Сайтқа кіру Тіркелу

Көсемше

Көсемше
(қорытынды сабақ, модульдік тех. бойынша слайдымен)
Білімдік мақсаты: оқушыларға көсемшелердің жасалу жолы бойынша алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылық мақсаты: сөйлем талдау қабілетін, өткен тақырыптарды пысықтау;
Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды жылдамдыққа, өз пікірін айтуға, өздігінше еңбектенуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: қайталау сабақ
Сабақтың әдісі: талдау, сұраққа жауап, өз пікірін айту
Сабақтың көрнекілігі: «Көсемше» тақырыбына арналған слайдтағы материалдар
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Оқушыларды 4 топқа бөлу, әр топтан топ басшы сайлап өз тобындағы оқушыларды бағалау үшін бағалау парақшасын беру.
3. Оқушыларға берілетін әрбір тапсырма слайд және қағаз түрінде беріледі.
Слайд бойынша берілген сабақ жоспары көрсетілген

• 5 - сабақ
• Білім мен іскерлік дағдысын бекіту
• “Білім биржасы” (бекіту ойыны)
Қорытынды.
Білім биржасы

Әрбір тапсырмаға жазылған дайын дәптер берілген.
ІІІ деңгей
1. Көсемше дегеніміз не?
2. Көсемше мезгіл, мақсат, себеп, амалын білдіріп қандай сөз табында болады?
3. Көсемшеге жалғанбайтын жалғауларды атаңыз?

Дұрыс жауап
1. Негізгі қимыл, амалды және негізгі қимылды айқындайтын, қосымша қимылды білдіретін етістіктің түрі көсемше деп аталады.
2. Мезгіл, мақсат, себеп, амалын білдіріп үстеу болады.
3. Көптік, септік, тәуелдік жалғаулары жалғанбайды.

ІІ деңгей
1. Көсемше жұрнақтарын атаңыз?
- а,- е,- й
- ып,- іп,- п
- ғалы,- гелі,- қалы,- келі
2. Көсемше сөйлемдегі қызметіне қарай қандай сөйлем мүшелерінің қызметін атқарады?
Көсемше сөйлемде қызметіне қарай баяндауыш, пысықтауыш қызметінде жұмсалады.
Мысалы: Ол маңғаздана сөйлейді.
Ол тез сөйлейді.

3. Көсемше қандай жалғауды қабылдайды, мысал келтіріңіз?
Көсемше жіктік жалғауын қабылдайды.
Мысалы: Ол жалт қарапты

№189 орта мектептің
қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Сәрсенбаева Нұргүл

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Есімшенің түрленуі

Есімшенің түрленуі

Есімше – сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте жұмсалатын етістіктің ерекше түрі. Ол бірде жіктеліп, етістік қызметін атқарса, енді бірде...
Көсемшенің түрленуі ашық сабақ

Көсемшенің түрленуі ашық сабақ

Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға көсемшенің түрленуі туралы түсінік беру, білімдерін деңгейлік тапсырмалар орындату арқылы қалыптастыру....
Етістіктің сөйлемдегі қызметі

Етістіктің сөйлемдегі қызметі

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлмұратова Салтанат Қанайқызы...
Етістіктің сөйлемдегі қызметі

Етістіктің сөйлемдегі қызметі

Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, «Н. Нысанбайұлы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазақ тілі және әдебиеті...
Себеп-салдар салалас

Себеп-салдар салалас

СҚО, М. Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, №4 Булаев орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ысқақова Д.Ш....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×