Сайтқа кіру Тіркелу

Судың маңызы. Тіл дамыту сабағы

Сабақтың тақырыбы: Судың маңызы. Тіл дамыту сабағы.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Тақырып бойынша өзара сөйлесуге дағдыландыру.
Білімділік: қос сөздерді, демеулік шылаулардың жазылуын, қолдануын меңгерту.
Дамытушылық: сауатты жазу, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, өз ойларын, пікірлерін білдіре алатын деңгейге жеткізу.
Тәрбиелік: табиғатты, қоршаған ортаны сақтауға, үнемшілдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ - жауап, пікірталасу, ізденіс.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, үлестірме қағаздар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Оқушыларды сабаққа бейімдеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Тісті күту туралы әңгімелеу.
2. Қос сөздерді екі бағанға ажыратып жазыңдар.
Айта - айта, киім - кешек, ата - ана, бала - шаға, бетпе - бет, үйден - үйге, әзіл - сықақ,
ыдыс - аяқ, қора - қора, қысы - жазы.
Қайталама сөздер Қосарлама сөздер
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Сөздік жұмысы.
Жаңа сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру, мағыналарын түсіндіру.
2. Мәтінмен жұмыс. "Су - тіршілік көзі"
а) Мәтінді түсініп оқу, аудару.
ә) Мәтін бойынша «Мәтін бөліктері» ойыны.
Ойынның шарты:
Сынып 4 топқа бөлінеді. 1 - «кіріспе»; 2 – « негізгі»; 3 -«қорытынды»; 4 -«толықтыру». Мәтін бөліктерін әңгімелеуді ретімен бастаймыз. « Толықтыру» тобы әрбір топтан кейін сөз алады. Ойыннан соң, мәтінді тағы бір рет қарап шығып, берілген ақпаратпен салыстырамыз, қай топтың неғұрлым нақты айтқанын анықтаймыз.
б) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
- Сусыз тіршілік бар ма?
- Жер бетіндегі тұщы су көлемі қанша?
- Қай елдер ауыз суды сатып алады?
- Біріккен Ұлттар Ұйымының келешекке берген жорамалы қандай?
- Қазақстандағы су қоры қандай?
- Балқаш көлі туралы не айтылған?
- Арал теңізі мәселесі туралы не білесіңдер?
3. Қазақстан Республикасы бойынша өздерің білетін өзен, көл, теңіз аттарын жазып, төмендегі кестені толтырыңдар. ШҚОблысында қандай көлдер, өзендер, бұлақтар бар?
Теңіздер
Көлдер
Өзендер
Бұлақтар
Сарқырамалар
Су қоймалары
4. Мысалды рөлге бөліп оқу. (187 бет 1 - тапсырма.) Сонымен, балалар, адам өміріндегі судың маңыздылығы қандай? Өз пікірлерінді білдіріңдер.
(Пікірталасу)
5. Тақырып бойынша диалогті толықтырып, өзара сөйлесіңдер. (3 - тапсырма 187 бет)
ІҮ. Қорытындылау.
Берілген тірек сөздер бойынша адамның денсаулығына судың маңыздылығы туралы әңгімелеңдер. Қос сөздерді пайдаланыңдар (киім - кешек, ыдыс - аяқ, аяқ - қол, беті - қолын т. б.) 4 - тапсырма 188 бет.
Ү. Үй тапсырмасы: 2, 3 - тапсырмалар 187 бет
ҮІ. Бағалау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Өзен және көл. Суды қорғау

Өзен және көл. Суды қорғау

1. Су туралы алған ұғымдарын нақтылау, тереңдету. 2. Судың қасиетін, маңызын меңгерту. 3. Судың табиғаттағы тіршілік көзі екендігін түсіндіру....
Xайуанаттар бағында

Xайуанаттар бағында

Сабақтың мақсаты: хайуанаттар бағындағы жабайы аңдармен таныстыру, олар туралы қысқаша мәлімет беру, білімдерін молайту. Білімділік мақсаты:...
Спорт жеңімпаздары

Спорт жеңімпаздары

Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: етістің түрлерін, реттік сан есімнің жасалу жолдарын қалай меңгергендерін бақылау, мысалдар арқылы бекіту....
Хайуанаттар бағында

Хайуанаттар бағында

Сабақтың мақсаты: хайуанаттар бағындағы жабайы аңдармен таныстыру, олар туралы қысқаша мәлімет беру,білімдерін молайту. Білімділік мақсаты: сұраулық...
Табиғаттағы су айналымы

Табиғаттағы су айналымы

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №21 жалпы білім беретін орта мектебі КММ Бастауыш сынып мұғалімі: Сауытбаева Гульмира Серикбаевна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×