпақтай, жұдырығы тоқпақтай, оқтаудай ойнау.т.с.с
Тұрақты тіркес
Ат құлағында ойнау, болат жүрек, көз салу, тірегі сыймау, қабаттан қан жауу.
Географиялық атаулар
Үркер, Шолпан
Антонимдер

Сұрақ-жауап, оң - сол өлі - тірі,ашу - жұму

Қорытынды
- Сонымен, балалар, біз бүгінгі сабағымызды Ғ. Мүсіреповтың «Ананың анасы» әңгімесі бойынша талдау жұмыстарын жүргіздік. Әңгімеде кейіпкерлер бейнесін ашып шығарманың тілдік ерекшеліктерін, жазушы қолданған айшықты сөздерді тауып талдадық.
- «Ананың анасы» Ғ. Мүсіреповтың ана тақырыбына арналған шығармашылығының бірі ғана. Бірі дейтініміз, Ғ. Мүсірепов аса қайратты, қуатты әйел тұлғасы «Ашынған ана», «Ер ана» , «Ананың арашасы», «Ақлима» сынды әңгімелерін де шебер суреттейді.
- Әлем сөз өнерінде үлкен орын алатын ананың атақты бейнесі жазушы шығармаларында ел рухының асқақтығын паш етіп, адамгершілікті қастерлейді.

Үйге тапсырма
1. Ғ. Мүсіреповтың ана тақырыбындағы басқа да әңгімелерін тауып оқып, қазіргі кезеңмен байланыстыра әңгімелеу.
2.«Ана бәйтерек, ана - аққу, ана - жүрек тақырыбына шығарма жазуға дайындық.
Бағалау.
Кері қайту
Ілмек сөздер: Ананың, анасы, Мүсірепов
Ұқсас жаңалықтар:
Нұрдәулет Ақыш “Нағыз әже қайда?” әңгімесі

Нұрдәулет Ақыш “Нағыз әже қайда?” әңгімесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 5 Т/А1 Тірек сөздермен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау...
Ғ.Мүсірепов

Ғ.Мүсірепов "Ананың анасы"

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Әңгіме мазмұнын толық меңгерте отырып, кейіпкерлер бейнесін ашу, жазушының тіл шеберлігіне талдау жасау. Өз...
Әміре-ән көгінің айнасы

Әміре-ән көгінің айнасы

“Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептің” қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қосақбаева...
Ғабит Мүсірепов

Ғабит Мүсірепов "Ананың анасы"

Қызылорда қаласы, "Казрис" негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Пірімова Әсем Әбдірахманқызы...

"Ғ. Мүсіреповтың «Ананың анасы» шығармасындағы «Менің атым - әйел» ана бей ...

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі КАРЖАУБАЕВ РУСЛАН...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×